Incredibox [ән конструкторы]

Қызықты деректер /
Қызықты деректер: incredibox

______________________________________________________________________________________________________

Incredibox конструкторы Сізге әуен, ритм, хор және эффект жиынтығынан өз бетіңізбен (онлайн) ән құрауға мүмкіндік беретін қызықты сервис. Дыбыстар аз боп көрінгенімен, 137 980 үйлесім табуға болмақ. =)

Сіздің әрекеттеріңіз:

— Сайтына кіресіз ----> www.incredibox.com/
— Интросын өткізесіз… Төмендегідей терезе шықпақ:

Қызықты деректер: incredibox

Қызықты деректер: incredibox

Қызықты деректер: incredibox

Таңдау, ерік өзіңізде. Кез келген дыбысты тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, алып, анимациялы кейіпкерге «кигізесіз»...
Қызықты деректер: incredibox

Қызықты деректер: incredibox
Қызықты деректер: incredibox

Бір уақытта ойналатын дыбыс саны 7-імен шектеледі.

Қызықты деректер: incredibox

Мынау жасалған әуенге бір мысал:



Құраған әуеніңізді «жазу» -ға болады =)

Shuffle mode — бұл режимде дыбыстар кездейсоқ ретпен шығады. Сәтті дыбыс үйлесімі бар, гармониялы деп тапқан жағдайда manual mode-ты басып, Әуен құрауды жалғастыруыңызға болады =)
Қызықты деректер: incredibox

Қызықты деректер: incredibox

Болды-ау деген кезде дайын композицияңызды тыңдап, ән саласындағы креативтілігіңізге қайран қалуыңыз қана қалды. Игілігіңізге қолданыңыз )

Конструктордың бірінші нұсқасы 2009 жылдың тамызында қолданысқа енді. 2012 жылдың 1 наурызында интерфейсі жаңартылған жаңа нұсқасы пайда болды. Өз кезегінде инновациялығы үшін сервис Favourite Website Awards сыйлығын иемденді.
Сервисті француздық So Far So Good медиастудиясы және әнші Incredible Polo бірігіп, жасап шығарды. Ендеше,
" Ермектеніңіз, Думанданыңыз "
XD

19 пікір

followme_alik
бұрын шыққанымен, бүгін байқадым)) _ Көршілердің қызуқандылығына қарамай, өзімше минус құрап, әндетіп шықтым. Көңіл көтеріңкііііііііііііІІІІІІ XD
Abylai
Мынау керемет екен, үйге барғасын дұрыстап қарармын. +
rauan
осыдан 1-2 ай бұрын кіріп түрлі түрлі әндер жасап едім, бірақ сақтай алмадым..Қалай сақтайды ????
followme_alik
30-ына дейін жеткен соң, ревьюмен тыңдап аласың, одан соң Share-ны басып, ән сипаттамасын жазып, оны майл. соц желіңнің адресіне жібересің. Хатпен келген хатта Сии зэ композишнді бассаң, өзінің сайтында сақтаған қалпы ашып береді. Ал кәдімгідей жазуды білмедім))
rauan
www.incredibox.com/?music=4FE089C05AB08 далбаса шықты ))) іш пыстырарлық
followme_alik
Your super song-ыңа оң баға. Бір «босаңсыған шабыт» сезіліп тұр =)
Zhassiko
Дауайте, пантазиямен шығарған әнді осы жерге салып көрелік:)
Вооо ғой, бірінші рет көріп отырмын.
followme_alik
Жақсы ой! Жасапжатрм)
zhurttyn_balasy
Тамаша, бір серпіліп қалдым. Құлаққа жағымды әуендер екен. Мен тек мына үш жігітті сайратып қойып, тыңдааап отырмын. Тыныштандырады екен
үш жігіт

Жазбаң бір жаңалық болды. Рахмет
followme_alik
Әнімнің аты былжырақ)
Zhassiko
вааау, бір өлеңді тыңдап, екі түрлі әсер алдым…
rauan
Керемет екен… сөз жоқ.
alikona
Алик деген сен бе?өзін істедін бе?
AKA
Жақсы екен, әндетіватрм :))
dimash
Менде бәрі жамырап кете беред))) Қызықты екен, іш пысқанда ермек ғылатын
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.