Шашына қарап мінезін таны

Қызықты деректер /
Қара шашты әйелдер.Мұндай әйелдер әдетте айтқанынан қайтпайтын бірбеткей мінезді болып келеді.Айтар сөзін өктем айтып, жұрт назарының бірден өзіне ауғанын қалайтын жандар.Ұтымды әзіл айта білгенімен, кей кездері өткір тілімен орап, бірақ кісі жанына тигенін сездірмейтін мінезі бар.
Қоңыр шашты әйелдер.Шашының түсі қоңыр немесе қоңыр сары әйелдер ашық мінезді, кең пейілді, кез келген адаммен тіл табыса алатын қасиетке ие жандар.Олардың жаны жомарттықты қалайды.Өзінің бойындағы қарапайымдылық пен тартымдылығын жоғалтпайды.Жасанды қылық жасауды ұнатпайды.Тал бойынан байсалды мінезі айқын көрініп тұрады.
Жирен шашты әйелдер.Тумысынан жирен шашты әйелдер өте сирек кездеседі.Ал мұндай әйелдер жан жақты талантты болып келеді.Бір көргенде бұлардың бойынан қаталдықтың бір белгісін байқауға болады, секем де алып қаласың.Алайда олардың мінезі жайдары әрі сезімтал болып келеді.
Сары шашты әйелдер.Тумысынан шашы сары әйелдер мінезі байсалды әрі жұмсақ болып келеді.Көпшілігі мұндай әйелдерді қу әрі сырын ішіне бүккен тымырсық деп кінәлауы мүмкін.Дегенмен, олармен жақсы тіл табыса алатын болсаңыз, бойындағы ізгі қасиеттерімен қуанта алады.Ал олардың жүрегіне жол таба білетін ер адамдарға сары шашты әйелдер ерекше жан сұлулығын сыйлай алады.

Деректер «Мұсылман күнтізбесі 2009-2010 » кітапшасынан алынып жазылды.

15 пікір

Moldir_96
Хехе...қызық) Менің шашымның түсі қоңыр))) Біраз сәйкестіктер бар сияқты деп қояйын;)
ardak1996
бізге қатысы жоқ сияқты, әйелдер дейдіғой)
Moldir_96
Иә… солай екен ғой)))
qyrmyzy
ық ық, боялған шаштар ше?
dimash
Шашын бояса мінезі де өзгеріп кетеді десен иЯ))
dimash
аай қызық екен, бірақ қазір кімнің шашының негізгі түсі қандай ажырату қиын болып бара жатыр ғой, бір тал шашын алып, ацетонмен сүртіп барып танымаса)) қудым)

Әйелология ғылымын зерттемесем де, көпшілігі сәйкес келетін сияқты екен.
Umit-Umit
дұрыс айтасын dimash… Қазір өзімізде ұмытып қалдық негізгі шашымыздың түсі қандай екенін))) ық ық ық…
mairosh
)))) Айттын ау Үміт. Не ғо бір жыл шашынды бояма мінезіңді танисын сосын. Қиын емес қо))))
Umit-Umit
mairosh өз мінезіңді өзің білмесең кім біледі басқа. Шашымды 1 жыл баямай жүріп мінезімді білуге болады деп ойламаймын себебі өз мінезімді білімінғой
mairosh
уахахаххаа қалжыным ғой менің ол. Білем түсінетініңді))))) шашты боямама деген намек деп түсін)))
Umit-Umit
хи хи хи әрине түсінемінғой)))))))))))
AL-ASTER
Еркектер ше???
Korkem
Қара шашты әйелдер.Мұндай әйелдер әдетте айтқанынан қайтпайтын бірбеткей мінезді болып келеді.Айтар сөзін өктем айтып, жұрт назарының бірден өзіне ауғанын қалайтын жандар.Ұтымды әзіл айта білгенімен, кей кездері өткір тілімен орап, бірақ кісі жанына тигенін сездірмейтін мінезі бар.
муахахах, шашым қара еді)))
mairosh
Шашып қоңыр түстес. Бірақ мінезіме баға беріп көрмеппін. Мүмкін сенімен келісуге болатын да шығар. ))))))
Madi
Ендігәрі айтаберге жазбайм ғой дим.Бәрібір өз ойымнан жазып жүргем жоқ.аха…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.