Зейнолла ШҮКІРОВ "Жас жесір" повесті

Қызықты деректер /
Бірден ПЫСЫдан бастайын: "Әдеби кітаптар" деп блог ашу керек екен.
— Бүгін түскі ұйқы алдында бұрын да оқығар «Зейнолла Шүкіровтың „Жас жесір“ повестін оқып едім, соны сіздермен бөлісейін дегем. Оқып болған сон кітаптың басқы беттерін, яғни, көбіне оқи бермейтін кіріспесіне көз жүгірттім. Сонда сол повест жайлы өте жақсы жазылған екен. Кіріспесін жазған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шерияздан ЕЛЕУКЕНОВ. Өзім қысқаша мазмұндама жазғым келіп еді, бірақ кіріспе өте тамаша жазылыпты. Соны қысқартып жаздым, толық жазуға рұқсат бермеді…

Адамның рухани жаңаруы
Көркем әдебиет адамды тәрбиелеуге міндетті, бұл оның басты қасиеті екенінде дау жоқ. Бірақ, тәрбиелеуде өз әдісің болуы керек. Біздің ойымызша, өнер туындылары, мейлі ол роман, фильм, әңгіме, поэма болсын былай жүру, былай тұру керек деген сияқты белгілі бір мороальдік ережелерді қайталап қоймайы тиіс. Көркем туынды, ең алдымен адамды ойланып, толғануға үйретіп, оның рухын арттырып, әсемдікке қарай талпынуға міндетті.

З. Шүкіровтың „Жас жесір“ повесін оқыған кісі автордың айтқанына құр бас изеп қоя алмайды, ойланып толғанады. Кей жерде жазушымен таласқа түсуге дейін барады.
Бір қарағанда повестте онша талас тудыратын ештене жоқ та сияқты. Соғыстан кейінгі кезге тән таныс трагедиялардың бірі ғана. Жас келіншектің күйеуі майданда өлген. Жетім Анар жетім ұлы мен енесін амалсыз тастап, көз көрмеген, құлық естімеген белгісізге бет қояды. Ұзақ жүріп үйіне қайта оралады. Бірақ, пайыз таппай қайтадан тағы кетіп қалады. Үйден аалғаш кеткен семья мен өзінің арасында пайда болған салқындық сызы оның жүрегіне тиянақ таптырмайды. Енесі жас жесірдің жайын іштей ұғып түсініп, кешіреді де, бірақ келінін бұрынғыдай және жақсы көре алмайды. Ал ұлы Нұртай болса, әсіресе, Анардаң базарда кездескен сумақай еркектің сумандаған қолын қағып жібермегеніне қиналады.

Кіріспе тым ұзақ екен… Ары қарай өз сөздеріммен қысқаша жазсам...

Повест Анардың енесі мен ұлын тастап өз үйінен қашып бара жатқанымен басталады. Төрт жасар ұлы әдепкі күндері анасын іздеп әжесінен „жақсы жеңешем қайда?“ деп сұрай бастайды, оған әжесі баласының жүрегін жаралаудан қоқып „базарға кетті, ертең келеді, тәтті әкеледі“ деп алдаусыратқанымен кейде ашу үстінде „тастап кетті бізді, қашып кетті, жаман жеңеше ол“ деп айтып қалатын болды.
Төркініне келген Анар ол жерге симайды. Көп ұзамай Ермекбайды жолықтырады. Үйленемін деп құр уәде бергенімен басқа жас қызға үйленеді. Кейін Ермекбай екі баласымен қоса әлгі қызбен ажырасып тынады.

