Көшкен астаналар

Қызықты деректер /
Әрбір мемлекеттің өз астанасы бар. Алайда елордаларын басқа қалаға ауыстыру туралы бұйрық барлығына бірдей жазылмаса керек. Ал енді көшірген елдерге келер болсақ, Үндістан — демографиялық көрсеткіш жағынан әлемде екінші орынды алып отыр. 1911 жылы, сол кезде әмірін жүргізіп тұрған ағылшын үкіметі Үндістан астанасын Калькуттадан Делиге көшіреді. Демек Делидің астана атағын алғалы бері бір ғасырдан аса уақыт өтіпті.
Туркия – өзіміз сияқты түркі тілдес, мұсылман мемлекеті.
1923 жылғы 2 қазанда Мемлекеттің Ұлы Ұлттық Мәжілісі тәуелсіз Түркия республикасының құрылғанын жариялап, оның астанасы Ыстамбулдан Анкара қаласыны ауыстырылды.
Бразилия – біздің Қазақстан секілді жерге бай елдердің бірі. 1960 жылы жиырма бірінші сәуірде ел астанасы Рио-де-Жанейродан Бразилия қаласына көшті. Бұл мемлекет экономикалық күш қуаты жағынан дүние жүзінде сегізінші орын алады.
Пакистан – Оңтүстік Азиядағы ислам республикасы. Елордасы Исламабад. Қала 1960шы жылдары Карачиды алмастыратын қала ретінде салынып, кейінірек ел астанасына айналған.
Кезек 1997 жылы бізге де келіп жетті. Алматы Ақмолаға көшіп, қала аты Астана деп өзгертілді. Бұл жер географиялық тұрғыдан алғанда халықты басқаруға қолайлы орталықта орналасқан. Құрылғанына небәрі он бес жыл болғанымен, Астананың осы кезге дейінгі жеткен жетістігі өте зор. Бұл халық үшін де, ел үшін де үлкен мақтаныш. Жасай бер, жаса Астана…

0 пікір

Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!