Тіл адамның жауы ма, досы ма?

Қызықты деректер /
Сөзге шешен бұрынғы ата-бабаларымыз:«Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Екі елі ауызға төрт елі қақпақ», «Жақсы сөз жарым ырыс» деп бүгінгі ұрпағына өнегелі ұлағатты сөздер қалдырып кетті. Бірақ сол асыл сөздердің астарына үңіліп жатқанымыз шамалы-ау.Айналаға қарасаңыз, аузым бар деп не болса соны айтып жүргендер жетерлік. Алайда ауыздан шыққан сөздің иесіне әсері болмай қоймайтындығын тағы бар. Кейбір жастар арасында дүниелік нәрселерге қызығушылығынан:"қымбат көлігім болса, егер соның ішінде өліп кетсем арманым жоқ" деп аңдамай сөйлейтіндер кезігеді. Тіпті осындайда оқиға да болған. Бір дөкейдің баласы шетелдің су жаңа көлігін сатып алады. Сосын қатты қуанғанынан достарына: «Осы көліктің ішінде өлсем еш арманым жоқ» — депті. Арада көп ұзамай әлгі баланың ажалы сол көліктен болып, жан тапсырыпты. Ал, бір кісі «жастайынан бала оқытсам, ұстаз болсам, бір оқу орнының директоры болып, өзімнен кейінгілерге өнегелі тәрбие берсем» дейтін екен армандап. Аллах Тағала ол кісінің балалық арманың, дұға-тілегін қабыл етсе керек. Сол кісі қазіргі күні ер балалар медресесін ашып, елдің игілігіне, мемлекетіміздің келешегіне қызмет ететін талай шәкірттерді іліммен сусындандырып, тәрбиелі азаматтарды өмірге қанаттандырып жатқан көрінеді. Олай болса, тіліміз өзімізге жау емес, қайта жақсы сөздерімізбен досымыз болсын!

5 пікір

Manas
Иншалла, айтқаныңыз келсін!!!
Togzhan
Расымен ақ солай секілді! Ой мен сөзге сақ болу керек, өйткені ол сенің тағдырыңа айналады деуші еді бір ағамыз.
mairosh
я өте орынды. сөз адамның тағдырында өзгертіп жіберуі мумкін. Сақ болайық
Moldir_96
«Жақсы сөз — жарым ырыс» дейді ғой) Жақсы сөйлеп, жақсыны ойлап, жақсыға ұмтылсақ, бәрі де ЖАҚСЫ болады деп ойлаймын) Жазғандарыңыз керемет, Майрош! Жарайсыз!
ereke_enu
Елбасының кеңесшісі(советник) болсам екен…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.