Ерте кездегі тарихи жауаптар

Қызықты деректер /
♦ Сұлтан Алпарслан 27 мың әскерлерімен Византия топырақтарында ілгерілеп келе жатқанда барлауға жіберген әскерлерінің біреуі алдына келіп, үреймен: «300 мың адамдық дұшпан әскері бізге жақындап келеді.» дегенде Алпарслан: «Біз де оларға жақындап келеміз» деген екен.

♦ Сократ өлім жазасына кесілгенінде әйелі: «Әділетсіз түрде өлім жазасына кесіліп жатсың!» деп жылай бастайды. Сократ оған былай деп жауап береді: «Не, сонда әділетті түрде өлтірілуім керек пе еді?»

♦ Явуз Сұлтан Сәлім хан басқа да Осман патшалары секілді жорыққа аттанатын жерлерін құпия ұстайды екен. Бірде жорыққа шығарда уәзірлерінің біреуі қай өлкеге бара жатқанын қоярда-қоймай сұрайды. Явуз Сұлтан оған: «Сен сыр сақтауды білесің бе?» дейді. Уәзірі: «Әлбетте әміршім, білемін» дегенінде сұлтан: «Мен де білемін» деп жауап беріпті.

♦ Франция үкімет мүшелерінің бірі саусағын картаның үстінде жүргізіп: «Ең бірінші осы жерді жаулап алуыңыз керек еді, сосын басқа жерлерді жаулай беретін едіңіз» деп Наполеонға сын айта бастайды. Сонда Наполеон: «Иә, оларды саусақпен жаулап ала беру мүмкін болғанда айтқаныңыздай істер едім» деген екен.

♦ Бір философтан «Сіз сәттілікке (везение) сенесіз бе?» деп сұралғанда философ былай деп жауап қатыпты: «Иә, әйтпесе жақсы көрмейтін адамдарымның жетістіктерін қалай түсіндірер едім.»

♦ Бір жиналыста бір жас жігіт түрік ақыны Мехмет Акифты кемсіту үшін: «Кешіріңіз, сіз ветеринарсыз (мал дәрігерісіз) ба?» деп сұрағанында, Акиф еш қынжылмастан: «Иә, бір жеріңіз ауырып тұр ма?» деп жауап беріпті.

♦ Бір күні философ Диоген өте тар көшеде бай, тәкаппар адаммен кезігіпті. Біреуі шетке шығып жол бермейінше өту мүмкін болмапты. Алайда, маңғаз бай философқа: «Мен бишараларға жол бермеймін» депті. Сонда Диоген жолдың шетіне шығып: «Ал мен жол беремін!» депті.


►Дереккөз◄

12 пікір

alikona
«Базарс нет!»иа иа Димаштан ұрладым рас
alikona
«Кешіріңіз, сіз ветеринарсыз (мал дәрігерісіз) ба?» деп сұрағанында, Акиф еш қынжылмастан: «Иә, бір жеріңіз ауырып тұр ма?» деп жауап беріпті.
малодец)
pari
Бір күні философ Диоген өте тар көшеде бай, тәкаппар адаммен кезігіпті. Біреуі шетке шығып жол бермейінше өту мүмкін болмапты. Алайда, маңғаз бай философқа: «Мен бишараларға жол бермеймін» депті. Сонда Диоген жолдың шетіне шығып: «Ал мен жол беремін!» депті.
мынағаг күлмей мүмкін емес енді…
Jako
Бұған күлу емес, ойлану керек, менімше.
banzaika1990
ерте кезде де неше түрлі «остряктар» болыпты ғой)))))))))))))))
pari
соны айтамн, мен тек қазір болар деп жүрсеем өшіреді адамды
Jako
Әрине, ақыл бізден бастап тарады деп жүргендерге ауыр соққы екен…
pari
соны айтам,өте ауыр
dimash
Соңғы екеуі «и смех и грех»))
Azamat
Сөз тапқанға қолқа жоқ!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.