Рейтинг
+96.93

Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Бұл қауымдастықта қолданушылар өздерінің авторлық өлеңдерімен бөлісе алады.

Ұрынған көңіл ұрыншақ аттай болдың ғой...

Ұрынған көңіл ұрыншақ аттай болдың ғой… Арқырап келіп жартасқа соққан толқындай… Әуреге түсіп лайланды сана, тұнық ой, Сабырлық етші, жүрегім менің, бұлқынбай… Жарқырап келер ақжарқын күнді аңсаумен Өтеді күндер, жылжып бір аққан сумен тең… Бақыттарымды өзім түсінбеген қалдырып Қайда барасың сен, жастығым менің сүрінген?! Жазамын енді өмірімді тек өлеңмен, Амалым қалмай...

Жүректе шөккен мұң тұнып...

Қар жауды қаңтар айында Көңілге ойлар толтырып… Қар астында қалғайсың? Жүректе шөккен мұң тұнып… Қар жауды. Қыс ортасы. Қаңтардың мұз құрсауы… Өмірдің суық жолдары, Бағыңның қайда тұрлауы? Төрт мезгіл. Бояу әрқилы Ауысып жылдың толары… Әр жылы еске салады, Өмірдің келте боларын… Көктемде адам үмітті Бәйшешек сынды гүлдейді… Қар астынан қылтиып Әр жарықты...

Көңілде

көңілден түс ауғанба? Қақың жоқ құлын жырды тұсаулауға. Енсеңші өрттей ыстық құшағыма, Келсеңші армансыз-ақ құшар жанға. Көңілге кеш кіргенбе? Ақ тысы махаббаттың ескіргенбе? Кел...

Ия, Алла!

Иә, Алла! Алғыс төгем бәріне де, біріне, Өзіңе баздана да, шаттана да жазармын. Иә, Алла! Бергенің де қатты батты етіме! Шәкәрім… өздерімен сөйлескендей тазардым. Иә, Алла! Өз бұлағыңнан,...

қала мен бала

Ей Астана Жатсын ба, ауылдың баласын Кім білген байлардың қаласын Ауылда мал бағып, ат мінген. Қазір жүр итеріп, саудагер арбасын Қалаңды тартып алғандай Неге жаман көзбен қарайсын Ойлама таңдады бұл жұмысты Ақша үшін бәрі де тырмысты Жағалап жүрмін құрылысты Түзету керек тұрмысты Студентпін жүремін автобуста, тіпті жаяу Түнде жұмыс, сондықтан жүрем ояу....

Ерекшелеу

Суреттерің, Жүрегімде тұнық судай сақталғанды. Суреттерің, Көрген көзбен бөлекше мақталғанды. Үйреткенің, Өмірмен тексеріліп ақталғанды. Күйреткенім, Шыдамды көтерердей нақталғанды. Кешірші, Емдейінші жаныңдағы жараларды. Кешірші, Сезігімде өртенген шалаларды. Кешірші, Шақсамдағы үлкен-үлкен қалаларды. Кешірші, Мен баламын! Сүюші-ең балаларды. Өтінемін,...

ШАМШЫРАҒЫҢДЫ САЙЛАП АЛ

Шомылдырып белдеудің көк құрағын, Нөсер жаңбыр тазартып жатты бәрін. Табиғат алай-дүлей ашуланып, Бұлт басқан қара аспаннан төкті жауын. Үй ішінде, еңселі, көк қақпалы, Таусылып өмір жолы, соқпақтары. Қалың елге әйгілі бір Әулие, Жатыр еді өмірмен қоштасқалы. Берік тұтқан шешімін, байламын да, Ойлайтын пенде еді ел қамын да. Адамдарды соңынан ерте білген, Қырық жыл...

ЖАҢА ЖЫЛ ТҮНІ

Құттықтаулар қаптап кетті толассыз, Қашан осы той жасаймыз арақсыз? Болады ғой тойламай-ақ қойсақ па, Себебі біз, мұсылманбыз, Алашпыш! «Хлопушка» мен отқа оранып түнгі аспан, Иттің бәрін шабалатып шулатқан. Шала мастар көше бойлап өріп жүр, Арақ ішіп, шайтан қаққан, жын қаққан. Жеңіс тойын мерекелеп жатқандай, Көңіл-күйі ортаймайтын шат жандай. Тентек суға бөгіп апты...

Өлең - сөздің патшасы

Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық...

  • Aitain