Қай айда туылдыңыз?(3) Төмендегілермен келісемісіз?

Қызықты деректер /
...Тамыз айында туылған адамдар әсершіл, бірбеткей, қуатты болады.Еңбегі жемісті, бірақ кейде аңғалдығы да бар.Әйелдер өзіне -өзі сенімді, қайратты, бірақ уайымшыл, кек сақтамайды.Үй шаруасына пысық.
Бұл айда өмірге келген еркектер өте сезімтал.Көбіне олардың алғашқы отауы ұзаққа бармайды.Айналасындағылардан мақтау күтетіндіктен, өзін сынағанды жек көреді.Өздері онша тұрақты болмаса да, әйелдерін қатты қызғанады.
Қыркүйекте дүниеге келген адамдар қызу қанды, жанжалға жақын, әсершіл, үнемі алдына мақсат қойып, соған жету жолын ойланумен жүреді, мақсат қойғыш.Сыйлық бергенді ұнатады.Бірақ, ақшаны үнемдеп жаратады.Өзін-өзі жақсы көреді.Есепке өте жүйрік.
Әйелдер күйеуінен гөрі өзінің жайын көп ойлайды.Тәуелсіздікті жақсы көреді, шыдамсыз.Ұйқыны тәуір көргендіктен жұмысқа жиі кешігеді.Үй шаруашылығына пысық, тамақты дәмді әзірлейді, үйді айнадай таза ұстайды.
Ал ерлер қызғаншақтарды жек көре тұра, өздері өте қызғаншақ келеді.Көрсеқұмар, бірақ жар таңдау жолында өте сақ.Өзінің рұқсатынсыз ақшаны жаратқан әйеліне ренжісе де, қомақты қаржыны өзі құмар ойындарға жұмсағанына өкінбейді.Қарызға ақша беруі қиын.Жақсы жағдайда өмір сүргенді ұнатады.
Қазан айында туылған адамдар қарапайымдылығымен ерекшеленеді.Бұл айда туылған ер адамдар өтірікке бір табан жақын, оның өтірігі қайсы, шыны қайсы екенін сезбей де қаласыз.Сөйте тұра өздері өте ақылды.Достықты жоғары бағалайды.Қаржы мәселесінде байыппен жұмыс істейді.Шешім қабылдауда көп ойланады және сенімді адамдармен ақылдасады.Бірақ көбіне өз көзқарасын дұрыс санайды.
Әйелдер — принципшіл.Есте сақтау қабілеті мықты.Сатқындар мен екіжүзділерді кешірмейді.Өмір бойы шаңырағының шайқалмауы үшін күреседі.Үй шаруасының шебері.Өзіне сын айтқандарды жақтырмайды.
Қараша айында өмірге келген жандар есепке жүйрік, өз тұрмыс жағдайы үшін ұнамсыз істерге де барады.Маңындағыларға сараң болғанымен, соңғы ақшасына қыдыруға қыдыруға дайын.Сол үшін қаржы тапшылығына жиі ұрынады, бірақ онысы өзіне сабақ болмайды.
Әйелдер өзін-өзі жақсы көреді, тәкаппар.Отбасында өздерін жетекші санайды, күйеулерімен көбінесе санаса бермейді.Жар таңдау жолында ынжық, момын еркектерді қалайды.Көпшілік ортада көзге түскенді ұнатады.Бала тәрбиесінде тым қатал.
Ал ерлердің жүйкелері жұқа болып келеді.Тез ашуланады, қит еткенге тыз ете қалатын шамшыл.Бірақ аңқау, алдғанға тез көнеді, соңғы тиынын сұраусыз бере салатын жомарт.Достыққа адал, алайда тез достасып, тез ұрсысады.
Желтоқсан айында туылған адамдар өте сезімтал және көңілшек болады.Бұл айда туылған ер адамдар ашуланғанда өзін-өзі ұстау қабілеті әлсірейді.Сондықтан болмашы нәрсеге қабақ шытып, айқай шығаратын әдеті бар.Олар ұрыншақ келеді.Жағымсыз жайлардың себепкері ретінде жиі көзге түседі.Бірқалыпты өмірден тез жалығады, дос-жаранының көп болғанын қалайды.Қызуқанды және өте нәпсіқұмар.
Әйелдер ашық мінезді, үйден гөрі түздің шаруасына бейім.Көпшіл, бауырмал.Бала тәрбиесіне ерекше мән береді.Сезімтал, қызуқандылығы да бар.Өкпені кешіре алмайды.

18 пікір

Aidar
Қыркүйек те туылған досым бар! Соның айы өз мінезіне кішкене келед! ол айда туылмағаны дұрыс ед!
meirambek95
Менің мінезіме де сәл келеді екен
dimash
Көбіне олардың алғашқы отауы ұзаққа бармайды" деген ұнамай қалды…
Бірақ мынау тура келді е)) сенбейтін едім, сонда да точно екен, сәйкестік шығар мүмкін))
qyrmyzy
інім қазан айында туылған, келеді екен
qyrmyzy
мынау бізге шпор екен ғой, жігітпен танысқанда қарап жіберетін.
Sabions
шпор болғанымен, барлық адамға бірдей емес туылған айына айтылған жорамал… әрине, аты айтып тұрғандай жорамал ғана. егер адамның дәл туған күніне айтылған жорамал болса сенуге болады… ал айына айтылған нәрсе… сәл ғана соғады…
qyrmyzy
туууу қалжың ғой
Abylai
келіспеймін) мен ондай емеспін
qyrmyzy
қай жерімен келіспейсің??? Саған келетін сияқты ма өзі…
Abylai
мынау
қызу қанды, жанжалға жақын, әсершіл, үнемі алдына мақсат қойып, соған жету жолын ойланумен жүреді, мақсат қойғыш.Сыйлық бергенді ұнатады.Бірақ, ақшаны үнемдеп жаратады.Өзін-өзі жақсы көреді.Есепке өте жүйрік.
және мынау
Өзінің рұқсатынсыз ақшаны жаратқан әйеліне ренжісе де, қомақты қаржыны өзі құмар ойындарға жұмсағанына өкінбейді.Қарызға ақша беруі қиын.
тіпті маған келмейді
qyrmyzy
қызу қанды, әсершіл
саған келмей ме??
Abylai
бұны енді қарапайым сәйкестік деп ойлаймын
User
туылған адамдар қарапайымдылығымен ерекшеленеді.Бұл айда туылған ер адамдар өтірікке бір табан жақын, оның өтірігі қайсы, шыны қайсы екенін сезбей де қаласыз.Сөйте тұра өздері өте ақылды.Достықты жоғары бағалайды.Қаржы мәселесінде байыппен жұмыс істейді.Шешім қабылдауда көп ойланады және сенімді адамдармен ақылдасады.Бірақ көбіне өз көзқарасын дұрыс санайды.
User
Қазанбыз ғой)
Umit-Umit
Маған келеді екен қазан айы)))))))))))))))))))
ereke_enu
көңілшек дегенді түсінбедім, қалғаны тура мен))))
Asima
Мен келіспес Өкпені кешіре алмайды Бала тәрбиесіне ерекше мән береді дей алмас едім дегенмен қалғаны меіңмінезім деуге болады!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.