Қай айда туылдыңыз?(2) Төмендегілермен келісемісіз?

Қызықты деректер /
...Наурызда дүние есігін ашқандар өте сезімтал және әсершіл жандар.Сәтсіздіктерге мойығыш болғандықтан, қызметтегі өсуі баяу.Егер ол табандылық пен бірбеткейлік танытса, көп нәрсеге қол жеткізер еді.Наурызда дүние есігін ашқан ерлердің жандары жараланғыш, әрі ақкөңіл, бірақ тәуекелге жоқ.Тағдыр тәлкегінің кедергісіне қарамай, үнемі алға ұмтылумен жүреді.Ал атақ пен даңқа ие болғанда өз дәрежесін көп сақтай алмайды, мастанып, беделін әп-сәтте жоғалтуы мүмкін.Біреудің жоғарылауын өзінің жеңілісі ретінде сезінетін іштарлығы да бар.
Бұл айда дүние есігін ашқан әйелдер болашаққа бал ашу мен көріпкелдерге көп сенеді және жиі барады.Олар өздерінің сыртқы сұлулығына көп көңіл бөледі де, үй тірлігін екінші орынға қояды.
Көкек айында туылған адамдарға тән мінез — қаталдық.Олар алға қойған мақсаттарына жету жолында батылдық пен табандылық таныта күреседі.
Шешімді тез қабылдайды және өзіне-өзі есеп беріп тұруды ұмытпайды.Бұларды толғантатын басты мәселе — өздерінің тұрмыс жағдайы.Ер адамдар некеге тұру мәселесінде сезімнен гөрі есепке көп көңіл бөледі.Бірқалыпты өмірді сүйеді.
Әйелдер үшін тұрмыс жағдайы басты мәселе емес.Ол үшін ең бастысы адамгершілік пен сыйластық.Күйеуі мен отбасы мүшелеріне құрметпен қарайды.Ақылы мен ашық-жарқын мінезінің арқасында көпшілікке ұйытқы бола алады.
Мамыр айында туылған адамдар принципшіл, билікқұмар және бірбеткей болады.Бұл айда туылған әйелдер кекшіл, жәбірлегендерді кешіруі қиын.Ажырасуы оңай болғанымен, артынан көп өкініп қалады.Бұл әйелдерді жұбайы емес, тұрмыс жағдайы қатты қызықтыратындықтан, шаңырақтарының мықты болуы сирек кездеседі.
Ал мамырда туған ер адамдар отбасыларына жайлы, және отбасын толық қамтамасыз ете алады.Олар қатал мінезді болғанымен, әйелдерінің шағымы мен көз жасын жүрегіне жақын қабылдайды.Әлсіздерге көмектесуге қашан да болсын, әзір тұрады.
Маусымда өмірге келгендер уайымшыл, әрі жаны тез жараланғыш.Істеген істеріне сергектікпен, байыппен қарайды.Табиғи дарынды, алғыр және мейірімді.Өзінің жақындарына тұйық көрінгенімен, сырт адамдармен ашық-жарқын шешіліп сөйлеседі.Дау-дамайдан алыс жүргенді ұнатады.
Бұл айда туылған ер адамдардың қызмет пен махаббата жолы болғыш.Көрсе құмар, әр нәрсеге қызыққыш, бірақ одан тез жалығады.Тазалық сүйгіш.
Ал әйелдер үй тазалығына ерекше көңіл бөледі.Әдемі әрі қымбат ыдыс-аяқтарға қызығады.Мереке сайын болмашы сыйлық ұсынған адамды өмір бойы мақтап жүруге дайын.
Шілдеде туылған адамдарға өзімшілдік, ұстамсыздық және шыдамсыздық мінездер тән.Өздерін кісі баласына тәуелді етпейді әрі өте тәкаппар.Дос-жарандарының айтқанынан шыға алмайтын көнбіс.Әйелдер күйеулеріне би болуға құмар.Әрқашан бірнәрсеге көңілі толмай, соған жоқ жерден ұрыс шығарып жүреді.
Ал ерлер сенгіш келеді, сондықтан жиі қателеседі.Алғашқы махабатында жолы болмаса, сүрбойдақ болып ұзақ жүреді.Барлық сәтсіздіктерге төтеп бере алады және өз тағдырына өкінбейді.Олар отбасында анасына жақын келеді…
Жалғасы бар

