Шоколад инфарктан сақтайды

Қызықты деректер /
Кәдімгі шоколадтың адам денсаулығына пайдасы барын кім білген? Көп жылғы зерттеулер көк шай мен қызыл шарапқа қарағанда, шоколадтың жүрекке тигізер пайдасы көп екендігін көрсетті.
Шоколадтың құрамында тіс арасының ашылуына себеп болатын стрептококк бактериясын жойып жіберетін зат бар.Шоколад құрамындағы полифенол атты зат қан тамырларының ішкі майда қабатының ұзақ сақталуына мүмкіндік туғызып, тамырдың түйінделуіне(тромба) жол бермейді екен. Полифенол құрамы жағынан көк шай мен қызыл шарапта және жеміс-жидекте кездесетін флаваноид сияқты химиялық затқа жақын, ал ол рак пен жүрек ауруларына қарсы күресе алатын антиоксидант болып табылады.
Құрамында полифенолы көп қара шоколадты күнделікті пайдаланғанда адам ағзасында простациклин көбейіп, лейкотрин азайған.Бұл полифенол тамыр қабырғаларын тазартып, қанның қоюлануын азайтты деген сөз.Қан қысымы төмендеген, тромбаның пайда болу мүмкіндігі жоғалған.
Шоколадтың құрамында отыз пайызға дейін май болады дейтін қалыптасқан ұстанымның тым асыра сілтенгенін ғалымдар дәлелдеп шықты.Олардың айтуынша, қан құрамында холестерол деңгейінің көтерілуіне әсер ететін майлы қышқылдар стеариндік және олеиндік қышқылдар арқылы жойылып кетеді.Сондықтан мүмкіндігінше сапалы да сенімді шоколадтарды жеген дұрыс.
Деректер «Мұсылман күнтізбесі 2009-2010» кітапшасынан алынып жазылды.

4 пікір

qyrmyzy
ық ық, жүрегім мықты екен онда! Тәбетім ашылып кетті ғой
qyrmyzy
өйстіп, өйстіп жазып тұршиш, мына біздерді қуантып
Madi
Жарайды, Қырмызы. Анда санда жазып тұрамын ғой.Өзім жазбасам да.
Madi
Ойдан құрастырып өзім жазбасам да.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.