ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК БАЙ МУЛЬТФИЛЬМІ ЖӘНЕ КӨРЕРМЕНІН КӨП ЖИНАҒАН МИККИ МАУС МУЛЬТФИЛЬМДЕРІ

Қызықты деректер /
суретАтақты американдық суретшісі, режиссер, продюссер, Микки Маус мультфильмдерінің негізін қалаушысы және атасы, өзін әлемдік даңққа бөлеген толық метражды фильмдердің тұтас топтамасын (серия) жасаушы Уолт Дисней 65жылдық өмірінде ұрпаққа өшпестей із қалдырды. Ең мықты деген фильмдерін өмірге әкелген көркемөнер докторы 29 рет Оскар сыйлығын алып, АҚШтың жоғарғы үкімметтік АЗАТТЫҚ медалімен марапатталды.
Чикаго қаласында қарапайым отбасында өмірге келген болашақ мультипликатор 4 жасынан сурет салумен айналысады. Қаламы мен қағазы болмаған майлы таяқпен (смола) үнемі үй қабырғасын сызып жататын. 3жылдан кейін өзінің суреттерін көршілеріне сатып, ақша табады. Арада 40 жыл өткен соң осы суреттері аукционға түсетінін білмеген еді. Дисней жетістігінің негізі түбірі оның ерік жігерінде, өжеттігі мен алған бетінен қайтпайтын қайсарлығында еді. 14 тілде 700 жуық фильм түсірген өмір бойы тек өнімді еңбек етумен ғана талпынған.
Чикагоның шуына үйренісе алмаған Уолттың әке шешесі Миссури штатындағы Марселин қаласына көшіп, басқа қалада әкесі шағын ғана құрылыс бизнесімен айналысады. Жоқшылық өмір Кішкентай Уолтқа әсер етпей қоймайды. Басқа қалаға Канзас Ситиге қоныс аударады. 8 жасқа келген кезінде буыны беки қоймаған Уолт тым жастығына қарамастан ерте тұрып газет жорналдар тарататын әрі әкесінің шағын фирмасын жарнамалайтын. Тапқан табысының барлығын қатыгездікпен әкесі тартып алаушы еді. Газетке жазушылар пайда болғанда, әкесінен жасырып, ақша жинай бастады. Ол кезде комикс тәрізді суреттерді салуды армандайтын. Бірақ сурет салуға мүлдем уақыты болмайтын. Себебі әкесі сурет салғанын құптамайтын, өйткені әкесі суретшілердің барлығы қаңғыбас болады деп есептейтін. Оған қарамастан, мінезі бірбеткей бала Канзас Ситидің көркемөнер институтында, Чикагоның көркемөнер акадеимясында білім алды.
1919ж Әскерден Канзас Сити қаласында оралған Уолт коммерциялық студияның көркемдік жетекшісі жұмысын істейді. Сол жерде жас суретші, әріптесі Юба Айверксті кездестіреді. Ойлары бір жерден шыққан суретшілер бірігіп, шағын ғана баспанада Дисней-Айверкс комерциялық суретшілер студиясын ашады. Жұмыстары жұріп, алғаш рет 2 минуттық жарнамалық фильм түсіреді. Фильм тек кинотеатрларда көрсетілгендіктен, студияларын Лос Анджелеске көшіреді. Бар ойлары киноөндірісінің отаны Голливудқа сәл жақындау еді. Уолттың Канзас Сити Фильм Эд компаниясына жұмысқа суретші мультипликатор қабылдаймыз деген жарнамаға көзі түседі. Суреттерін көрген компания директоры аптасына оған 40 доллардан төлейтінін айтады. Ол үшін керемет ұсыныс болды. Келісімін беріп, 1920ж ақпанында Юба екеуі құрған коммерициялық фирмада жұмыс істеуден бас тартып, Фильм Эд компаниясына кіреді. Ол жерде тұрақтамай, кері қайтады. Ол жерден туған ағасын Рояны көріп, қоймасынан ағасының дүкен ашады. 1926ж өздерінің бала кезден ойнаған армандарына қол жеткізіп, ағасы екеуі Калифорниядағы ең алғаш ДИСНЕЙ студиясын ашып, анимациялық мультфильмдер мен фильмдер түсіреді.
Уолт Тышқаннанқатты қорқатын. Студия қоймаларында тышқандар толып жүретін. Өзінің атын әлемге дәл сол тышқанның атын паш ететін білмеген еді. Микки Маус мультфильмін түсіру туралы ойына Лос Анджелестен Нью Йоркке бара жатқан жолда келеді. 1927ж ағайындыларды алдап, Освальд жолы болғыш қоян фильмі экранға шығару құқынан айырғаннан кейін, өзінің фильміне қызықты кейіпкер іздейді. Осылайша ол көңілді, қайраты тасыған Мортимер кейіпкерін ойлап табады. Алғашында тышқан біз көріп жүрген тышқаннан өзгеше ұсқынсыз болатын. Есімі Микки емес, Мортимер еді. Бірақ бұл есімЛиллиэнның ұсынысы бойынша есімін Микки Маус деп өзгеріп жіберді.Суретін Юб Айверкс салады. Дауысын дыбыстаған өзі Уолт еді.
1929ж түсіріле бастаған Ақымақ симфониялар мен Ақшақар мен жеті ергежейлі атты әлемдегі тырнақалды туынды бірінші рет толық метражды мультипликалық фильмі үлкен жетістік әкеледі. Бұл мультфильмдердің кейін диснейлік атақты тұрақты кейіпкерлерге айналған Плуто мен Гуффи пайда болды. Сосын ең алғаш рет Миккидың қатысуымен Кнцерт түрлі түсті фильмі түсірілді.1940ж бұлардың қатарына Пиноккио, Фантазия, 1941ж Дамбо, 1948ж Африкалық арыстан, Робин гуд, Ақша қар, Мэри Поппинс фильмдері түсіріліп кете берді. Күңқыз, Күлқыз(Золушка) да Диснейдің классикалық мультфилмдеріне айналды.
1955ж Калифонияда балаларға арналған әлем бойынша ең үлкен зор Диснейленд саябағы мен парк аттракциондар бағын ашыды. Одан кейін, Диснейлендтер Флоридада, Токиода, Парижде ашылады. 1965ж қалалық өмірді жақсарту мәселесіне көңіл аудару басталады. Осыдан соң екі Манхэттен сыятын, бос жатқан 43 шаршы миль жерді сатып алып, Дисней Әлемін ашуды жоспарлайды. Көңіл көтеру орталығы, демалыс орны, шипажайдан, қонақ үй, басқада кешендерден тұратын Дисней Әлемі 7 жыл жоспарланып, 52 айдың ішінде, салынып бітеді. 1971ж 1 қазанында Дисней Әлемі іске қосылып, келушілерге есігін ашты.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.