Күн бетінен Венера өтеді

Қызықты деректер /
Бірнеше күннен кейін Жер шары тұрғындары ең сирек астрономиялық құбылысқа куә болады. Маусымның 5-і немесе 6-да Күн шарасынан Венера өтеді. Бұл туралы НАСА ғалымдары мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, мұндай құбылыс сирек қайталанады. Өйткені, Венера Күн бетімен келесіде тек 2117 жылы ғана өтеді. Яғни, Венера Күн алдынан кішігірім қара дақ тәрізді көрінеді. Күнге қарағанда көзілдірік киіп, не арнайы фильтрі бар телескопты пайдалану керек, дейді мамандар. Әуелде Венера Күн шарасынан 2004 жылы, ал оның алдында тек 1882 жылы өткен екен.

7 пікір

balgalym
Тамаша, біз көре аламыз ба?
Jako
10-ға да кеиеген балаға ауыр тақырып емес па екен?
qyrmyzy
Дереккөзді жаза сал!
pari
Иә, ақпаратыңа рахмеет:)
Мен мұндайды алдында теледидардан естігенімін:) Естігенде қатты қорықтым.Бірақ
Венера Күн алдынан кішігірім қара дақ тәрізді көрінеді
деген сөзден кейін көңілім орынан түстіі:).Қарауға, көруге,қызықтауға тырысамын:)))
Aidar
Күн тұтылуын, ескі бейне касета лентасы аркылы көріп ем! Бұл жолы лента табылар мекен))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.