Араб қыздары олимпиядаға хиджаппен қатысады екен!

Қызықты деректер /
Маусымның 20-сы Сауд Арабиясы әйелдерінің олимпиадаға хиджаппен қатысатыны анықталды.

Саудия корольдігі бұл мәселені алты апта бойы талқылап, жарысқа хиджабпен ғана қатысуға рұқсат берген.

WP басылымы «Олимпиада хартиясының принциптері бойынша, жынысына байланысты адамды спорттан шеттету – дискриминация. Спортпен шұғылдану әр ​​адамның құқығы» деп жазады.

2000 жылғы Сидней олимпиадасына Ауғанстанның басым бөлігін бақылауда ұстаған Талибан әйелдерді жарысқа жібермеген еді. ХОК осыдан кейін Ауғанстан спортшыларын олимпиадаға қатыстырмау туралы шешім шығарған. WP дерегі бойынша, бұл жолы сол тәсілмен Сауд Арабиясы спортшыларын жарысқа қатыстырмау жайлы мәселе көтерілген.

«ТЕК ХИДЖАППЕН»

Саудия басшыларының BBC-ге берген сұхбатына қарағанда, әйелдердің жарысқа қатысу мәселесі билікте алты апта бойына қызу талқыланып барып шешілген.

Саудия королі Абдулла әйелдер құқығын кеңейтуді жақтамайды. Олар «Сауд Арабиясы қыздары жарысқа қатысқан күннің өзінде бет-әлпетін түгел жаппаса да, шаштарын жасырып тұратын хиджаб киіп шығады» деп мәлімдеген.

Автордың пікірінше, саудиялық басшылардың мәлімдемесі бұл елдің олимпиададан шеттетілуінен сақтап қалғанымен, проблеманы түбегейлі шешпеген. Автор дәлел ретінде Human Rights Watch ұйымының ақпан айында жасаған баяндамасын ұсынады.
​​
Бірақ Сауд Арабиясы бұған дейін ересектердің спорт жарыстарына әйелдерді жібермей, адам құқықтарына қатысты бұл қағидаларды елемей келген.

Маусымның 24-і Лондондағы Сауд Арабиясы елшілігі спортшы әйелдердің жарысқа Саудия олимпиада комитетінің бақылауымен ғана қатысатыны жайлы мәлімдеген.
Сілтемесі:http://www.alaman.kz/?p=35550 Хабардар бола отырыңыздар! Рахмет жақсылықта жүздесейік.

33 пікір

Qarabala_95
Oz basim riza boldim we!musilmandar osindai boladi nagiz musilmandar.
Jako
Хиджабына оранып жүріп қалай ойнар екен, біртүрлі шығар.
Manas
Нағыз мұсылмандар.Дінді өте берік ұстанады.Бұларға тек жеңіс тілеймін)
User
Нағыз мұсылмандар дегенің дұрыс емес.Еріккен мұсылмандар десе, пжлста
dimash
Хиджапты қазақ қыздарының кигенін мүлдем ұнатпаймын!
Біз араб емеспіз, қазақпыз. Ертедегі қазақтар да қыздарын олай тұмшалап өсірмеген, қайта қызды төрге отырғызса байлық келеді деп, төрге отырғызып, еркелетіп өсірген.
Орыс халқыны бұрыннан еліктеп келеміз, түркі халықтарына еліктеп латын әріптеріне көшкісі келетіндер жоқ емес, енді арабтарға еліктеп хиджап киетіндер тағы бар… БІЗ ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ
Manas
Ағасы-ау, еліктесе жақсы жағыннан елітеп жатырғо.Және құран бәріне бір, оны араб,қазақ деп бөлетіні жоқ."Қазақтарға жеңілдік бар демеген құранда" деген.Бұл жағдайды еліктеу деп айтудың еш мәні жоқ.Хиджапты өзім қолдаймын)
dimash
Әркімнің өзінің ойы бар ғой. Елестетіп көрші өзің, барлық қазақ қыздары көшеде хиджаппен жүр… Мүмкін айтқаным дұрыс та емес шығар, бірақ өзім хиджап туралы бұрыннан осы ойдамын, осы ойда қаламын да.
User
Манас сенің арабжүректі екендігіңдіңді посттарыңнан байқап едім.
Jako
Ешкімнен жиренудің, ешкімнен қашудың қажеттігі жоқ, біз өз салт-дістүрімізді өзіміз берік тұтынсақ, соны басқа халықтарға мойындата білсек қана қазақ боламыз.
Jako
Хиджапты мен де ұнатпаймын, хиджап кигендерге күдікпен қараймын.Құпия, жасыратын, қойнына тыққан бір сұмдықтары бар сияқты.
Manas
Көпті көрген, жастарға өнеге болатын ағамыз осылай айтқасын… ендіі
Jako
Манас балам мен қазақпын,

сондықтан қазақтық салт-дәстүрлерді құрмет тұтамын.

