Біз қазақпыз!(менен бір өлең)

Біз қазақпыз намысты еш бермеген
Бәйге болса тұлпарларды ерлеген
Біз қазақпыз сонау атам заманнан
Туы құлап жеңілуді білмеген.
Біз қазақпыз жарқыраған таңдағы
Көз тартатын шолпандайын сөнбеген.
Біз қазақпыз бірлігі мол бауырмал
Тас жүректік қауіпі еш төнбеген.
Біз қазақпыз шындық үшін шырылдар
Ақындары табылатын көмбеден.
Біз қазақпыз «құт» деп сыйлап қонағын
Сый сияпат көрсететін көрмеген.
Біз қазақпыз батырлықта үлгі алар
Түкті жүрек Абылайдай ерлерден.
Біз қазақпыз ақындықта үлгі алар
Абайға адам жоқ деумен тең келген.
Біз қазақпыз тыңдап өскен әжені
Ақылдары жүректерге дем берген.
Біз қазақпыз қариялар сөзінен
Надандығы біржолата емделген.
Біз қазақпыз көршілермен татумыз
Бөліп жармай барлығын да тең көрген
Біз қазақпыз саясаткер о бастан
Тату тұрар көрші жатқан елдермен.

Біз қазақпыз терең жайған тамырын
Қазақтықтың бағалай біл қадірін
Дінін ұстан, тілін білгін ұлтыңның
Қазақпын деп айту үшін әрбірің.
Шала қазақ болып кетпе өтінем
Құндылықты құртпашы шетінен
Әдет-ғұрып, салт дәстүрі ұлтыңның
Күйде болсын жүрегіңе бекіген.

2 пікір

mairosh
Керемет. алғаш мен жазайын)))))+1
qyrmyzy
жіләп жібердім…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.