Алты адам арқылы мен Барак Обамаға ауылдағы апамның домалақтап істеген құртын беру теориясы!

Қызықты деректер /
Бұл мақаланы жазуға түрткі болған Қазақстандық режисёр Тимур Бекмаханбетовтың жаңа жылдық кинотуындысы Ёлки түрткі болып отыр. Сіздерге де көруге кеңес беремін көріп шығуға. Бұл кино туралы рецензияны басқа мақала ретінде жариялармын, әзірге тақырыбымнан ауытқымайын.

алты адам байланысы, теория 6 рукапожатия

Алты қол алысу теориясы! Бұл теорияға сүйенетін болсақ мен әлемдегі барлық адамдармен 5 адам арқылы 6-шы адамды танимын деген сөз, яғни мен Қайрат деген жолдас баламды танимын, ол Бейбіт Қорғанды, Бейбіт Қорған Джонотанды, ал Джонотан Леди Гаганы дегендей мен 5 адам арқылы тікелей Леди Гаганы танимын деген сөз.

Бұл теорияны алғаш 1969 жылы Американдық психологтар Стэнли Милгрэм мен Джеффри Трэверс ұсынған. Олардың теңдеуі бойынша бүкіл әлемдегі барлық адамдар 6 адамнан тұратын бір-біріне ортақ таныстары бойынша барлығы бірін-бірі таниды деген тұжырымға келген.

Милгрэм өзінің тәжірибесінде американың екі қаласын алып өзінің тәжрибесін жүргізген. Ол былай істеген: Бір қаланың тұрғындарына 300 дана хат салатын конверт таратып беріп, белгіл бір адам арқылы екінші қаладағы адамға хатты беру керек болған. Басты шарттардың бірі тек конвертті бергенде тек таныстары немесе туысқандары арқылы беруі керек болған. Тәжірибе кезінде келесі қалаға 60 конверт келген. Милгрэм есептей келе әр конверт бес адам арқылы келгенін анықтаған. Соның нәтижесінде дүниеге «алты адам байланысы» дүниеге келген. Ал ойлай беріңіз бұл 1969 жылы шыққан теория, ал қазіргі таңдағы ақпараттық технологияның заманындағы техникалар бұл теорияның шындыққа жанасатынын дәлелдеп отыр.

әлеуметтік желі, фейсбук алты адам, майкрасофт алты адам, алты адам теориясы

Ірі өте мәліметтер қоры көп Microsoft та, әлемдегі ең көп қолданушы тіркелген Facebook әлеуметтік желісінде жүргізілген есептеулер де осы теорияның нақты болмаса да, сол есептеуге жақын келетіндігін дәлелдеп берді. Microsoft-тың қызметін пайдаланушы 240 миллион қолданушысы 6,6 адам арқылы байланыса алатындығын көрсеткен болатын.

p.s. Ал Обама менің саған таныс, туыстар арқылы салып жіберген апамның құртын алдың ба? Дәмді ма екен? :)

5 пікір

zhurttyn_balasy
Алты қол алысу теориясы (Теория шести рукопожатий) — алғаш рет бұл жайлы оқиғанда таң қалып едім. Әлем тар деген осы ау.
konvict
Қазақта одан да көп шығар ық ық
ereke_enu
Идея жаман емес)))
mairosh
иә осы жазбаға қарап «Елки» «Елки2» киносын еске түсіреді…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.