Алматыдағы мәдени шаралар

Қызықты деректер /
London Beat тобы «Гүлдер» фестивалінде өнер көрсетеді

Ұлыбританиялық London Beat тобы Алматының «Мәдениет жылы» аясында өтетін «Алматы — гүл қала» фестивалінде өнер көрсетеді. «Гүлдер» фестивалі 26 мамыр күні «Астана» алаңында өтеді.
Фестиваль барысында қала тұрғындары мен қонақтары үшін бірегей гүлдер көрмесі, жәрмеңкелер, гүлдермен безендірілген көліктер шеруі, түрлі мәдени ойын-сауық шаралар және эстрада жұлдыздарының концерті ұйымдастырылмақ.

Концертте London Beat тобымен қатар, апалы-сіңлілі Ғаббасовалар би театры, «BLOCK BUSTER», «DIAMOND» шоу балеттері, «Асыл», «Dream Atack», «Eminencia classica», «All Давай», «Beat Rate», «Мате- ЗАЛКА бойз» топтары өнер көрсетеді. Толығырақ...

Алматыда еліміздің барлық гитаристері бас қосады

30 мамыр күні «Ретро-Шлягер» клубында гитаристердің слеті өтеді.
Оған еліміздің барлық гитаристері қатысады. Шараның ұйымдастырушысы — Ерлан Көкеев. Фестивальдің мақсаты – гитарада ойнайтын музыканттардың басын қосу, музыкалық қабілеттерін дамыту және тәжірибе алмасу болып табылады. толығырақ...

Шапық Шөкиннің 100 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

29 мамыр күні Астана қаласындағы К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрында Қазақстан энергетикасының «атасы» Шапық Шөкиннің 100 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді.
Шараның ұйымдастырушысы — Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Кешке Секен Тұрысбеков, Алтынай Жорабаева, Қайрат Байбосынов, Ұлттық дәстүрлер театрының фольклорлық ансамблі және «Үкілім» би ансамбльдері қатысады. толығырақ...

«Парыз» сериалы эфирге шығады

Мамырдың 28-нен бастап, «Қазақстан» Ұлттық арнасында «Парыз» сериалы көрсетіле бастайды. толығырақ...

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.