Кешіккен көктем...

Кешіккен көктем...
Етек-жеңі жиылмай,
Жатып алды кыс мынау.
Көңіл күй де – бұйырмай,
Қоңыр күйге түстім-ау.

Қытымыр қыс тұр әлі,
Кірпігіне мұз қатып.
Ызғырық жел ұрады,
Тұла бойды сыздатып.

Бізге жеткен көктем жоқ,
Жеткенменен мезгілі.
Жырлағанмен көк тер боп,
Болмайды екен сөз құны.

Құстар… Хабар бермейді,
Кешігуде көктемім.
Күндіз… көргім келмейді,
Күнтізбенің беттерін.

Барып қайттым баққа мың,
Көктем іздеп көшеден.
Іздегенмен таппадым,
Оған куә осы өлең.

Бар бақытты… Биылғы,
Көктем алып келердей.
Көптен күткен сыйымды,
Көктен алып берердей…

Күтіп жүрмін мен оны,
Көңілге сол қуаныш.
… Жалықтырды себебі,
Жатып алған мына Қыс.
авторы — Қалқаман Сарин
***
Көктем келді дегенмен, ешқандай көктемнің әсері білінбейді. Ертең 22 наурыз болса да, далада қар… ызғарлы аяз әлі де кеткен жоқ… Қыс мезгілі онша ұнамайды. Мезгіл ғана емес, ішкі жан дүниемде де қыс болып жатқандай. Суық… ызғар… аяз… Көңілге қуаныш ұялап, көктем тезірек келсе екен… Өмірдегі де, жан дүниемдегі де көктемді асыға күтіп жүрмін. Шынымен де, Астанаға көктем кеш келеді екен ғой…

18 пікір

Manas
Бізде яғни Атырауда олай емес, көктем емес жаз шыққандай.
AKA
Аллаға шүкір, бақыттымын! Төрт мезгілдің қызығын өз уақытында көремін, ешқайсысы кешікпейді, ерте келмейді. :)))
Moldir_96
МашАллах! Сіз үшін қуаныштымын!)
Jako
Биылғы көктөм шынында да сағындырды-ау адамдарды.Бірақ бүгін Таразда 11градус жылы болды.
Moldir_96
Иә, сағындырып жатыр...Қоян жылы қоштасқысы келмейді-ау шамасы) Енді жылынады деген үміттемін)
Jako
Бүгін ұлым машинамен Астанадан Таразға шығып еді, жолда ауа райы қалай екен деп жаным шығып отырмын.
Moldir_96
Қар еріп жатыр… Ауа-райы құбылмалы, түсініксіз…
Уайымдамаңыз! Ұлыңыз аман-есен Таразға жетер, иншАллах! Алла жолын оңдасын!
Jako
Қалқаман тамаша ақын өлең ұнады, постыңа +1қойдым Мөлдір.
Moldir_96
Иә, шынымен де керемет ақын! Рахмет!
ardak1996
МЕНДЕ жақсы жаңалық бар… осы жылы ЖАҢАӨЗЕН қаласында қыс өте қатты, қаралы болды… Енді, міне! жадырап жайма шуақ көктемде келді! АЛЛАға мыңда бір шукір ауа-райы ғажап…
Moldir_96
Міне, керемет! Жаңаөзенге көшіп кетемін ғой дейм а?!
ardak1996
ііі келсеңші, құшақ жая қарсы аламын, АСТАНАНЫҢ суйкімді қызы Жаңаөзенде)
Moldir_96
Ниетіңе рахмет, сянім!) Менікі жай — қиял ғой)))
Korkem
Күшті, тамаша жазылған. Көңілдегіні дөп басып жазатынын қайтерсің, иә, ризамын саған Мөлдір! +1
Moldir_96
Рахмет! Аха, өте жақсы жазады Қалқаман ағамыз))
Ais_97
Астанаға көктем кеш келеді деп айтып отқаның дұрыс, сол көктем мезгілі бізді жақсылықтарымен қуантса игі, иншалла! Мөлдір рахмет жақсы жаздың саған +1!
Moldir_96
Әмин! Сізге рахмет, Айсара ханым! Иә, дұрыс айтасыз!:)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.