БҚО-да бүйірінде араб жазуы бар қозы туды

Қызықты деректер /
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Жаңаөмір ауылында бүйірінде араб жазуы бар қошақан туды. Қозының бүйір жүніндегі жазу араб әріптері екендігін облыстық мешіттің имамы да растайды. Атап айтқанда онда Аллаһ және Мұхаммед деген сөздер жазылған.

Қозы ауыл тұрғыны Сайлаубай Манкеновтың шаруашылығында туды. Жануардың денесіндегі жазуды ең бірінші байқаған оның балалары көрінеді. Қозының бүйіріндегі жазуды суретке түсіріп, облысимамына көрсеткенде ол мұның бір жағындағы «Аллаһ», екінші жағындағы «Мұхамбет» деген араб жазулары екендігін растаған.

«Мен мұндайды естігенім болмаса, көзіммен көрген жоқ едім, енді міне өзім куәсі болып отырмын. Қалалық мешітте мұның араб жазулары екенін тайға таңба басқандай анықтап берді», — дейді Сайлыбай Манкенов.

Жаңөмір ауылының әкімі Аманқос Мүсіреғалиев та мұның айырықша жағдай екенін айтады.

Қозыны ауыл адамдары Аллаберген деп атапты. Ақпарат BNews.kz сайтынан.

7 пікір

pari
иә ол туралы Қазақстан ұлттық телеарнасында айтқан сиқты.
bazaraigul
Батыс Қазақстан облысы Теркеті ауданы Жаңаөмір ауылында
Жако ағай Теректі ауданы болар, қате кеткен сияқты
Jako
Мүмкін,қалай жазылды солай бердім.Өзім анығын білмеген соң жөндеуге батпадым.
bazaraigul
қорықпай дұрыстай беріңіз)) Оралдың қыздарынан анықтап келдім Теректі екен)
Jako
Олай болса жақсы, түзетіп қойдым.
beko
Осы айтылып отқандар бір емес шығар сірә, неге десеңіздер, себебі көрші ауыл Ескі шілікке қыдырып барғанымда, мал кезектен қайтқан малдарды қарсы алар кезінде, сондай қозы көргенім бар еді. Сол кезде бірден таныған едім, себебі арабша кішігірім білгесін шығар оның үстіне сол кездері ЗАМАНА газетіне шыққан еді.
dimash
Сол қозының суреті болғанда ғой, оқығар бір басқа, көрген бір басқа ғой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.