Шашы бұйра қызға

Қараңғы түн. Жаңбыр жауды қап-қатты,
Ол қыз онлайн. Әлі ұйқыға жатпапты.
Аватарда суреті тұр күлімдеп
Қылығы да жарасымды, тәп-тәтті.

Хат жіберіп, хаттар алып жатырмын.
Көп сөйлемдер… Дастандарға татыр мұң.
Статустар мың түрленді, өзгерді
Осылайша тағы бір таң атырдым.

Түні бойы жаңбыр жауды қап-қатты.
Қыз қоштасып, оффлайнға барады.
Терезеден далаға бір қарадым
Жаңбыр әлсін тоқтапты…

13 пікір

Jako
Садық мынауың жаңалық «виртуальді махаббатқа жазылған, виртуальді поэзия»-десем бола ма? Керемет!
AKA
Түүүһ, шабыт қайда десеңші…
Толқындай бұйра-бұйра шаштарың,
Иілген қара-қара қастарың,
Қай жерге қиып, қай жерге қиып тастадыыың.
Bek
Ай Садық керемет осыны сол «Бұира шашты қыз»-дын өзі оқыды ма!?))
ereke_enu
Кешегі көңіл-күйіңнің себепкері осы қыз болды ғо)))
Aidos
Керемет өлең! Дегенмен Шерімбек Садықтың сүрлеуі байқалмайды…
ardak1996
кеермет екен))) маған ұнады)
Korkem
Күшті! Кәне, қайсы қыз.....))
VVVWWW
Мынау өлең ғой!
mairosh
өйдәә керемет. Қай бақытты қыз екен. Суйтсе бүкіл қыздар шышн бұйралатқан ба)))))) қалжын
qyrmyzy
АКА бұйралатам деп жүрген, ық ық. Өткендегі қыз ба?
AKA
Ұжыс! Жазаласа, охх, қатал жазаласа © :)))) Мында да жазып үлгеріпсің ғой :)
qyrmyzy
Енд, не істідім, соны жаздым!Өтірік айтпаймын ғҮә!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.