Аскания-Нованы білесіз бе?

Қызықты деректер /
Аскания-Нова туралы білесіз бе?
Аскания-Нова — Украинаның оңтүстігінде орналасқан қорық. Неміс герцогі Фридрих Фердинанд Ангальт-Кетенскийдің құрметіне қорық «Аскания» деп аталған. «Аскания» неміс ақсүйектерінің шыққан жері я әулеті болса керек. 1828 жылы I Николайдың жарлығымен ол осы жердің алғашықы иесі болады. 1855 жылы неміс колонисі Эдуард Фальц-Фейн адам баласы аяқ баспаған қорықтың жаңа иесі атанады. Оның баласы Фридрих қорықты ғажайып зоопаркке айналдырады…
XIX ғасырдың басында II Екатерина саяси және экономикалық байланысты нығайту үшін өзінің туысы әрі неміс герцогі Фердинанд Ангальт-Кетенскийдің қорығында қой мен жылқының ерекше тұқымдарын өсіруді қолға алады. Украинаның оңтүстігі бұл жоба үшін ыңғайлы жер болады. Жылдар өте қорықта киіктер, бизондар, еліктер, жабайы жылқылар тағы басқа аң мен құстың түрлері көбейеді. Қорықты көргенде император II Николай: « Посетивший незадолго до мировой войны владения Фальц-Фейна, был восхищен степным оазисом. О своих впечатлениях писал впоследствии: «Мне предложили чай в саду. Вокруг стола разгуливали цапли, гуси, журавли, смотрели на нас и некоторые подходили и толкали клювами, прося дать им хлеба. Потом хозяин повел меня мимо больших клеток со всевозможными птицами к пруду; на нем плавали несколько сот уток, гусей, лебедей, фламинго разных пород. Дальше мы подошли к знаменитому зверинцу с громадным забором вокруг. Там живут разные козы, олени, антилопы, кенгуру, страусы круглый год под открытым небом… Потом на моторе я объехал огромное стадо овец, коров с зубрами и бизонами, лошадей и верблюдов. Эти стада и табуны пасут полгода в степи, далеко от его дома, и он нарочно для меня приказал подогнать их поближе… Здесь действительно рай!» деп таңғалады.

Половецтердің тасмүсіндері
Қорықта қыпшақтардың 14 тасмүсіні бар.
XI ғасырдың басында половецтер, немесе құмандар, қыпшықтар деп те кездеседі орыс даласының оңтүстігін, Қара теңіз жағалауларын түгел жаулап алған. Дешті – Қыпшақ деп аталатын сайын дала орта Азия мен Монғолия даласынан басталатын. Осы жерден бастап Дунайға дейін түркі тілдес тайпалар емін-ерін көшіп жүрген. Қыпшақтар Монғолияның батыс бөлігінен Днепр жағалауларына дейін мыңдаған тасмүсіндер қалдырып кеткен. Дәстүрге айналған тастан мүсін қашау өнері Шыңғысханның жорықтарынан кейін тоқтаған.
Бұндай мүсіндерді тек қана қыпшықтар емес оларға дейінгі сақ, сармат, одан бергі түркі және иран тілдес тайпалар темір мен қоланы пайдаланып жасаған. Әсіресе Ресейдің оңтүстігі мен Қара теңіз жағалауында көптеп кездеседі. Ең көп кездесетін қыпшақтардың қолынан шыққан тасмүсіндер. Оларды «балбал тастар» деп атайды. Тарихшылыр үшін баға жетпес дерек болып саналатын жәдігерлердің жанынан қарулары, киімдері, пайдаланған заттары да табылған. Бұлар сол дәуірде өмір сүрген тайпалардығ тұрмысы мен тіршілігін, мәдениетін анғаруға зор мүмкіндік туғызады. Балбал тастар бабаларымыздың өнеріне өздері орнатып кеткен ескерткіштері.

1 пікір

followme_alik
Білмегенге маржан. Пайдалы)_ Енді еліміздегі қорықтар туралы жазыла түссе игі =)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.