Неге солай?

**Құдайым-ау, осы біздер бөтен болып кеткенбіз бе,
Алыстадықпа па аңсайтын, сағынатын шектен біз де.
Іздемейміз, сұрамаймыз көңілі бөтен жандардай,
Бір-бірімізді танымас хәлге жеткенбіз бе.

Құдайым-ау, кеше ғана жүрек ортақ, тән егіз,
Ажыраспастай жүруші едік осы біздер екеуміз.
Бүгінгі күн салқын тартты күзгі таңның шығындай,
Алдан күтер ауыр күнді біз білмеген екенбіз.

Енді міне қимасақта сол күндерді бір жүрген,
Сағынсақ та талай таңды бірге атырып бір күлген.
Жүрекке жара, тәнге салмақ салса дағы бір күні,
Ажырасатын сәт келерін, айтшы жаным кім білген.

Амал қанша өмір өзен өз қалпымен ағады,
Тәтті өмір елес болып сол қалпында қалады.
Ал екеуміз қимасақ та, сол бір тәтті күндерді,
Ағыс шіркін екеумізді алыстатып барады.… JAKO**

15 пікір

Bek
Ағасы жақсы! Кімге арналып еді бұл?
Jako
Ұмытып қалдым,қартайып келемін ғо.десемші(((((
AKA
Мәәә, керемет, ағасы! Міне, өлең, міне, поэзия!
Jako
Рахмет АКА!
Bek
Ай Ағатай жауап жартылай)) Қабылдаиын)))!
Jako
Рахмет! Негізі бір жақсы адамға арналған.
Delfina
Амал қанша өмір өзен өз қалпымен ағады,
Тәтті өмір елес болып сол қалпында қалады.
мен сол өзенге қарсы жүзсем қалай болады?)))))))))))
Jako
Ондай кайсар болсан, канекей…
Bagashar
bir olen-birb alem gooi
Jako
Бағашар, мен қарапайым құрылысшымын.Сенен бұндай сөз естігеніме қуаныштымын.
Bagashar
men de karapaiym adammyn goi,aga
Jako
Өлеңдеріңді оқып отырып сені жақсы ақын деп ойлаймын.
mairosh
Ура 2 ші тер айтыс болатын болды)))) 1шісің оқыдым. Айтпақшы ДЕльфина апай Өткен туылған күніңізбен
Delfina
Рахмет Майрош!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.