Лондонда өтетін Жазғы Олимпиада ойындарының ресми әні болып Muse тобының Survival әні қабылданды.

Қызықты деректер /
Muse тобы, Survival әні
Халықаралық олимпиада комитетінің шешімімен Лондонда өтетін жазғы олимпиада ойындарының реми әні болып Рок стильінде ән айтатын Muse тобының Survival әні қабылданды. Survival сөзін қазақ тіліне аударғанда, "қалай да жеңу". Бұл әнді енді олимпиаданың барлық уақытында спортшылардың сайыс алаңына шыққанда және де әлем бойынша барлық телеарналардан осы ән көрсетілетін болады.

Бүгінгі таңда рок-әннің осы 100 жылдық танымалдары осы Muse тобы болып саналады. «Muse» рок-тобы 1994 жылы құрылған. Құрамында үш адам бар: жеке орындаушы және гитаршы — Мэтт Беллами, бас гитаршы — Крис Уолстенхолм, соғымпаз — Доминик Ховард. Muse тобы осы кезеңге дейін топ болып құралғалы бері бес мәрте MTV Europe Music Awards-ті және Q Awards-ты, сегіз мәрте – NME Awards-ті, екі мәрте BRIT awards-ты алған топ.

Бірақ қанша дегенмен Muse тобының әні Лондона-2012-нің ресми әні болып қабылданғандығы таң қаларлық жағдай болып тұрғаны. Естеріңізге сала кетейін, 2012 Жазғы Олимпиада ойындары Лондон қаласында 2012 жылдың 27 шілдесінде басталады. Жабылу салтанаты 12 тамаызда өтеді. Ал Лондан өз тарихында үшінші мәрте Олимпиада ойындарын өткізген қала ретінде мақтана алады. Алдыңғы ойындар Темзы жағалауында 1908 және 1948 дылдары өткізілген. Екі аптадан аса болатын жарыста спортшылар 31 түрлі спорттық жарысқа түсіп 302 жүлдені ойынға салады.

3 пікір

Kinostrov
Тым жәй сияқты
AKA
Рахмет, біле жүретін болдым, бірақ ән қатты ұнай қоймады.
MSHERIMBEK
Естімеген екем) Енді естем;)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.