Солақайлар мерекесі

Қызықты деректер /
«Машиналар және механихмдер» атты ғылыми-танымдық журналда Ольга Журавлеваның «Оңқайлар әлеміндегі солақайлар өмірі» тақырыбымен танымдық қызықты очеркі жарияланыпты.Шындығында 1984 жылдан бері 13-тамыз Халықаралық солақайлар күні ретінде аталып өтіледі екен.Бұл мереке бритапндық солақайлар клубының бастамасы бойынша қоршаған ортадағы соақайлардың жағдайларын қиындататын мәселелерді шешу үшін арнайы құрылыпты.Өйткені, оңқайларға қарағанда солақайлар түрлі қауіп-қатерлерге жиі ұшырайды.Бүгінде арнайы мамандар солақайлықтың қыр-сырын жан-жақты зерттеу үстінде.Ал психологтар солақайлар оңқай адамдарға қарағанда әлдеқайда орнықты, епті, пысық, талантты болатын көрінеді.Атақты Бонапарт, Уинстон Черчиль солақай болған екен.
Солақайлар туралы қызықты факт(Массагет.кз):
--Әлемдегі халықтың шамамен 10-12 пайызы солақайлар. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, әйел адамдардан гөрі жігіттер қауымы көп жағдайда солақай болып келеді екен.
--Әлемдегі халықтың шамамен 10-12 пайызы солақайлар. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, әйел адамдардан гөрі жігіттер қауымы көп жағдайда солақай болып келеді екен.
--Эскимостар солақай адамды сиқырға икемі бар адам деп біледі. Мароккода солақайларды s’ga, яғни, жын деп атайды. Солтүстік америкалықтар солақайларды жолы ашық адам ретінде бағалайды.
--Адам баласының 90 пайызы оңақай болса да, жан-жануарларда бұл икем тең бөлінген.
--Ғалымдардың айтуынша, солақайлар математика, архитектура секілді кеңістікке байланысты ғылымдарға икемдірек болады.
--Солақайлық ұрпаққа қанмен беріле береді.
--Солақай жандардың миының оң және сол бөліктерінің байланысы өте сапалы. Осының әсерінен олар тез ойлайтын, тез шешім қабылдайтын болып келеді.
--Әлемдегі 1 пайыз адам ғана екі қолымен бірдей икемде жұмыс істей береді.
--Сәбиді етпетімен жатқызғанда оңақайлар басын оңға бұрып жатса, солақайлар керісінше істейді немесе сол күйі жата береді екен.
--Әлемге әйгілі болған солақайлардың арасында Пол Маккартни, Билл Гейтс, Фидель Кастро, Генри Форд, Чарли Чаплин, Александр Великий, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Льюис Кэрролл, Юлий Цезарь, Моцарт, Бетховен, Ницше, Марк Твен, Прокофьев, Гете, Кафка секілді планета мақтаныштары бар.

33 пікір

banzaika1990
ураааа мерекелерімнің арасына тағы біреуі қосылды. Қуаныштымын. 13 тамыз күні бәрілеріңнен сыйлық күтемін))))))))))
--Әлемдегі 1 пайыз адам ғана екі қолымен бірдей икемде жұмыс істей береді.
— мен осы 1 пайыздың ішіне кіретін болғаным ғой )))))))))
nurgazina
онда келе жатқан мерекеңмен құттықтаймын!
alikona
оооооо! мына постыңа рахмет! мені де құттықтауға ұмытпаңыздар,әрине!))))
Manas
Солақайға самса жоқ))
alikona
и не? не дегің келіп тұр сонда?
Manas
ойбай)))болды, болды мереке құтты болсын)
alikona
ерте әлі мерекеге
Manas
соған қарағанда жыл сайын тойлайтын болдыңызғо))
alikona
солай болса ше?
m170785
мен солақаймын
alikona
Эскимостар солақай адамды сиқырға икемі бар адам деп біледі
Manas
көріпкелдегі бар демей ме))
m170785
түк сиқырлығым жоқ ))))
alikona
менде бар дедім ба не?
m170785
сөзге сөз құрап бір қалжыңдап қалсам, өйстіп шығатындарыңыз жаман ))))))
alikona
нестеватрм мен?
AKA
Ұрысқақ бокетіпсіздаЧы дейді
alikona
солақайлар математика, архитектура секілді кеңістікке байланысты ғылымдарға икемдірек болады.
ғалымдар сәл ғана қателесіпті да мен білетін солайқайлар математикаға нөөөл!
Manas
мен солақаймын)математиканы шашам, сәйкесті
alikona
онда мен білетіндердің ішіндегі жалғыз
математиканы шашатын
адам болдыңыз
Manas
бұхахха, ойнап айтам солақай емеспін)інім солақай)негізі сол қолмен істелген нәрселерді бәрі шайтанмен істеледі деп жатады)сондықттан солақай болмағаныма қатты қуанамын)
alikona
мен де солақай болғаныма еш өкінбеймін,
негізі сол қолмен істелген нәрселерді бәрі шайтанмен істеледі деп жатады
менің орныма шайтан жазып жүр екенғо))))
m170785
ееееей ана қолыңмен жазба, мына қолыңмен жааааз деп жүр, мына қолыңмен істеее деп жүр ғой сізге )))
alikona
, шынымен де шығар осы,1 класста апаларым оңақайға үйретуге тырысқан, бірақ шықпады… негізі сол қолдан оң қолға үйретілгендер бар деп естігем
AKA
Таяқтың көмегімен ғой сол, таяқтың.
alikona
хехе, маған ешқандай таяқ әсер еткен жоқ
followme_alik
Мейрамдарыңмен) _ енді Қос алақайлар мен Оң алақайлар мейрамын енгізу ғана қалды
User
Менде солақаймын)
Nursultan2002
Мені солақай деп ойлайды.Бірақ олар қателеседі!
alikona
кім ойлап жүрген?
Nursultan2002
alikona
енді ондай сұрақ қойып нең бар едренжіме әзілғо, ато қаз сені жақтап шығатындар толып кетет
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.