Сурет саламыз

Қызықты психология /
Психотерапияның қазіргі таңда 450 ге жуық түрі бар екен. Осы жылы арт-терапияға топтағы бірнеше қыз қатысып қайттық.
1938 жылы бұл терминді ғылымға енгізген А.Хилл. Ол туберкулезбен ауыратындарға арналған шипажайда емделушілермен жұмысын осылай жүргізген. Біріншіден, жалпы өнер адам үшін жағымды әсер әкеледі, екіншіден, спонтанды қолынан бірдеме жасау бейсаналық элементтерді сыртқа шығарады деген пікірде қолданылады. Әрі кей адамдар сезімдерін сөзге айналдыруға қиналатындықтан, вербалды емес қатынас терапевт үшін ақпарат жинаудың жақсы әдісі. Сіздерге сурет салатын жаттығулардан ұнағандарын айтпақшымын. «Мынау не деген мағына береді?» деп сұрайтын жанымда психолог жоқ демеңіз.Өзіңізге қатыстыны өзіңізден артық білетін адам жоқ. «Е, мынау былай екен ғой» деген түсінік (инсайт) жұмыстың барысында, не аяқтағанда, не бірнеше күннен кейін келуі мүмкін. Арттың кереметі мұндай түсінікке міндетті түрде ешкімнің көмегінсіз өзіңіз келетініңізде! Сабақта ертегі құрастырдық бірде. Сонда мен бір заттың ерекшелігін сипаттағанда мұғалімнен мағынасын сұрап едім, өзің түсінесің деді. Шынымен келесі сабақта өзім мағынасын айтып бердім.
Ашулы, мұңды, көңілсіз кезде былай жасауға болады. Ақ қағазды алыңыз да, 5 минут бойы қаламсаппен шимақтар салыңыз. Қаламсапты қағаздан көтермеңіз. Болған соң акварельмен шимағыңызды бояп қойыңыз. Шимай, күрмеулер мазасыздық, негативті эмоцияларды шығаруға таптырмайтын элементтер. Ал оны барынша түсті етіп бояу сізге жағымды көңіл күй сыйлайды!

Өз-өзіңізбен келісімге келе алмайтындай, беймаза күй кешсеңіз, тыныш бір жерде отырып, өзіңізге қарама қарсы жыныстағы адамды салыңыз. Бояңыз. Есім беріңіз. Бір сәт ойланып көріңізші, одан не сұрағыңыз келеді? Оған не айтқыңыз келеді? Ол сізге қалай жауап берер еді? Ойланып болып, суретпен сөйлесіңіз. Дауыстап. Міндетті түрде дауыстап айтуыңыз керек. Шынайы болыңыз. Мен сөйлесіп отырып, өзіме көп нәрсенің себебін аштым. Негізі сурет сіздің өзіңіздің проекцияңыз болып есептеледі. К.Юнг бойынша әйел адамда ер адамның және керісінше бейнесі болады. Өзіме бір сәт суретке басқа адамды қойып, сонымен сөйлесіп отырғандай болдым. Тұлғалық дамуға, өзге жыныстағы адаммен конфликтіге тап болғанда да пайдалана аласыз. Қысқасы, бай эмоциялы, позитивті жаттығу!
Мандала бояу. Тарихтың терең қойнауынан жеткен бұл «шеңберлер» құпия мен сырға толы. Негізі бастан аяқ салып көруге де болады. Біз дайын мандаланы алып боядық. Әдемі музыка қойып алып, жайлы жерде шайыңызды ұрттап қойып бояғанда күшті демалыс болады екен. Адамды қатты шаршататын физикалық жүктемеден бұрын ой сияқты. Осы жаттығудан миыңыз тынығып қалады. Ештеңе ойламай түсініксіз қалаумен, интуициямен түстерді таңдап бояп болғаннан кейін мандалаңызға бір мезет көз салыңызшы. Оған қарағанда қандай сезімде боласыз?

8 пікір

ereke_enu
Түрлі түсті қарындаштар сатып алғым кеп кетті. Бала кезде қызығушылықпен бірдеңелер шимақтап жүретін ек. Үйдегілер алғаш әпергенде қатты таң қалдым ба, қуандым ба,әйтеуір, жадымда сондай бір күшті әсер қалып қойыпты… Қанша қиялшыл болсам да, салған суретіммен сөйлесіп көрмеппін)))
AKA
Өте жақсы әдіс!
AL-ASTER
Пайнтпен шимайлап оны бояған санала ма?
Madi
Қолмен сурет салғанға жетпейтін шығар.
pana
Jako
Төменгі суреттің «Мандала»-деп аталатынын білмеппін, әйнектерге витраж жасауға таптырмайтын өрнек екен.
pana
мандала деп гуглдетіп жіберіңіз, бұлар өрнекті шеңберлер.боялмағанын алып өзіңіз боясаңыз әп-әдемі нәрсе шығады)
Jako
Байқап көремін, рахмет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.