Сіз қандай жансыз?

Қызықты психология /

Әр адам өзін тура айтады, мәселен «Өзім жайлы 100 факттегідей» Бірақ мамандар адамның дене қимылдарына қарап қандай жауап айтар екен.


Мына дене қозғалыстары арқылы адамның мінезін байқауға болатын тест жақсы құрастырылған екен. Қаншама жақын-таныстарыма жасап көрдім дұрыс шығады. Сіздерменде бөлісуді жөн санадым. Оның үстіне қызықты психологияға қызығамын.

Бір ақ парақ алып жазып отырсаңыздар үлкен А4 алудың қажеті жоқ, бар болғаны 4-ақ сан)) тіпті есте сақтасаңызда болады, бірақ бәрі ретімен болуы тиіс.
Ескерту: суреттегі тек үлгі ретінде берілген, оны дәл солай қайталаудың қажеті жоқ, өзіңізге ыңғайлысын жасаңыз.

Ал бастадық, тәуекел

1)Қолыңызды құлыптай жұмыңыз

Егер ең үстінде оң қолдың басбармағы болса «2» санын, егер сол қолдың бас бармағы болса «1» санын жазыңыз

2)бір көзіңізді жұмып, көрінбейтін мишеньге кез-келген тесікке қараңыз

Егер сол көз ашық қалса «1» санын, ал оң көз ашық қалса «2» санын жазыңыз

3) қолдарыңызды қиыстыра жинаңыз

Егер сол қолыңыз оң қолдың үстінде болса(суреттегідей) «1» санын, ал оң қолыңыз сол қолдың үстінде болса «2» санын жазыңыз.

4) Шапалақ соғыңыз

Егер үстінде сол қол болса «1» санын, оң қол болса «2» санын

Дайын болсаңыздар жауыбына көшейік, өтініш, егер өзіңізге сәйкес келмейтін, қанағаттанарлық емес жауап алсаңыз мені жазғыра көрмеңіздер:)

«2222»-(жүзпроценттік оңақай)- мінездің тұрақты типі, консерватизм, кіммен болса да пікір-таласқанды, дауласқанды қаламайды.

«2221»-Аса батылсыздық

«2212»- Сіз тіл тапқышсыз, кез-келген адаммен оңай тез тіл табыса аласыз.

«2111»- Сіз тұрақты емессіз, барлығын өзіңіз жасайсыз, ешкімнен қолдау іздемейсіз.

«2211»- Аса көп кездеспейтін үйлесімділік. Тіл тапқыштық, адамдармен араласасыз, дегенмен де өте жұмсақ мінезді келген жансыз.

«2122»- Сіз «техникаға жақын адамсыз», аналитикалық ойлау жүйесі дамыған және жұмсақ мінезді, барлығына абайлап қарайсыз, адамдармен араласу кезінде салқындық байқалатын сияқты.

«2121»- Ең сирек кездесетін үйлесімділік. Қорғансыздық, адамдардың әсеріне ұшырағыш.

«1112»- Сіз эмоциялы адамсыз, жігерлі әрі тез шешім таба аласыз.

«1222»- Аса көп кездесетін мінез. Сіз эмоциялы жансыз, бірақ өмірдегі маңызды мәселелерді шешуде
сізге табандылық пен қайсарлық жетіспейді. Өзге адамның әсеріне ұшырағышсыз. Жақсы тіл тапқыштық болса, адамдар сізге ұмтылатын болады.

«1221»- Эмоцияшыл, табандылық жетіспейді, өте жұмсақ мінезді, аңғалдық.

