Рейтинг
+96.93

Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Бұл қауымдастықта қолданушылар өздерінің авторлық өлеңдерімен бөлісе алады.

Көкейімде жырлар жүреді жаңғырып...

Көкейімде жырлар жүреді жаңғырып… Көз ілмеймін таңдарды мен таңға ұрып… Көнемін де, көкейіме сенемін, Сенемін ғой, қалғаннан соң ұрынып… Жүрегімде жатыр менің ит ұлып… Бір жапырақ етке қалған мұң толып… Саламын мен жүрегіме мың құлып, Қалмасын деп үміттерім шын солып… Жанымды сен түсінбейсің, оу пенде! Жаныммен арпалысам мен де сендей! Жаратылғам пенде боп мен де...

Откен күн елестері.

Күнімнің қалай өткенін білмей түңілем. Тулаған жүрек, сезімді қалай сөндірем. Алданышпен өткен бір сұмдық күндерді. Сарапқа салып, ақылмен ғана көндігем. Өлеңім менің өзімді алдап жұбатар. Көңілге түскен сызатты бөліп сырласар. Қиналып кетіп, жылаған талай кезімде. Жан досым болып кетті ғой жанға мұңдасар Толқытып тағы апардың алыс жерлерге Өртеніш билеп, откізген...

ЖҰМБАҚ АДАМ

Сен кімсің? Кім боласың, жұмбақ адам? Құпиясың, бөтенсің мүлде маған. Соқпағыңнан адасқан пендесің-ау, Арылмай тағдыр салған мұң-жарадан. Адаммен адамдарша тіл қатпайсың, Жанарыңды көл қылмай құрғатқайсың. Қадіріңді жоғалтпа, ол да керек, Басқаларға өзіңді сыйлатқайсың. Ұқпадым, таң қалдырды паң мінезің, Табанға тапталмасын арлы сезім. Жан аяғы баспаған бір аралда,...

ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҰЯСЫ

Көңіліме шуақты ән себелеп, Ол кезде ататұғын таң керемет. Қарлығаштар іргеге ұя салып, Қиқулайтын ауланы әнге бөлеп. Қарсы алып қиқуымен, тамаша әнмен, Оянар алакөбе, ала таңмен. Қарлығашты қуалап жүретінмін, Ұстап ап, сипағым кеп алақанмен. Шапқылап, ойын қуып, қызық қуып, Бізден де шығатын ед бұзық қылық. Қайта-қайта соларға қарай берем, Қарлығаштың өмірі...

Жан анашым

Әлдилеген ақ бесікке олең айтып жұбатқан. Әрбір созін жан қызым деп, куліп тұрып куантқан. Жан анашым қарызыңды қалай гана отейін. Түн ұйқысын төртке бөліп, мені сүйіп оятқан. Жүрегіңіз согып тұрар мендегенде білемін. Жаралагым келмейді ғой, оның нәзік жүрегін. Жете алмайды ана деген асыл жанға ешбір жан. Жан тәніммен жан анашым, сізді жақсы көремін. Ұясы бар балапандай...

өмірдің мәнін кім білер...

Ай, қайдам, өмірдің мәнін кім білер? Сырына бойлай алмай да жүрмін күлерсің… Өткен күніңнің маңызы неде? Ал келер… Күніңнің мәнін тіпті де тіпті білмейсің… Ойланам кейде, осы сұрақ жегідей Миымды жейді түнімді менің түрткіштей… Ойымның барлық қатпарлары де сөгілгей… Жүрмін мен әттең бүтінделмей-ақ, бүтінделмей… Бір шипа болар азық іздейді қу жаным. Сөреден барып...

Мендегі күйік, мендегі қайғы түк те емес?!

Тұрарсың, бәлкім, бір күні қылып өтініш… Сұрарсың мүмкін мендегі сезім-теңізден… Ұғарсың сонда, Мендегі сезім құбылғыш… Ұнармын әлі-ақ, дәл қазір сезім шын керең… Құларсың мүмкін мендегі алау-күйікке, Жүректің желі желменен бірге желікпе! Шыдармын әлі, күтермін сені жырақта, Сендегі мұздар қарыса-дағы қаншама… Мендегі жалын басылмай қойды-ау жүректе… Мендегі оттар…...