Мен жақсы көретін, ең жақсы жүректің иесіне арналады (с)
Сайтымыздың белсенді қолданушысы, аспазшы, архитектор, өзі Ананди .), сұлу да Korkem , Кидымның махаббаты, біз үшін қымбат жан — AKA мыздың жазбасының аудио нұсқасын жасадық.
Мен жақсы көретін, ең жақсы жүректің иесі!
• жазған: AKA
Ұйқымды ұрлап, ойларға бастап не түрлі
Арада жатыр арызы бітпес құба түн.
Сағыныш бірақ, сарқылмас сәуле секілді
Жарығыменен жырақты жалғап тұратын. /Мұрат Есжан/
Өне бойымды билеген ерен құдірет! Санамды жаулаған осынау асыл сезім ақыл — ойға ерік бермей, басым шықты. Сол бейне… Ойымнан бір сәтке арылтқан емеспін, ойлаған сайын жүрегім еріксіз дүрсілдеп қоя бергендей сезім баурауында қалатынмын. Ғашықтық… жо — жоқ, бұл одан да үлкен сезім секілді… Махаббат! Иә, иә, осынау іңкәр сезімді сезінген таза, кіршіксіз, адал жүректің иесі — қарапайымдылық пен еңбекқорлықты, адалдық пен имандылықты, адамгершілік пен мейірімділікті ту еткен жүрек қалаулысы!
Иә… бүгін сізді тағы ойладым. Түрлі қияли ойларға да шомдым, күттім, сағындым… Ойнаған, ұрысқан, күлген, жылаған, қызғанған сәттерді көзбен тағы шолып шықтым, себебі сағындым… Қоңырау дыбысы… Қатты толқыдым, қуандым, шаттыққа кенелдім, бүкіл әлем менімен қуанғандай әсерде болдым. Сағынғанымды айтып, әлемге жар салғым келді!
Бойымдағы сағыныш — ол басқа түскен қайғыға мойымайтын, қайта онымен тірескенде жеңіп шығатын, жаныңды мұңға, көңілсіздікке батырмайтын ерекше күрескерлік қуат! «Махаббатпен өткен күндер ғана өмір, ал қалғаны жай күндер» дегеннің де мағынасын терең түсінгендеймін. Осы сезіммен ілгерілеп, шаттанып, қуаттанып, қандай қиындықтар болмасын мойымай, жігерленіп келем. Себебі, сіз барсыз! Сағынатын, тілеуіңізді тілейтін, күтетін жан бар! Жаныңызда екенімді, дұғамда екеніңізді білгейсіз…
Түн. Тағы да алақан жайдым да, Құдайдан біз жайлы тіледім… «Аллаһу акбар!»
22 пікір
<> Oldim)))))Өзімді көөіп мяз боб қадм :)