Рейтинг
+96.93

Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Бұл қауымдастықта қолданушылар өздерінің авторлық өлеңдерімен бөлісе алады.

КӨППЕН КӨРГЕН ҰЛЫ ТОЙ

Ұятсыздық, арсыздық, намыссыздық, Қараңғылық, соқырлық, жарықсыздық. Ақырзаман жақындап қалды ма екен? Жердің бетін қаптады парықсыздық. Заманның таныс болмай күйі бізге, Сенбей қалдық ертеңгі күнімізге. Мейірім де азайып бара жатыр, Зар болармыз бір күні жылы жүзге… Алдағандар. Сан соғып алданғандар, Сан соқтырып кеткенге малданғандар! Жүректегі иманын сатып кетті,...

Мемуаршы мұңы..

Бейтаныс ару… Сиқыр сұлу, сылқымым соны мүсін, Ұяңдықтың ұрлаған мол ырысын Жиырмаға жетпеген жас жігітке. Кезіктің бе, кербезім сорың үшін. Хор қызына айналдың сол кезде бір. Сүймесіне сендірді сонда өзгені ұл… Жымиғаның жарасып ақ жүзіңе. Кең көшені кезгендей кербез көңіл… Сәулесіне шомылып көмескі оттың, елегзіген көңілмен елесті өбтім… Қиялымның қанатын қатты...

Көктемгі хат

Көктем келіп гүлдей жайнап жүрмісің? Көктем келіп оралды ма жыл құсың? Көктем келіп сезіндің бе шуақты? Естідің бе күміс бұлақ күлкісін? Байқадың ба тізбектелген тырнаны? Естілді ме тыраулаған нұрлы әні? Көктем келіп оянды ма табиғат, Жасыл түске боянды ма қыр маңы? Байқадың ба дарақтың бүр жарғанын? Құлпырды ма, гүл ашты ма бауларың? Қолшатырмен көше кезіп жүрсің бе,...

Бiр кызга...

Арайланып нұрын шашқан күнімсің Исі аңқып жұпар шашқан гүлімсің Ыстық жүрек ыстық сезім тек саған Мәңгі жазар таусылмайтын жырымсың Зулай берсін уақыт мейлі тоқтамай Айта...

Омiрге талпыныс

Киындыкка шындалдым бала кезден, Бакытымды iздеумен дала кезген. Тагдырмен тайталастым, омiр сурiп, Молдiреп жаста токтiм кара козден. Кiтаптын ашылгандай сан парагы, Пышакка кескiленiп, жанда...

ПӘРУАРДИГАР

Ғашықтық жол саған бастар, Бір және Бар, Не қылсаң да ғашық қылшы, Пәруардигар. Қолым жайып дұға қылам, Ием Жаббар, Не қылсаң да ғашық қылшы, Пәруардигар. Ғашықтық – от. Басылмайды жанның шөлі, Ғашықтыққа бөгет емес таудың селі. Ғашық болмай танымаспын, Мәулім*, Сені, Не қылсаң да ғашық қылшы, Пәруардигар. Ғашық жыры сыймас Достың сарайына, Жүмілә ғашық жылап барар...

  • Kan

Елік-сезім

Еліктірді мені мөлдір, Елік-сезім сендегі… Еліктейін үркек пе едің? Жүрек жара мендегі… Жүрекке бір сезім сыйла, Басқасы бәрі далбаса Сезімнен соққан сыйлайын мен Арғымақ-сезім,...

Бауырларға

Бауырлар, ағайындар, туысқандар… Қара қазан өкпемен жұғысқандар… Тірліктегі дүниені мәңгілік деп Санай ма деп қорқамын, ұғынсаңдар! Тірліктегі бір жұтым, бір үзім нан… Алып шығар бір...