Тершеңдіктен қалай құтыламын?

Қызықты деректер /
Қазір жаз мезгілі.Күн өте ыстық.Біздің ауылда температура 40-қа жетіп тұр.Осындай ыстықта бәріміз де терлейміз.Және де бұл кімге де болсын жақпайды.Сол бәріміздің мазамызды алатын тер туралы біраз мәліметпен бөліскім келіп отыр.
Тер адамдардың жүйкесіне байланысты біреулерге көп, енді біреулерге аз бөлінеді.Тердің көп бөлінгенінен қауіптенудің қажеті жоқ.Онымен бірге денедегі зат алмасудан қалған керексіз заттар шығады.Негізі денсаулығы жақсы адамдардың денесінен тәулігіне бір литр тер бөлінуі керек.
Сау адамдар ыстық жерде жұмыс істегенде терлесе, туберкулезбен және жүйкесі ауыратындар терлегіш болып келеді.Терде зиянды микробтар кездеседі, олардың аз, не көп болуы тазалық сақтағанға байланысты.Көп терлейтіндер тазалықты сақтамаса,әр түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін.Сол себепті терлегіш адамдар жиі жуынуы керек.Тердің иісінен құтыламын деп тер сіңген киімге немесе денеге дезодарант,әтір себуден аулақ бол.Сондай-ақ, жиі терлейтіндер синтетикалық киім кимеуге тырысу керек.

15 пікір

dimash
Обой жабыстырған кездегі терлегенімді айтып жеткізе алмаспын…
Меніңше ақпарат аз сияқты, тер қалай бөлінетінің, не үшін кейбір адамдарда аз кейбір адамдарда көп бөлінетінің, пайдалы жағы мен зиянды жағын толығырақ жазсаңыз керемет пайдалы ақпараттар болар еді.
nurgazina
тер туралы бар білетінім осы болды.
Madi
дезодарант, антиперпирант сепкен дұрыс қой.
banzaika1990
Айтаберліктерді никтеріне қарап емес аватарына қарап танып үйреніп кетіппін. Үнемі сізді Нұрсүлтанмен шатастыра берем, және де сізді Нұрсұлтан екен деп орынсыз бір пікір жазып жібере жаздадым ғооой )))))))))))))
AKA
Нұрсұлтан екен деп орынсыз бір пікір жазып жібере жаздадым
Кіттәй бала деп тисе бермеңдериии, ол — өте сауатты бала, өзім жақсы көрем ниетін. :))
banzaika1990
Тиісу ойда жоқ, менікі сыйластық қалжың ғой
Madi
Мен өзім өте қатты тершеңмін.Қолым жәәәәмәәән терлейді.Не істеймін.
User
қолыңа дезодарант сеп дисің
qyrmyzy
Мына сөйлемді
Сау адамдар ыстық жерде жұмыс істегенде терлесе, туберкулезбен және жүйкесі ауыратындар терлегіш болып келеді
түсінбедім.
Терлейтін адамдар бірдене сепкені дұрыс, әйтпесе…
Madi
Әйтпесе… Рексонаның жарнамасындағыдай иіс шығады десең, ә.
alikona
иә, шын, сол жарнаманы көрсем құсқым кеп кетеді…
Madi
Тершеңдік сексуалды қарым -қатынасқа бірден бір үлкен кедергі
десем, ұятсыз, ойбаааай демеңдер.
qyrmyzy
әрине, біртүрлі ғой…
Karakulov
Мен мүлдем дезодорант, адеколон атаулыны қоланбаймын. Күнделікті жүгіремін, көп терлеймін. Д/ш-дан сабақ бергелі одан сайын… жиі душқа түсе беремін содан болар иіс мәселесі оңай шешіледі. Жігіттер, ұялмай бөлісе берейін, өзімізбіз ғо)) аяқтың иісі шыға берсе, мәселе тек қана нәскиде екенін ескертемін, аяқ киімнің, жиі қозғалыстың қатысы жоқ. Мен оқу жылы басында сол жағын бақылауға тиісті көңіл бөлмей «фан-фан тюльпан» боп кеткем, сосын 1-2 сабақ сайын нәски алмастыра бердім, тіпті аяғымды шайып та жатқаным аз болды. Нәтижесі зор болды — бір аптада иістң толықтай жеңіп кеттім. Қосарым осы әзірге…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.