Бір әннің тарихы. Жар-Жар әні

Қызықты деректер /
суретҚазақтың кез келген шаңырақ көтеру тойы Жар-Жарсыз өтпейді. Екі жастың ғұмырларының бір арнада тоғысып, екі жақтың ортақ қуанышына куә болған жандар шырқайтын танымал Жар-Жар әнінің авторы ұмыт болғандықтан, ел аузында халық әні деп аталып кеткен. Дәстүрлі той әнінің әуені халықтікі болғанымен, сөздерін белгілі тұлғалы ақын Әбдірахман Асылбек жазған.
Ә.Асылбек Жамбыл облысы, Талас ауданының тумасы достарымен арман қуып, Алматы шахарына оқуға келеді. Қаладағы Қазақ педагогикалық институтының, тарих филология факультетінде оқып жүрген кезінде жерлесі Берден Байқошқаров отау құрғалы жатқанын айтып, оған тойға шақыру қағазын беріп кетеді. Той кезінде бір ауылдан түлеп ұшқан достар бас қосып, тойға тартатын сый кәде туралы ақылдасады. Танымал Жар-Жар әнінің сөзін жаңаша жазып, тойға шырқау туралы ойы келеді. Ақынның қаламға жақындығы бар екенін білетін жолдастары әнге жаңадан сөз жаз деп өтініштерін айтады. Бұл ән 1959ж күз мезгілінде болған, жазылған.

19 пікір

followme_alik
жар-жардың өзін қосқоймадың ба:

Жар-жар

Сөзі: Әбдірахман Асылбектікі

Әні: Халықтікі

Осы өмірге лайық отты жағып, жар-жар,
Келеді, әне, екі жас топты жарып, жар-жар,
Үлкені мен ауылдың жасы мұнда, жар-жар,
Жас келінді көруге асығуда, жар-жар.
Құтты болсын тойларың замандастар, жар-жар,

Жаңалыққа жар болып, қадам бастар, жар-жар,
Бірге аттаған босаға берік болсын, жар-жар,
Үйлеріңе құт-бақыт келіп қонсын, жар-жар.
Күндей күліп көктемгі көңілдерің, жар-жар,

Қызғалдақтай құлпырсын өмірлерің, жар-жар,
Тұған айдай толықсып, толыңыздар, жар-жар,
Жаңа өмірдің жаршысы болыңыздар, жар-жар.

Қадамдарың екі жас, құтты болсын, жар-жар,

Ақ отаудың еңсесі мықты болсын, жар-жар,

Ата-ананың үмітін ақтаңыздар, жар-жар,

Махаббатты мәңгілік сақтаңыздар, жар-жар!

_____________________________________________________________________________________________

Жақында той, EiywhUuuuuuuuuuuuuuu))
AKA
Жақында той
Толығырақ… толығырақ…
m170785
қосатынын қосатын едім, асығып үсігіп, қолым тимей, асығыс жазба болған соң, жаза алмадым, келесіде ол олқылықтың орнын толтырамыз
Korkem
ылғи асығыс-үсігіс жүреді екесіз да. Адам сабырлы болса мына мен неге оған ғашық болмасқа?)))))
pari
мына мен неге оған ғашық болмасқа?)))))
ойландырып тастадыҮ
m170785
))), ай Көркемжан ай )))
qyrmyzy
біз де қатысы бар той ма? Біз де барамыз ба?
Jako
Әбекеңмен жерлес, тумалас, бір ауылдың түлегіміз. ол кісінің әндерге арнап жазған өлеңдері баршылық.
dimash
Бұл кісінің көпшілікке танымал «Желтоқсан желі» деген де өлеңі бар ғой. Сосын Рахат Тұрлыхановтың орындауындағы «Асыл әже» әнінің де сөзін жазған осы кісі. Уйде бір газеттен көргенмін бұрын… Соны казір іздеп қайтайын, ішінде осы ағамыз туралы қызықты ақпараттар оқығанмын.
m170785
оебоооооой Көркем, кімге ғашық боп жүрміз, аааа?
pari
түсініуімші Мақсат ағамысзға
m170785
өөөй, қой, и
qyrmyzy
нәп нәрмәлний қыз ғО, неге өөөйй, қой дейсіз?
m170785
нәп нәрмәлний қыз екені айдан анық, сонда кімге құлап жүр ғашық )))
qyrmyzy
алтыншы сезім тек әйел затында ғана болатын сияқты көрінеді
qyrmyzy
Осы әнді естиген сайын тұла бойымды бір ерекше сезім билейді дееп құкеткенсің ба… Негізі, жылайтыным анық, айдан анық!
m170785
Осы Қырмызы ақ жіләәәәй береді екен ақ )))
qyrmyzy
Ағасы-ау, ұзатылып жатқан кез келген қыз жылайды, негізі.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.