Түрлі қызықтар!

Қызықты деректер /
Естімеген елде көп!

1. Мұздың тығыздығы бетонның тығыздығына тең.

2. Лас қар таза қарға қарағанда баяу ериді.

3. Ауаға қарағанда мәрмәр дыбысты он есе жақсы өткізеді.

4. Ауаға қарағанда болатта дыбыс он бес есе жылдам тарайды.

5. Таза алтын өте жұмсақ, оны қолмен майыстыруға болады.

6. Ыстық су салқын судан ауыр.

7. Кавказда қарбызды тұздайды.

8. Құрамында ең суы көп көкөніс – қияр.

9. Қара шайға қарағанда көк шайда С дәрумені 50 пайыз артық.

10. Қыста ағаш өспейді.

11. Бір түп ащы жусанда 100 000 тұқым бар

12. Жаңа үзілген алма суға батпайды.

13. Швейцарияда орден, медальдар жоқ.

14. Кувейт пен Катарда табыс салығы салынбайды.

15. Ұлыбританияда конституция жоқ.

16. Ең суық астана – Улан-Батор.

17. Сауд Арабиясында бірде-бір өзен жоқ.

18. Рим атты қала барлық континентте бар.

19. Территориясында шөлі жоқ Таяу Шығыстағы ел – Ливан.

20. Шөлі жоқ жалғыз құрлық – Европа.

21. Ең биік 25 шыңның он тоғызы Гималайда.

22. Экватордан бастау алып, теріс қарай ағатын жалғыз өзен – Ніл.

23. Жердегі ең жылы теңіз – Қызыл теңіз.

24. Вашингтонда адамнан телефон көп.

25. Малайзияда жол полициясы жоқ

16 пікір

kuka097
10. Қыста ағаш өспейді.

Келіспеймін шырша ағашы өседі қыста!
SteVen_S_Sanzhar
ШЫрша қыста өспейді тек Жасыл қалпын сактап калады
Jako
Негізі пост пайдалы,ішінде естімеген нәрселер бар екен.
alikona
8. Құрамында ең суы көп көкөніс – қияр.
қызанақта көбірек
alikona
18. Рим атты қала барлық континентте бар.
түсінбедім?
balgalym
Автралия, Антарктида, Африка, Евразия, Оңт-Солт Америка деген материктерде Рим атты қалалар бар дит :)
alikona
ммм қызық екен)
banzaika1990
Жаңа үзілген алма суға батпайды.
— ауылда керісінше жуғанда суға батпаған алмаларды шіріген деп жеми қоятынбыз))))))))))
Малайзияда жол полициясы жоқ
— онда барлығы жаяу жүретін шығар
qyrmyzy
Шөлі жоқ жалғыз құрлық – Европа.
дә?
Akmanat
ыстық сумен салқын суды мұздатқышқа қойсаң бірінші ыстық су мұз болып қатады
bayangali-1986
Түйенің етін жеген жүкті әйел 12 ай өткесін босанады
bayangali-1986
Жақын болашақта Еуразиялық Одақ құрылып, оның құрамына Ресей, Қытай, Индия, Иран, Ауғанстан қосылады. Болжам
Zhassiko
<code>12. Жаңа үзілген алма суға батпайды.</code>
Таза піскен алмада болу керек. Піспеген алманы жұлып алып суға салсаң түбінде қалып кетеді.
<code>10. Қыста ағаш өспейді.</code>
Қысы жоқ елдерде өсуі мүмкін.
pari
13. Швейцарияда орден, медальдар жоқ.
бұл тек жаәй ғана біржерде жазылған пост, нақты дәлел жоқ!Қалайша орден медальдар болмайды., немесе барып көрдіңдер ме?! Сенбеймін!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.