«1122»- Сіз дос құмар жансыз, соның өзінде аздап аңғалдаусыз және қарапайым, өздігімен жүретін өзіне есеп беретін жан, қызығушылықтары көп, бірақ бәріне уақыт табыла бермейді

«1121»- Сіз адамдарға қатты сенесіз және қой мінезді жансыз. Сіз шығармашыл тұлғасыз

«1111»- (жүзпроценттік солақай) – консерватизм сізге жат, шығармашылық сіздің өміріңізде соңғы орынға ие секілді, көп жағдайларды сіз стандартты түрде қарамайсыз. Қатты эмоцияшыл, тәкаппарлық, өзімшілдік. Сіз қырсық әрі өзімшілсіз, бірақ бұлар сіздің өмір сүруіңізге еш кедергі келтірмейді.

«1212»- Сіз рухы өте мықты адамсыз. Қайтпас деуге де болады, алға қойған мақсаттарыңызға жетесіз!

«1211»- Өзіңізбен өзіңіз жүрген жансыз, аздап тұйықтаусыз, дос табу сізге қиынға соғады, бірақ рухыңыз мықты, алға қойған мақстарыңызға жетуде сізге ешнәрсе кедергі бола алмайды.

«2112»- Сізде жеңіл және еркін мінез көріністері бар, сіз оңай жаңа достар таба аласыз, көп танысасыз және жиі әуестікті өзгертесіз.

65 пікір

sandibek
«1121»- Сіз адамдарға қатты сенесіз және қой мінезді жансыз. Сіз шығармашыл тұлғасыз
)))
kaz007
Тура шықса, қуаныштымын)
beko
Дұрыс келмесе маған ренжімеңіздер деп қойыпсыз, қай жағы келсе де жақсы жазылған сияқты ғой. Адам психологиясың бір жағынан реттейді екен. (1211)
kaz007
рахмет, бірақ адамдар жақсы нәтижені күтеді, ал олай болмай шықса ренжитіндері де бар, соған байл алдын -алу шаралаым ғо))))
qyrmyzy
«1122»- Сіз дос құмар жансыз, соның өзінде аздап аңғалдаусыз және қарапайым, өздігімен жүретін өзіне есеп беретін жан, қызығушылықтары көп, бірақ бәріне уақыт табыла бермейді
хмммм, келетін сияқты
zhurttyn_balasy
Жұрттың баласы осындай екен
«2222»-(жүзпроценттік оңақай)- мінездің тұрақты типі, консерватизм, кіммен болса да пікір-таласқанды, дауласқанды қаламайды.
calendula
Түк те сәйкес келмеді))((((
kaz007
ренжи көрмеңіз, қаласаңыз сіздің тамырыңызды басып, сіз туралы айтып бере аламын, бірақ оған арамыз алыс))))тәуіптерден көргемін
calendula
Айта беріңіз, алыс демей-ақ. Маған қызық…
kaz007
Тамыр ұстамасам айта алмаймын ғо)) хехе)
calendula
Хехе, тәуіптерге сенбейтін едім))
kaz007
оныңыз жөн екен, менде ешкімге жасап көрмеген едім сізге бірінші жасайм ба дегем хехе))
calendula
Бұл жолы болмай қалыпты ғой) Келесіде «живой» тәуіп болып көріңіз, хехе))))
Sabions
«1122» дәл келеді
kaz007
хехе)) қуаныштымын. достарыңызға жасап көріңіз
Jako
«2212»- Сіз тіл тапқышсыз, кез-келген адаммен оңай тез тіл табыса аласыз.

