Тренингке қатыссаңыз

Қызықты психология /

Қазір сіздің іскерлік қабілетіңізді, креативтілік, қарым-қатынастағы табыстылығыңызды арттыратын, жалпы тұлғалық дамуыңызға жол ашатын түрлі тренингтер көп. Шынымен пайдалысы да, «қалай қызды/жігітті 5/10/15 күнде (бағасына қарай) жаулап алуға болады, как стать стервой, қалай тез баюға болады деген боооос нәрселер де жетеді.
Сонымен, сіз тренердің біліктілігін, ақшасын, өткізілетін орнын ескеріп, қатысуға шешім қабылдадыңыз. Топтық тренингке келу арқылы сіз бір топтың мүшесі боласыз. Мұнда әр түрлі адамдар келеді. Түрлі жас, түрлі көзқарас, түрлі тәрбие… Кейбірі тісқаққан қатысушылар (бұлар әдетте үлкен апалар болады да, жалпы уақыттың 70 пайызында тренердің көңілін өзіне аудартқысы келеді), кейбірі басын шұлғып қана отыратындар. Алайда қысқа тренингтерде осылай болмаса, мақсатты түрде жиналған топта қызығушылықтарыңыз ортақ, жастарыңыз қарайлас адамдарды табасыз.
Сізге не білу керек? Төменде берілген пайдалы ережелер сіздің топтағы уақытыңызды өзіңізге тиімдірек етеді.

Мұқият бол. Топтан не қалайтының жөнінде жиі ойла және әр кездесу алдында топтан не күтетінің жайлы өзіңе сұрақ қой.
Икемді бол. Өзің жоспарламаған нәрсені де қабылдауға дайын бол.
«Жұмысқа тойымсыз» бол.Топтың табыстылығы сенің өзіңе жұмыс істеуге деген құлшынысыңнан көрінеді. Егер үнемі «өз кезегіңді» күтіп, табиғи импульсіңді тоқтата берсең, кезегің келмей қалуы да мүмкін.
Сезімдеріңді жиірек еске түсір. Мен ойлаймын деп емес, менің сезімім бойынша деп сөйлеген маңыздырақ.
Өзіңді көбірек таныт. Күлкілі болып көрінуден қорқып, біз әдетте сезім мен ойымызды іште сақтап қаламыз. Мұндай топ сол нәрселерді көрсеткенде шынымен не болатынын байқауға таптырмас орын.
Күтпе.Үнсіз қалма. Кері байланыс алудың бірден бірі жолы – сөйлесу. Әрі үнсіз болсаң, өзгелерді сенен бірдеме үйрену мүмкіндігінен айырасың.
Эксперимент жаса. Топ өзіңді жан-жақты көрсетуге қауіпсіз әрі еркін алаң. Мұнда байқап көргеніңді кейін күнделікті өміріңе пайдалана аласың.
Бәрі бірден өзгермейді. Өзіңе өзгеруге уақыт бер.
Ақыл беру мен сұрақ қоюдан қаш. Сенің өз сезімдеріңді айтқаның өзге адамға анағұрлым пайдалы.
Адамның өзіне бағыттап сөйле. Топтағы адам туралы үшінші жақта айтпа.
Біреуге көмекке асықпа. Адам өзін қинаған нәрсесін айту арқылы дами бастайды, кедергі болма.
Өзің жайлы қандай да бір пікірді естігенде эмоцияларыңды көрсет. Бұл саған деген сенімді арттырады.
Тренерге қарым-қатынастан өзіңнің жалпы авторитетке деген қатынасыңды аңғаруға болады.
Өзің туралы да, өзгелер туралы да стереотип қалыптастырма. Топта біреу саған біржақты қараса, мән бер.
Қаншалықты ашылатыныңды өзің шеш.

Бастысы, топта білгенің мен үйренгеніңді өмірде пайдалануға тырыс!


P.S. Иәә, бұйрық рай көп болып кетті. Бірақ, бірінші курста барған алғашқы тренингтерде бұларды білгенім жоқ. Көп нәрсені интуициямен жасадым. Өзгенің тәжірибесін тиімді пайдалану уақытты керемет үнемдейді ғой))

10 пікір

akil_kalta01
Мен өз үлесімді аттым! :)) Жап-жақсы жазылған екен рахмет! Менің ойымша, жоо- жоқ мен төмендегі сөздерді түсінбегенімді сезіп тұрмын:
Ақыл беру мен сұрақ қоюдан қаш. Сенің өз сезімдеріңді айтқаның өзге адамға анағұрлым пайдалы
Толығырақ тоқталсаңыз!
pana
рахмет! мысалға, сіздей топ мүшесі бар салмақтылықпен өзінің қызыл түсті торғайдан қорқатынын айтып отыр. Сіз қооой, олар сондай сүйкімді, адамға зәбірі жоқ, немесе қоооеее жындымысың деп бірден айтып қалмағаныңыз дұрыс. Сізге күлкілі болып көрінгенмен, (маған да негізі) бұл ол адам үшін үлкен трагедия, және осылай ақтарылып айту үшін неше түнді ұйқысыз өткізуі мүмкін. Негізі адамдар өзінің қиын мәселесіне біреу оп-оңай шешім айта салғанын жақсы көрмейді. Бұл олардың өзіндік бағалауын төмендетеді, сізге ашуланып та қалады. Және дәл сол топ аясына келсек, сіздің ақылыңыз бен сөзін аяқтатпай қойған сұрағыңыз оны қорғануға, сөйлемей қалуына әкелуі мүмкін. Ал өз сезімдеріңізді айту арқылы оған өзі шешім табуға көмектесе аласыз.
akil_kalta01
ӘӘӘ онда дұрыс екен. Түсінгенімді сездім.
qyrmyzy
Өзің туралы да, өзгелер туралы да стереотип қалыптастырма
Өмірде де солай болғаны дұрыс.
Сосын қыздарды қалай сындыру жайлы, қателеспесем,"Нitch" деген Әмрикәнің киносын көріп ем.
pana
жігіттерді сындыруды жайлы кино ше?)
qyrmyzy
Ондай кино қарамадым әлі, тапсам, бөлісемін ық ық, қай жігітті сындыра алмай жүрсіз???
pana
ваще дегенімғо))
Korkem
Мынаның бәрі күнделікті газет беттері мен журналдардан кездесетінге ұқсайды, болмаса орысшадан аударған боларсыз. Дегенімен, қарапайым тілмен, қызықты етіп, әрі мысал келтіре, өз тіліңізбен баяндасаңыз қызығырақ болар ма еді?!
pana
рахмет, мен сізді естідім,қаперімде жүрсін!)
Didara
Рахмет! бул кенестериниз маган комек тигизеди деп ойлаймын)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.