Маңғыстаулық ЖасОтандықтар «Өз өзіңмен жұмыстан» тренингісінен өтті.

Қызықты психология /
Ақтау қалалық «Нұр Отан» партиясының акт залында 05 ақпан күні Ақтаулық ЖасОтандықтармен психологиялық тренингтер өткізілді. Олардың негізгі тренингінің тақырыбы: «Өз өзіңмен жұмыстан» деп аталады. Яғни әр жас өзінің қоғамдық ортада, басқа да өмір тіршілігінде орынды сөйлеп, ұтымды пікір айта білу, ойлау қабілетін дамыту, өз өзінен есеп алу сияқты мақсат міндеттері бар. Тренингті өткізуші «Жастар кадрлық резерві» жобасының биылғы қатысушысы, өлкетанушы түрколог Бекболат Төлегенұлы және «Жас Отан» ЖҚ мүшесі Қален Арайлым. Шараға Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының жастары да белсене қатысып, «Еріктілер мектебінің» жастары ат салысты. Жиынның екінші бөлімі «Өмір – сәтті жоба» тренингімен жалғасты.
Тренинг жастарға ой салып, ерекше пікір қалыптастырды деп айта аламыз. Себебі шарадан кейінгі жастардың сұрақтары көбейіп, қызығушылықтары артқанын байқатты. Қандай да болмасын психологиялық әсері бар кез келген тренинг шын ниетімен тыңдалса жасты өзгертуі әбден мүмкін. Аталған шара да өз деңгейінде өтті деп айтуға болады. Жастар басқосуында еркін ойындар жалғасып, естелік суреттер түсірілді.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.