Қай айда туылдыңыз?(1) Төмендегілермен келісемісіз?

Қызықты деректер /
Сәлем, «Айтабер»!!! Сәлем, оқырман қауым.Блогкемп қалай өтті? Жақсы ма? Онда жақсы.Бүгін мен сіздерге қай айда туылдыңыз деген мақаланы көшіріп жазып жіберейін…
Әркім өздері байқап көрсін.Мінез ерекшелігіңіз туылған айыңыздың сипаттамасына сәйкес келе ме, әлде үйлеспей ме?Ғылыми зерттеушілердің айтуынша, әр айдың адам ағзасы мен психологиясына, әлеуметтік жағдайына әсері болады екен.
Қаңтар айында туылған адамдар шыдамды әрі жігерлі келеді.Тағдырдың қандай тәлкегі болса да, жақындарына салмақ түсірмей бәрін өз мойнымен көтереді.Бұл айда туылған әйелдер ұяң, бірақ «еркек» мінезді болып келеді.Олар тәкаппар болғандықтан, еркіндікті сүйеді. Қай салада болсын,, бтіктен көрінгенді қалайды.Мінездері отбасыларына кейде жайсыздық танытқанымен, күйеулерін өлердей сүйеді және әрқашан, қандай жағдай болса да, көмектесуге дайын.Тәтті тағамдар жасауға әуес.
Ал қаңтарда туған туылған ерлер әділ, әрі жігерлі болғандықтан, оларға қиын сәттерде иек артуға болады.Олар тіпті тәуекелшіл, шешімді тез қабылдайды.Өзінен әлсіздерге мейірімділікпен қарайды.Әйелдерге құрмет пен инабаттылық танытады.Өте тәкаппар және ерік-жігері мықты, отбасына жайлы.
Ақпанда туылғандар тік мінезді, бірақ ұстамсыз келеді.Мінезі көңіл-күйіне байланысты өзгермелі.Бұл айда туылған адамдар ер адамдар қиындықтан қорқуды білмейді және тез шешім қабылдайды.Олар кекшіл болғандықтан, өзін жәбірлегендерді кешіре бермейді.Әлсіздерді менсінбейді, ақкөңілділік пен мейірімділік таныта алмайды.
Ал әйелдер мейірімді, сабырлы.Балажан.Отбасына жайлы.бала тәрбиесіне ерекше мән береді.Алдағанды кешірмейді… Жалғасы бар

31 пікір

Korkem
Мынаның жалғасын мен де жаза аламын)))) Осы қолыңыздағы кітап менде де бар.

Ық-ық, қаңтарда туылғанмын)))
AL-ASTER
Қаңтарлықтар жасасын)
qyrmyzy
алақай, қаңтарлықтар, алғаааа!!!
VVVWWW
Жалғасын мен жазайыншы… ааа…
pari
жалғасы болса жақсы болар едііі, сайттағылардың барлығы тек қаңтар мен ақпанда тумаған шығар енді
Erzhan
Ақпан. қандай дәйектемеге сүйеніп жазылған болжам? Әлсіздерді менсінбейді, ақкөңілділік пен мейірімділік таныта алмайды.
Korkem
Кәдімгі жұлдызнама деп ұғыңыз. Мұнда қызбалыққа салынудың қажеті жоқ.
Jako
Келетін сияқты,өзім қаңтармын, менің мінезіме келетін сияқты.Балам ақпанда туған, оғанда келіп тұрған сияқты, оқып алып қорқып отырмын.
ardak1996
Ой мынау менмінғойТәтті тағамдар жасауға әуес. Менде қаңтарда дуниеге келіппін.Келетін сияқты) Ер мінезді… білмедім)
ZevsKO
Абылай ағаң келіп бәрімізді қуантты. Соның ішінде біреуді ерекше қуантқаны бар!
Moldir_96
Қаңтар мен ақпан айларында туылған таныстарымның мінездеріне дәлме дәл келіп тұр! Міне, қызық!!! Ке-ре-мет! Келесі ай «Наурыз»-ды асыға күтемі-і-ін. Менің айым)))
ardak1996
Мен келетін сияқтымын ба? қалай?
Moldir_96
Аха, ұқсастықтар бар сияқты...)
ZevsKO
Мәссаған өзім жайлы өзгеден білдім! Қандай қызық!
ZevsKO
керемет екен Ардак жарайсың! блогкемпте де осындай жораалдар болған еді
Moldir_96
Блогты жазған Ардақ емес, Өнер адамы! Мәди аға жазған.
dimash
ай мен туылған айға жетемін дегенше тағы 3 пост жазылатын шығар, егер осы прогрессиямен жазылса)))
Abylai
Қыркүейекті жазың
qyrmyzy
келеді, дәл өзім! Қызық…
pari
Айтаберліктердің көбісі Ақпан мен Қаңтарда туылған сияқтыыы…
pari
бұл да бір қызық немесе кездейсоқтық
calendula
Өтіріік қой! Осндай нәрселерге сенетіндергі жыным келеді)
qyrmyzy
негізі, сенбеймін! Бірақ нау дәл мен!
Madi
Мен сенетін және сенбейтіндерге де жаздым.Әркім өздері байқап көрсін деп тұр постта.Демек, жының келсе, далаға шығып жүгіріп кел.Хе хе хе
Madi
qyrmyzy
кімді шақырватсың шәйға?? Отыруға бола ма?
Nursultan_Joldashan
Жалғасың жазындар! Мен шілде!
mairosh
Мен мамыр айында туылдым. Өзімдікін өзім ғана білемін. Бір шеттен оқып алдым))
Zhassiko
Ібаай, Көркем, Ардақ, Жако ағаларымыздың қаңтар айында туылғаны мені қатты қуантып отыр, мінезімізде ұқсастықтар бар сияқты, мен де қаңтарда туылғанмын, ризамын, жақсы жазылыпты..))
banzaika1990
менде қаңтарлықпын. Бұл айда туылған әйелдер ұяң, бірақ «еркек» мінезді болып келеді----тура мен жайында айтылған екен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.