19 пікір

Korkem
Жалғасың жазындар! Мен шілде! © Nursultan_Joldashan
Ал ерлер сенгіш келеді, сондықтан жиі қателеседі.Алғашқы махабатында жолы болмаса, сүрбойдақ болып ұзақ жүреді.Барлық сәтсіздіктерге төтеп бере алады және өз тағдырына өкінбейді.Олар отбасында анасына жақын келеді…
Айтқандыай-ақ, корей жігітінің дәл өзі)))
qyrmyzy
ЫҚ ЫҚ қатырдың ше
Nursultan_Joldashan
90 пайызына келесемін. Мен нағыз қазақ жігітімін, дегенімен саган рахмет!)))))))
Korkem
Келесі ай «Наурыз»-ды асыға күтемі-і-ін. Менің айым))) © Moldir_96
Бұл айда дүние есігін ашқан әйелдер болашаққа бал ашу мен көріпкелдерге көп сенеді және жиі барады.Олар өздерінің сыртқы сұлулығына көп көңіл бөледі де, үй тірлігін екінші орынға қояды.
Мөлдір-ау, мамаңның ішінен ерте шығып кетіпсің))) Негізі саған Көкек айы дәлме-дәл:
Әйелдер үшін тұрмыс жағдайы басты мәселе емес.Ол үшін ең бастысы адамгершілік пен сыйластық.Күйеуі мен отбасы мүшелеріне құрметпен қарайды.Ақылы мен ашық-жарқын мінезінің арқасында көпшілікке ұйытқы бола алады.
)))
Moldir_96
Хехе)) Рахмет! Солай сияқты...)))
Korkem
Әбіл, тағы да күте түс))) Қыркүйек келесі посттың басы)))
Abylai
щдаялмаятрм
Madi
Негізі, бұл айтылғандарға қатты сенуге болмайды.«Бұл жердегі мәселе адамның Аллаһ жазуындағы болашақ тағдыры туралы емес, пенденің күнделікті тіршіліктегі құбылмалы мінез-құлқы туралы екенін атап айтамыз», — делінген кітапшада.
ardak1996
Маусым айында туылған менің бір ұнататын танысыма дәл келеді екен.Рахмет)
Sabions
Шешімді тез қабылдайды және өзіне-өзі есеп беріп тұруды ұмытпайды.Бұларды толғантатын басты мәселе — өздерінің тұрмыс жағдайы.Ер адамдар некеге тұру мәселесінде сезімнен гөрі есепке көп көңіл бөледі.Бірқалыпты өмірді сүйеді.
осы жеріне қосыламын
calendula
Sabions пен SaboniS бір адам ба, әлді ағалы-інілі ме?))
Sabions
ағалы-інілі…
User
әй жарайсың…
Bek
Мен Маусымда өмірге келгем! Толық болмасада келісуге болады!!!)))
AKA
Келеді, бірақ мұндайға аса мән бермеймін.
dimash
ЫыЫыЫ тура менің туылған айыма жетіп тоқтапсыз))) ендігісін асыға күтудемін, былай сенбесем де қызық қо))
Сосын көкек айы деген ұнамай қалды, «сәуір» десе болмады ма? Көкек деген өз жұмыртқасын басқа құстардың ұяларына салып кететін жағымсыз құс ғой. Ал, сәуірді қазақ «сәуір болмай тәуір болмас» деп асыға күткен, соол айдан бастап нағыз көктем келіп, күн жылынады деп есептеген ғой.
User
Қазан айы келсе екен.
Moldir_96
Көріпкелдікке мүлдем сенбеймін) Хехе...қызық)) 50 пайыз ұқсастық)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.