Қызықты деректер.

Қызықты деректер /
Қайсысы ақылдырақ?
Жануарлардың қайсысы ақылды екенін білу үшін Базель университетінде зерттеу жұмыстары жүргізілген. Бірінші орынды маймыл иеленген. Оның ақыл-ойы білімі жоқ ересек адамның қабілетімен бірдей екендігі анықталған. Ал екінші орында — шимпанзе, оның ақыл-есі 4-5 жасар баланың деңгейінде. Одан кейінгі орында піл. Олардың еске сақтау қабілеті басқа жануарларға қарағанда жоғары. Атап айтқанда, өзін ренжіткен адамды есте сақтап, бірнеше жыл өткен соң кегін алады. Келесі орында — жолбарыс пен арыстан. Бұл мысық тұқымдас аңдар, қимылдары шапшаң, кәдімгі үй мысығына қарағанда анағұрлым ақылды. Оның себебі, иттер де, мысықтар да адамдармен бірге тұрғандықтан қоршаған ортаға адамның көзімен қарайды. Ал адамдармен қарым-қатынаста зеректік танытады. Оған көптеген мысал бар. Иттер мысықтардан ақылды деп есептелінеді. Мысықтардың иттерден ақылды болуы олардың тұқымында екендігі анықталды. Иттердің арғы аталары үйірде өмір сүргендігі белгілі. Олар үйірдің басшысына ғана бағынады. Сондықтан болар, ит адамның берген бұйрығын бұлжытпай орындайды. Ал, мысық жеке өмір сүрген. Олар тек өздеріне ғана сенеді. Сондықтан олардың ақылы иттерден жоғары екен. Қазіргі мысықтар да кез-келген жағдайда өзінің бас пайдасын ойлайды. Ит пен мысықтың арасындағы айырмашылықты әр адам әртүрлі қабылдайды. Мысалы, еркектер көбінесе итті жақсы көреді. Әйел адамдар мысықты жақсы көреді. Ал мысықты жақсы көретін еркектер дарашыл болып келеді, итті жақсы көретін әйелдер көпшіл болады екен.

Дерек көзі:Today.kz.

13 пікір

kema
Mynau degen kyzyk janalyk eken))) Postynyz keremet Jako agai))
Karlen
Постын жақсы қызықты екен. Бірақ неге постыңды Қазақ салт-дәстүрлері деген блокқа салдың?
Jako
Негізі "қызықты деректер" блогына жазайын дегенмін, бірақ қоса алмай қойдым.
Daka_sss
ол блогқа жазу үшін, сол блогқа қосылу керек, мүмкін сол үшін шығар???
Jako
Қалай қосыламын, жолын айтып жіберіңдерші.
Daka_sss
блогтар тізімінде сол блогты тауып, сонда жазылып тұрады «блогқа қосылу» соны басу керек
Jako
Рахмет түсіндім, туралап қойдым.
askerbek
Маймыл деген маймыл барма не? 1 орынды айтам..2 орын Шимпанзе маймыл тұқымдасына жатады
Yasin
Карлен, Жако ағаның баласы сенен үлкен баласы саған аға сенсірегенің не?
Jako
Ешнәрсе етпейді, дұрыс ескерту ғой.
Sabions
Иттер мысықтардан ақылды деп есептелінеді. Мысықтардың иттерден ақылды болуы олардың тұқымында екендігі анықталды. Иттердің арғы аталары үйірде өмір сүргендігі белгілі. Олар үйірдің басшысына ғана бағынады. Сондықтан болар, ит адамның берген бұйрығын бұлжытпай орындайды. Ал, мысық жеке өмір сүрген. Олар тек өздеріне ғана сенеді. Сондықтан олардың ақылы иттерден жоғары екен.
мына жерін қайта қайта оқыдым, бір сөйлемің бір сөйлеміңе қарсы емес па? әлде мен қате түсініп отырм ба…
Jako
Қате түсініп отырсың.Біріншіден менікі емес, конипас екені дерексөзде көрсетіліп тұр.Екіншіден автор ит пен мысықты салыстыру арқылы, осы жерде мысықты ақылды етіп көрсетіп отыр.Бұрын итті ақылды екен деп келсек енді мысықтар ақылды екен дегісі келеді.
Moldir_96
Шынымен де,қызық) Қызық дерегіңіз үшін рахмет, Жако ағай! Жарайсыз!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.