Сіз білесіз бе?

Қызықты деректер /

Бір жылан 3 жыл бойы ұйықтай алады.
Бал бұзылмайтын жалғыз тағам.
Теңіз жұлдызының миы болмайды.
Жүзім микротолқынды пештерде атылады.
Құмырсқа су астында екі апта өмір сүре алады.
Жердің тартылыс күші болмаған жерде шамның (свечка) оты шеңбер тәрізді болады.
Таңертеңгісін алма жеу, ұйқыны кофеден де тез ашады.
Автомобиль саны адам санынан 3 есе тез көбеюде.
Туған күнімізді ең аз дегенде 9 миллион адаммен бөлісудеміз.
Қытайда ағылшынша сөйлейтін адамдардың саны АҚШ-тағы адамдардан да көп.
Бір стакан ыстық су суық судан да тез тоңады.
13 санын бақытсыздық деп білулерінен АҚШ-тың көптеген қонақ үйлерінің 13-ші қабаттарында бөлме жоқ.
Ең ұзын бойлы адам 1940 жылы өлген, бойы 2,72 метр болған АҚШ тұрғыны Р.П.Уадлоу.
Балдыркөк (сельдерей) жегендегі калория шығыны балдыркөктің өзінің калориясынан да көп.
Ғарышта тартылыс күші болмағандықтан астронавтар жыласа да жасы төменге түспейді. Бірінші дүниежүзілік соғыста Франция елдегі бүкіл таксилерді кәмпескелеп әскерлерін фронттарға осы такси көліктерімен тасымалдаған.
Күніне 1 метрге өсетін шырмауықтар бар.
Дүниедегі ең ұзын ағаш 127 метр.
Бір бактерия 1 секундта өзінің айналасында 100 рет айнала алады.
Күшігендер 4 км. ұзақтағы киіктің өлі немесе ұйықтап жатқанын анықтай алады.
Масалардың еркегі өсімдіктердің суымен, ұрғашылары қанмен қоректенеді.
Бір қылыш балығының жылдамдығы 109 км/сағ. жете алады.
Қытай дуалының ұзындығы 10000 км-ге жетеді, кей жерлерінде қалыңдығы 10 метр.
Стамбулдағы қоқысқа тасталған нандармен бүкіл Норвегияны тойдыруға болады.
Баспахананың шығуынан бастап ІІ-дүниежүзілік соғысына дейінгі басылған жазулардан көбі қазір бір күнде басылып шығуда.
Бір тілім нанның қуаты бір миль жүгіруге жетеді.
ІІ-ғасырда Каирде 12 қабатты үйлер болған.
Инквизиция (католик шіркеулерінің жазалау мекемесі) 300 жыл ішінде 34 мың адамның жағылып өлтірілуіне шешім қабылдаған.
Польша королі Августтың 350 баласы болған.
Осман Империясының ілгерілеу дәуіріндегі жер көлемі 24 миллион км2 ауданды қамтыған.
АҚШ тың банкноттарының 97% да кокаинның іздері бар.
Қыс мезгілінде Эйфель мұнарасы 15 сантиметрге төмендейді екен.
«YouTube» дегі барлық видеоны қарап шығу үшін 1000 жылға жуық уақыт керек екен.
Хьюстон қаласы (Техас штаты) батпаққа салынған.
Трискаидекафобия – 13 санынан қорқу
Тышқандар ірімшікті ұнатпайды екен.
Әлемде өмір сүріп жатқан адамдардың әрбір жетіншісі – қытайлық
1845 жылғы ағылшындардың заңы бойынша, өз-өзіне қол жұмсап тірі қалғандар, өлім жазасына кесіледі екен.
«ОК» сөзі әлемдегі ең жиі айтылатын сөз.
1945 жылы Майк атты әтеш 18 ай бойы басы жоқ күйінде өмір сүрген.
Ресейде АҚШ қа қарағанда 100 долларлық купюра көп екен.
Унитазға қарағанда ұялы телефонда микроб 5 есе артық болады екен.
Ғаламтордағы барлық суреттердің 80% порнографиялық екен.
1111111 x 1111111 = 1234567654321
Windows – та «Con» деген атпен файл құра алмайсыз.
Үндістанда итпен заңды түрде некеге отыруға болады екен.
Жердің салмағы 6,600,000,000,000,000,000,000 тонна.
Жирафтың баласы туған кезде 2 метр биіктіктен құлайды екен.
АҚШ тағы барлық Кока Кола автоматтарын бірінің устіне бірін қойса 724 километр биіктігі бар мұнара жасауға болады екен.
Жаңа Зеландияда қойдың саны, адам санынан 15 есе көп екен.
Альберт Эйнштейн ешқашан аяғына шұлық кимеген.
Көбелектер дәмді аяғымен сезеді.
Адам өмірінің 2 апта уақытын бағдаршамды күтуге жібереді екен.
Алғашында фэн-шуй зиратты безендіру өнері болған.
Ежелгі Римде егер науқас ота кезінде өліп кетсе, дәрігердің қолын кесетін болған.
Наполеон мысықтардан қорқатын болған.
Ең қысқа соғыс Занзибар мен Ұлыбритания арасында болған. Занзибар 38 минуттан соң берілген.
Пияздың дәмі болмайды, тек иісі ғана.
Күніне 2 ші Дүниежүзілік соғыстың 1000 ға жуық ардагері өмірден өтеді екен.
Сиена қаласында (Италия) есіміңіз Мария болса, жезөкшелікпен айналысуға тиым салынады.
Мұнайдың 1 тамшысы 25 литр суды ішіуге жарамсыз қылады.
Ватикан Жердің айналатынын тек 1992 жылы мойындаған.
1 жылда 31 557 600 секунд.
Американдықтардың 49% нанның бидайдан жасалатынын білмейді екен.
Страус жұмыртқасын суға пісіріп жеу үшін 4 сағат қажет екен.
Мұнайдың бір ғана тамшысы 25 литр суды ішуге жарамсыз етеді.
Ертедегі қытай ойшылдарының пікірінше, ұйықтаған кезде әулиелер арқасымен, күнәһарлар — ішімен, патшалар — оң жағымен, данышпандар — сол жағымен жатқан.
Науру — ресми астанасы жоқ әлемдегі жалғыз мемлекет.
Адамның тырнағы мен шашы өлгеннен кейін де өседі екен.
Футболшы бір ойында шамамен 11 шақырым жүгіреді.

