Қалаймын, бірақ...

Қызықты психология /
Жаңа диета, пресс жаттықтыру, арқаны тік ұстау, тапсырманы күнделікті орындау, күліп жүру, ерте жату, ерте тұру, компта аз отыру, темекіні тастау үшін келесі апта, келесі ай, Жаңа Жыл, дүйсенбі, сәрсенбі, ерекше белгі, айдың тууын күтуден шаршаған жоқсыз ба? Неге қазір емес? Апп деңіз де арқаңызды тіктеп алыңыз бірінші. Сіз сондай ақылдысыз ғой, бәрін біліп тұрсыз? Неге кейінге? Тек бүгінге, қазіргіге иелік ете аламыз. Қалғаны я тарих, я қиял. Бірдеме өзгертуге бел бусаңыз, қағазға түртіп қойыңыз. (Компта аа,11 деп сақтаған докта жазбаңызшы) Себебі тек ойда емес, қағазда жазылған, кейіннен қадамдарға бөлінген (керек болса арнайы пост жазам осы туралы) жоспар ең тиімді. Өзеннің бер жағында отырған үш бақаны білесіз ғо? Біреуі арғы жаққа өткім келеді дейді, неше бақа қалды сонда? Бәрібір 3. Жасағысы келу мен жасау екі түрлі нәрсе.

9 пікір

AL-ASTER
Сізді темекі шегеді ме деп елең ете қалсам, оқырманға арналған кен ғұӘ.

ПыСы: Жасау керектігін біліп тұрып, оны жасамау — аяуға тұрарлық қорқақтық. (Конфуций)
AKA
Мен де елең ете қалдым, уфф олай емес екен…
sandibek
Жігерсіздік пен жалқаулық…
Madi
Иа… жай ғана қалау жеткіліксіз…
pana
артынан жаман сөз ермейтін адамдар қызық емес © )))
qyrmyzy
Бір жұмыспен айналысватқаныма 6 ай болды. Негізі 3 күнде отырып бітіріп тастауға болады. Қаламаймын. Істегім келмейді. Істеу керек, істейтін уақытта бір сылтау табылады. Ошем, ұят болды, осы апта аяқтау керек. Бірақ басқа да шаруалар шығып тұр. Мораль: принциппен жүру керек
Delfina
Мен ойымды компта жаза алмаймын, оданда қалам алып қағазға түсіргенім жақсы.
Диета сақтамаймын, бүгінгі жұмысымды ертенге қалдырғым келмейді. Оданда түнімен отырсамда соны бітіріп барып ұйықтаймын. Бірақ компта көп отырамын. 24 сағаттын 14 сағаты компьютерде жұмыс жасаумен өтеді екен.
VVVWWW
(Компта аа,11 деп сақтаған докта жазбаңызшы)
Дұрыс айтасыз компқа жазбау керек екен, мықты кеңес (қарап отырсам менде ондай доктар толып кетіпті, бірақ мен аа,11 деп сақтамайды екем, көбіне VVV немесе WWW деп қоя салыппын)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.