Жеті жасқа келген Нұртайға кітап алуға әжесі екеуі базарға аттанады. Әжесінен адасып қалған Нұртай дәл алдарында тұрған әйел мен еркекке көзі түеді. Қарқылдап күлген еркектен бұрын Нұртай екі көзі әлгі әйелде болады. Еркек қанша аймаласа да әлгі әйел күлімдеп тұра береді, иә, күлімдеп… Сол әдемі күлімдеу… Нұртай „жақсы жеңешесін“ таныда. Әжесінің айқайлап шақырған даусын естіп сол жаққа қарай жүгіре жөнеледі. Сол кезде ғана Анар оны таныды. Бірақ кеш қалады, олар ауылына қарай баратын жүк көліктердің біріне міңгесіп жүріп кетеді.
Анар кейінірек егде тартқан кісіге тоқалдыққа шығады. Сол үйдің отымен кіріп күлімен шықса да бәйбіше жақпай, көп ұзаман айрылысып тынады.
Араға үш жыл салып Анар үйіне оралғанымен енесі мен баласы оларды жатырқап қарсы алады.
Баласының мектепке кеткен уақытын пайдаланып Анар үйінен екінші рет кетуге бел буады.

Анардың үйінен бірінші рет кетуі мен екінші рет кетуінің арасында айырмашылықтары көп. Бірінші рет кетуінде Анар енесінің ет жүрегін тілімдеп, қашып кеткен болатын. Ол кезде ұлы да шешесін сағынып, күйзеліп жүрді. Анар тағы да үйін тастап кетіп қалады. Бірақ бұл жолы ұяттанөле жаздап, қиналмады.

Қысқашасы осы, повесте соғыстан кейінгі халықтың тұрмыс тіршілігін керемет сипаттаған.
П.С: шашыраңқы болды-ау димін… Керуен журе журе түзеледі демекші, ертен де тағы бір қызықты повестті жазамын. Келесінде түсінікті жазатын боламын, толық оқыған адамға үлкен рахметім!

12 пікір

Ais_97
Қызықты дерегіңізге рахмет, жақсы жазба +1!
AKA
Мәләдес, тағы да үндемей оқып кеттің демесін деп жазып отырмын. :) Түртіп алдым, неғылса… өзің блог ашып алып сала бер. Енді не түйдіңіз оқығаннан кейін?
dimash
Бұзық болмау керек екен…
Жазғаным өзіме де ұнамай қалды..(
Жалпы повест тамаша жазылған, бірақ мен дұрыс жеткізе алмадым(
AKA
И қойшы сондайды, жазып жүр, маған керек оқитын кітаптардың тізімі. :)
Korkem
Соғыс кезіндегі елдің жәйі туралы жазылған кітаптар өте көп. Көбіне ондай әңгіме, повестер мұңлы, яки бір үміт отын жылт еткізіп аяқталады. Ұнады, осындайларыңды көбірек жазшы.

Пы/сы: Рецензия блогы да осындай жазбаларға арналмап па еді?
dimash
бір үміт отын жылт еткізіп аяқталады

иәәә, бұл да солай болды, бірақ Анардың да кінәсі жоқ ғой, тек тағдыры сұрапыл соғыспен сәйкес келіп қалды. Өз баласының жатырқаған жерін оқып отырып бүртүрлі сезімде болдым(

Таба алмадым сол блогты, не көп, блог көп!
Zhassiko
Осындай өмірмен байланыстырылған повесттерді жақсы көремін, Димаш срошні блог ашшы, менің де жазатын повесттерім бар екен, грамматикалық қателіктер болмаса, алғашқысы болғасын былайша жақсы жеткізе алғасың
dimash
блогты калай ашатынын білсем осылай проблема создовать етпим го Жаси)
Сол басқалар да жазса екен дим, қалай жазу керек екенін уйренівалайын
qyrmyzy
оқу кеерк кітаптар саны көбейіп барады:) Осылай бөлісе отырыңыз. Рахмет:) Баланы аядым…
followme_alik
adkitap.aitaber.kz/blog/adkitap — Жарай ма ?..)
dimash
_Рахмет, болады :)
followme_alik
Зейнолла ағамыз риза болсын.
Ендеше сәттілік.Жаңа посттарыңды қуана күтеміз. Дерзай)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.