Егер араб болмасаң мұсылман болмайсың десе, түкіргенім бар.
Manas
Жарайды ағасы.Әркімнің өзінің ойы болады, сізбен де келісуге болады, не дегенменөмірден түйгеніңіз көпқо.Дін жайлы ұлы ғалымдардың арасында да қарама-қарсы пікірлер көп жүріп жатыр.Бұл бір үлкен мәселе.Сондықтан Айтабердің ережесіне қарсы шыққандай болмайық)
Jako
СЖ-дап болмаса «Айтаберде» дін туралы қозғауға тиым жоқ шығар.
User
Хиджаб нағыз уахабтардың киімі, уахабтарға бомбаны жасырудың ең күшті тәсілі.Терактті ұйымдастыратын, жихадқа апаратын осы қанпезер хиджаб киген, иегінде сақалы бар адамдар.!!!
Jako
Мен батыстық үрдісті, гендерлік саясатты, нудизмді қолдамаймын, менің білетінім,іздейтінім табиғи, еш әсіре боямасыз өз менталитетімізге сай киінетін, тәртіп ұстагнатын жастар.Ондайлар біздің жастарымызлдың басым көпшілігін құрайтынын мақтан етемін. Ал жалаңаш, немесе жартылай жалаңаш жүргендер менің халқымның үрдісіндегілер емес, ал хиджап кигендер олардан да көбейіп келеді, осы жағы қорқытады.
Manas
Мұсылман болғасын жерде, о дүниені де ойлап қойған дұрыс)
Jako
О дүниені ойлау үшін, алдымен бұл дүниені қарық қылып алуың керек.Қызыл тілмен жұмаққа өтіп кетемін деу далбаса.
Manas
бұл дүниені қарық қылып алуың керек
ал,қазақ жастары неге хиджап киеді деп ойлайсыз, арабтарға елітейді дейсіз бе?, ал арабтар не үшін киеді деп ойлайсыз?
Jako
Жоқ арабтарға еліктемейді, азғырушыларға алданады. Арабтарға еліктеудің де,қызығудың да түкке керегі жоқ, олар өздері де оны жақсы біледі.Араб әлемі іріген-шіріген әлем, олардан аларлық үлгі жоқ қазір.Бірақ сен араб пен исламды шатыстырма.
User
Себебі басқа діннің адамдары кигізген.Сол ұйымға кірдің и ты должен носить хиджаб.Жастарымыз осыны түсінбей жүр ғой.
dimash
ал арабтар не үшін киеді деп ойлайсыз?

Жеке ойым, арабтардың дін туралы түсінігі бойынша олар бұрыннан хиджап киген. Ал ертедегі қазақтар кимеген. Қазақтың ертедегі қай киносын қарасақ та қазақ қызын сәукеле, қамзол, көйлек киіп жүргенін көруге болады ғой. Арабтар не кисе о киссін! Братла беттеріне дейін жамылып тұншығып қалса да маған келеп кетер дәнене жоқ. Ал біз қазақпыз, сөзді көбейтіп кеттім бе тағы… Тоқ етерім: Салт-дәстүріміз бойынша қазақтар хиджап кимеген, бізге де кажеті жок!
Manas
Араб,қазақ деп бөлінетін несі бар.Бәріміздің атамыз-Адам Ата емес пе)құран да, шарихат бәрімізге бір.Пайғамбармыз Мұхаммед (с.а.у) бір хадисінде:«Араб-араб еместен жақсырақ емес, ал араб емес-арабтан жақсырақ емес, ақтың қарадан еш артықшылығы жоқ, ал қараның ақтан еш артықшылығы жоқ, тек қана ізгіліктерін де қана айырмашылық бар „деген.
Өзіңіз айтқандай бұл дүниеде қарық қылу үшін құран мен сүннетті берік ұстану керек.Бұл арабтарға еліте деген сөз емес.
AKA
Оооу, қойыңыздар енді, бәрібір әркім өз ойында қалады ғой. Дауласпай ғана, осы жерден тоқтайық, уа құрметті жамағат!
Manas
құп болады)
User
Хиджаб мүлдем дұрыс емес.Олимпиадаға қалай қатысады екен өздері.

Сүннетте хиджаб киілсін дегенді тауып биш маған.

Хиджаб араб дәстүрі.Әр халықтың өзіндік киім үлгілері болады.Сосын логикамен ойлашы, күн ыстық оған пысынан қолтықтары сасып жүргеннен не пайда??? оданша қазақтың стильді қыздары 100 есе артық.Арабтар самый сасық ел!!!
Manas
е,User сен қандай ақымақ едің, ойлау қабілетің осыған жетіп отырма.Жә,,,қойшы сенікі дұрыс)
айтпақшы сенің пікіріңді минустап отқан мен емес)
User
Хиджаб киілсін дегенді тауып берші маған.Менікі дұрыс шыныменде оған күмән келтірудің қажеті жоқ.
Manas
Юзер жекеге жазып жіберген аятты дұрыстап оқып шықта)ойлан)
User
Жеке жазғаныңа пікірлеп едім ғой.Сонда да осы жерге жаза кетейін жауабымды

Үстіне жамылғысын жапсын деген екен.Жамылғы яғни шүберек.Не кисе, де үстін жауып жүрсін деген мағынанда ХИДЖАБ емес әйтеуір.Ғалымдарыңның аузына сиейін хиджаб аяты делінбейді.Сүрең дұрыс бірақ ғалымдардың аяты ШАЛА!
AKA
Жарайсың Манас, міне азамат!!!
Qarabala_95
aaaaaaaaaaaaaaaaaaa basti auirtpanizdarw postka pikir jazu osilai meken magan salsa van zhiberer edim sizderge!artik bolsa kewirnizder awugo!xidjap islam dini!islam-bibitwilik!xidzhap kinder kimender ozderin bilinderw tek jurekterinde islam dini men musilmandik allaga tabinu tursa bolgani kaidagi jok kizdardin kimine sonwama xidjap duris allahtin jibergen prikazi patom soni bilip otsanizdar bolgani ex jaksi ne dep kettinizder
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.