HEB: гидроэлектрлік кішкене бөшке-генератор

Қызықты деректер /
Майк Лоуэри (Mike Lowery) Пол Прайс (Paul Price)пен бірігіп HEB қондырғысын ойлап тауыпты (гидроэлектрлік кішкене бөшке-генератор ), жылғалар мен өзендердің энергиясын қолданады. Қоршаған ортаға мүлдем зияны жоқ. HEBтің ерекшелігі — кез келген су ағысында оның ағу жылдамдығы мен тереңдігіне тәулсіз жұмыс жасайды екен…


*****************************************************************************************
HEB – ол сырты пластмассадан бүтін құйылып жасалған протекторға ұқсас қалқаншалардан, іш жағы екі шығыршық арқылы тұрақты магнитті генерторға жалғанған бұйым(деталь). Бөшке су ағысында айлана бастағанда генераторы бар блоктарды да бірге айландыра бастайды, ал ол тісті шығыршық-тарымен тұрақты магниттері бар дискті айландырады. Магниттердің қозғалысы — қозғалмайтындай болып бекітілген катушкаларда элект тогын индукиялай бастайды. Құрастырушылардың айтысында бұл құрылғы оңай тасымалданып оңай құрылады екен

16 пікір

KILYZAMAN
Біріміз болмасақ, бірімізге пайдасы тиіп қалар…
Meirzhan
Оқырман контингентінің жас ерекшелігін ескеріп әдеттегідей қиын тілмен жазбағаныңызға рахмет
MSHERIMBEK
Қилекең әдеттегідей өз стилінде:)))
Jako
Көңілге қонбайтын тұстары көп сияқты.Ағыс жылдамдығы болмаса ротордың айналым жылдамдығы қайдан туындайды?
KILYZAMAN
Толық нұсқасы мына жерде
Jako
Қилеке, рахмет! Идеясы дұрыс сияқты, бірақ қажетті айналым жылдамдығын алу үшін протекторлы біліктің диаметрін ұлғайту керек, олай болса соған сәйкес қозғаушы күш судың көлемі өсу керек.Осы жақтарынан қарасақ ойланатын жақтары өте көп екен.
KILYZAMAN
Бөшке су ағысында айлана бастағанда генераторы бар блоктарды да бірге айландыра бастайды, ал ол тісті шығыршық-тарымен тұрақты магниттері бар дискті айландырады. Магниттердің қозғалысы — қозғалмайтындай болып бекітілген катушкаларда элект тогын индукиялай бастайды. Құрастырушылардың айтысында бұл құрылғы оңай тасымалданып оңай құрылады екен
— Астынан су ағып жатса, оське бекітілген бөшкенің мазасы кетпейме? :-)
Jako
Түсінігімде кәдігімгі су турбиналарының кіші модельі ғой. Негізі двигательдерің Қозғалмайтын бөлігі статор болып келеді де қлзғалатын бөлігі ротор емес пе, менімше бұл жерде керісінше ротор қатып тұрады да статор айналады. Өндіоілген токты проводтарға щетка арқылы шығарады -ау деймін.
KILYZAMAN
Маңызды түйін сол жерде сияқты…
Jako
Бұны шындап қолға алса бірдеңе шығаруға болар, бірақ тиімділігі анау айтқандай бола қоймас деп ойлаймын.
KILYZAMAN
Сыйымдылығы үлкен салмағы жеңіл конденсаторлар боладыма екен өзі? Егер болса, мынаның қуатында арттыруға болатын сияқты :-(
KILYZAMAN
Нарықтағы 1 кВттық жел двигателінің бағасы 2 мың евро екенін ескерсек тиімді сияқты…
KILYZAMAN
Мынау жайлы не айтасың бауырым? Қол тигенде аудармасын қоярмын деген ниет жоқ емес
Jako
Күрделілеу екен, бірдеңе айту қиын.
Jako
Килеке, басқаларын қосшы, күтіп жүрмін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.