Келетін сияқты.
kaz007
хехе)) жарайсыз
Korkem
менімен ылғи қатар келеді екенсіз, менде де осы шықты )))))))
Jako
Сәйкестік шығар.
Korkem
Тауешкі екенсіз ғой)))))) егіз қозыдай екенбіз муахахах
Jako
Дұрыс айтасың, Тауешкімін.
Chimaq
1112...))
kaz007
жақсы жан екенсіз)
ardak1996
«2122»- Сіз «техникаға жақын адамсыз», аналитикалық ойлау жүйесі дамыған және жұмсақ мінезді, барлығына абайлап қарайсыз, адамдармен араласу кезінде салқындық байқалатын сияқты. менің жұмсақ мінезім жоқ сияқты)))
kaz007
Сізден үлкен тұлға шығады екен! Жұмсақ мінез балалы болған соң шығатын шығар ))) Иншаллах
AKA
Екеуміз былай ұқсас екенбіз дә :))
Korkem
«2212»
менде осылай шықты, рас па? )))
kaz007
Сіздей керемет аруға бұл аздық болар деп ойлаймын, қолыңыздан барлығы да келеді
Moldir_96
«1122»- Сіз дос құмар жансыз, соның өзінде аздап аңғалдаусыз және қарапайым, өздігімен жүретін өзіне есеп беретін жан, қызығушылықтары көп, бірақ бәріне уақыт табыла бермейді
Сәйкес келетін секілді) Рахмет, Ерлан!
kaz007
хехе)) Сізге ұнағанына қуаныштымын! Айтаберде шын атымды бірінші рет айтқаныңыз үшін алғысым шексіз
Korkem
Қайс Ерлан? киллер ма?
kaz007
жоқ, біреумен шатасырып алдыныз)
alikona
Менде ешкімге келмеген
«2112»- Сізде жеңіл және еркін мінез көріністері бар, сіз оңай жаңа достар таба аласыз, көп танысасыз және жиі әуестікті өзгертесіз.
хехе бір жағынан қысылып отырмын ше, жеңіл мінезді дегенге…
kaz007
хехе)) қысылмаңыз, турасында «жұмсақ» мінезді деген гой, жақсы адам екеніңіз білініп тұрғаны)
alikona
хехе рахмет)
pari
«2111»- Сіз тұрақты емессіз, барлығын өзіңіз жасайсыз, ешкімнен қолдау іздемейсіз.
муахаахаха дәл келеді
kaz007
)) рас па) бірақ көмек сұрап тұрғаныңыз жақсы, шамам келгенше қолдау көрсетуге әзірмін
pari
ниетіңізге рахмет!
pana
рахмет) келді)
kaz007
хехе) сіз өзіңіз психологсыз, мұндай нәрселер сізде көп шығар)
pana
болашақ)) бөлісемін әлі))
kaz007
асыға күтемін) өзіңіз ойлап шығарсыңыз тіпті тамаша болар ед хехе)
pana
хехе рахмет))) дүмше молдамын әлі)
kaz007
аа, онда түсінікті)))
banzaika1990
өзімді 100% солақаймын ба деп ойласам. 2112. бұл да жаман емес екен)))))))))))))))))))))))))
kaz007
Сол қолмен жазатын болған соң, солай ойлаған шығарсыз мүмкін) хехе))
Ayala
ал менде,
«1121»- Сіз адамдарға қатты сенесіз және қой мінезді жансыз. Сіз шығармашыл тұлғасыз
аздап келетін тәріздіма бірдеме
Aidar
1212 Сіз рухы өте мықты адамсыз. Қайтпас деуге де болады, алға қойған мақсаттарыңызға жетесіз!


Тәуіптің алдында отырғандай болдым ғой хехехе)
kaz007
менікімен бірдей екен сіздікі) тамаша))
Aidar
бар екен гой))) уксас адамдар)
Ais_97
«2112»- Сізде жеңіл және еркін мінез көріністері бар, сіз оңай жаңа достар таба аласыз, көп танысасыз және жиі әуестікті өзгертесіз.
Маған осы шықты!
kaz007
хехе)) ойыңыздан шықты ма?
Madiash
«2212»- Сіз тіл тапқышсыз, кез-келген адаммен оңай тез тіл табыса аласыз.
kaz007
Жақсы адам екенсіз)
kema
meniki 2222 boldy))) Jurttyn balasinikindei. Mamama aityp maktanbasam)))))))
qyrmyzy
«мамин сынок» ық ық,
kema
barimizde mamamyzdyn balasymyz))) Allahka shukir, menin anam bar))) Jetim jurgen talai jandy korgem, Allah olarga kaiyryn bersin
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.