35 пікір

qyrmyzy
Қызықтары бар, бірақ көп әріп! рахмет! Дереккөз?
alikona
Қыс мезгілінде Эйфель мұнарасы 15 сантиметрге төмендейді екен.
қызық, неге екен?!
balgalym
темпиратураға байланысты деп ойлайм, ыстықта кеңейед, қыста азайад.
alikona
сонда ол неден салынған?
balgalym
үлкен ұзын газ-мұнай құбарлары соғылып жатқанда жер үстінде тұрады, сол кезде жазда азанда жарты 30-40см-ге дейін қысқаратын.
alikona
Тышқандар ірімшікті ұнатпайды екен.
Джерри жақсы көруші еді ғой)))
followme_alik
Күшігендер 4 км. ұзақтағы киіктің өлі немесе ұйықтап жатқанын анықтай алады.

Күшігендер деген не ?

Масалардың еркегі өсімдіктердің суымен, ұрғашылары қанмен қоректенеді.


Ажал аузындағылар да сол ұрғашылары бопты ғой...
Sabions
күшігендер… мен күшіген емес қасқыр или қарсақ деп бір жерден оқыған едім… қасқырлар (қарсақтар) 4 км. ұзақтағы киіктің өлі немесе ұйықтап жатқанын анықтай алады.
alikona
Windows – та «Con» деген атпен файл құра алмайсыз.
хехе)тексеріп көрдім, шынымен де, бұрын білмеппін, тағы да неге екен?!!!
Manas
Құмырсқа су астында екі апта өмір сүре алады.

Мынау Қызық
Abylai
Дереккөз қайда?
balgalym
бірнешеуін гугл көкем растады
Nursultan2002
Гуглдан сіз білесіз бе? Деп іздеңдер
qyrmyzy
Қарағеем, сол гуглдатып жазғаныңды жаза кету керексің!
Nursultan2002
1111111 x 1111111 = 1234567654321
dimash
«YouTube» дегі барлық видеоны қарап шығу үшін 1000 жылға жуық уақыт керек екен.

YouTub-та видеолар мен ойлағаннан да көп екен ғой…

Ежелгі Римде егер науқас ота кезінде өліп кетсе, дәрігердің қолын кесетін болған.

Дәрігерлер тым аз болған шығар…

Унитазға қарағанда ұялы телефонда микроб 5 есе артық болады екен.

Мен практикада іш пысса спиртпен сүртіп, тазалап отырамын)

Туған күнімізді ең аз дегенде 9 миллион адаммен бөлісудеміз.

Күмәнім бар…
balgalym
Туған күнімізді ең аз дегенде 9 миллион адаммен бөлісудеміз.
Күмәнім бар…
6 000 000 000 адам / 365 күн = орташа есеппен бір күнде 16 438 356 адамның туған күні болады.
Nursultan2002
pari
мынау смайлик ненің құрметін, әлде СЖ-дағыдағы сұрағыңа жауабына қанағат етіп қуанып нетіп жатқаның ба?:)))
Nursultan2002
Қайдан білесің?
pari
бақысымын муахахаа
Nursultan2002

Сендерге
pari
еее бізге қызыл қағаз беріп жатырсың ба, әлдее спам беріп жатырсың ба? жә қой орынсыз смайликтерді шаа берме таусылып қалады :)
Nursultan2002

Сендерді банға салайын ба?
balgalym
Nursultan2002, неге жынданасың? мақалаң маған ұнады.
Nursultan2002
Жынданып жатқан жоқпын
balgalym
бұнда трольдер көп, назар аударма ондайларға
pari
салмашы өтінемін бртәшкіі:)))
ardak1996
Мен мына постты кейінірек оқып шығармын. Бірнәрсе айта кетсем: 3сынып оқиымын деп едің, қателеспесем. Ғаламторды жақсы меңгеріп алғанаға ұқсайсың.Риза болдым.Рахмет, талабыңа нұр жаусын)
ardak1996
Үндістанда итпен заңды түрде некеге отыруға болады екен ОМГ))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.