Блогтың ашылу салтанаты

Қызықты деректер /
Армысыздарма «Айтабердің» ұландары мен арулары!

Мінекей, құдайым сәтін салып, «Гиннестің рекордтар кітабы» атты блог ашып, өздеріңізбен бөлісіп отырмын.

Сіздерден қолдан келгенше көмек беріп, қолдау көрсетіп ат салысуларыңызды сұраймын!

Талай адам тіршілік етіп жатқан бұл жалғанда сізбен-бізге беймәлім қаншама сырлары бар, осылар туралы және көптеген қызықты ақпараттар осы блогта жарияланатын болады.



Алдымен кітаптың тарихына тоқталып өтейін. Бұл кітап 1955 жылы Лондонда алғаш мыңдаған данамен шыққанымен, оның тарихы тереңде жатыр. 1759 жылы Артур Гиннесс Дублинде Сент-Джеймс қақпасының алдында өзінің тұңғыш сыра қайнату цехын ашқан кезде бастау алған. 1983 жылы ол Ирландиядағы ірі кәсіпорынға айналады.

1930 жылы «Гиннесс» компанясы Ұлыбританядағы екі зауытты иеленді, жан-жақтан жарнамалары жалындайды «Гиннесс-бұл тұнып тұрған күш», «Гиннес сіздерге пайда әкеледі» іспетті. Сол кездері «Гиннесс» сырасын кез-келген дүңгүршектерден «пабтардан» сатып алуға болатын еді. Компанияның жеке дүңгүршегі «пабы» болмаған-ды, сол себепті де компания шынайы жарнама іздеумен болдаы. 1951 жылы «Вексфорд» компаниясының ұйымдастыруымен, аңшыларға арналған кешкі ас кезінде, «Гиннесс» компаниясының атқарушы-директоры сэр Хью Бивер келген қонақтардың бірімен бәстескен екен, яғни алтын түстес ржанка (тундра мен орманды мекендейтін құс)- Еуропадағы ең жылдам құ деген болуы керек. 1954 жылы осы тақырыпта тағы да дау туған, қайсысы жылдам ұшады – ржанка ма әлде шотландық құс па(куропатка)? Осы жерде Хью мырзаға тамаша ой келген, мұндай пікір-таластарды пабтарда өткізсек қалай болады. Спирттік тауарларға патенті бар адамдарға, пікір-талас тудыратын сұрақтарға жауап табылатын кітап шығарсақ, кедергі келтірмес деп шешеді.


Осы уақытта «Гиннесс Парк Ройалда» бұрынға рекордсмен-жеңіл атлетші Крис Чэтуэй, кіші сыра қайнатушы болып жұмыс істейді екен. Ол осындай басылым шығаруға дәл керек адамдар ретінде — егіздер Норрис пен Росс Макуиртерлерді ұсынады. Бұлар кезінде Оксфорд университетінің командасының құрамында болып, спринттерге қатысқан, ал кейінірек Флит-стритта өздерінің жеке ақпараттық агенттіктерін ашқан.

Оларға, кейінірек «Гиннестің рекордтар кітабына» айналған басылым шығаруына тапсырма берілген. Зерттеу жұмыстарына бір жылдай уақыт кеткен, соңынан, ақыры 1955 жылы 27 тамызда алғашқы 198 беттік кітап дайын болады. Нәтижесі таңғаларлық болған, Рождество мерекесіне дейін бұл кітап Ұлыбританяда бестселлер болып танылған.

Алғашқы кезде бұл кітапты анықтамалық ретінде кеңінен қолданған, бірақ кейінірек уақыт өте келе кітаптың ішіне адамзаттың қызықты да қиын жетістіктері енгізіле бастаған. Кітаптың таралымы алғашқы айларда 5000 данамен, ал 1956 жылы 5 млн данаға жеткен.


Қазіргі таңда 100 ден астам әлем мемлекеттеріне, 23 тілде таратылады. 2005 жылы 50 шы кітап жинағы жарық көрді. 2003 жылы 100 млн таралымға жеткен, бұл кітап әлемдегі ең көп сатылатын кітапқа жатады. Қызығы осында Гиннесстің рекордтар кітабының өзі «Гиннестің рекордтар кітабына» енген:))

6 пікір

beko
Қызық екен! Әрине қолдаймыз, тек АЛҒА! Өз басым гинестер рекордына қызығамын, блогыңа қосылып, жазбаларды күтейік ендеше!
kaz007
Рахмет улкен, барымды салуға уәде беремін!
MSHERIMBEK
Тамаша идея) Қос қолды көтеріп қолдаймын!
kaz007
Рахмет, Саке!
Manas
Құтты болсын!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.