Көзге көрінбейтін көлік!!!

Қызықты деректер /
Алғашқы көліктер жарыққа келгеннен бері адам баласы оларды жетілдіріп келеді. Қозғалтқышын күшейтеді, сыртқы келбетін өзгертеді, ақылды терезелер мен миы бар тежегіштермен қаптайды. Ертеректе біз сіздерді «көздері» бар мерседеспен таныстырған болатынбыз. Бірақ адам баласының қиялында шек бар ма? Әрине, жоқ. Бұған дәлел ретінде Mercedes компаниясының жаңа шығарған «көзге көрінбейтін» көлігін айтуға болады. Бұны ең қызық технологияларға жатқызбасақ, еш болмайды.

Адам көзіне көрінбейтін әсерді жүзеге асыру үшін Mercedes-Benz-тің ақылгөйлері F-CELL сутегі технологиясын қолданған. «Мерседестегілер» көліктің жүргізуші жағын жарықдиодтарға толы алашалармен жабыстырып, темір тұлпардың қарама-қарсы жағына сандық бейнекамераны орналастырды. Камера жолаушы жақтағы көріністі түсіріп отырып, бейнені сол жарық шығарғыш диодтарға түсіріп отырған. Осындай қызықты технологияның арқасында «көзге көрінбейтін» көлік пайда болды.

Mercedes өз көлігін жарнамалау мақсатымен бейнеролик түсіруге де үлгеріпті. Жоғарыда айтылған көлік 2015 жылдан бастап өндіріске шықпақшы.

Бірақ, бұндай темір тұлпар жолда келеңсіз жағдай тудыра ма жоқ па оны 2015 жылы білетін боламыз,

4 пікір

Korkem
beko
Несі бар? Жаман емес иә? Жақсы сипатталып жазылған екен. Біршама уақыт пен еңбек кеткені көрініп тұр. Бұрынғысынанда асып түсіп тұр сипаттамасы. Сонымен бұны өшіру мен минустауға қарсымын. Бір рет болсын еңбегін бағалайықшы иа?
SteVen_S_Sanzhar
ой б3лмей калдым ренжимен
Jako
Құдай-ау, бұл сұмдықты көрмесек таптап кетпейма бізді,құмырсқа құсатып.Бррр-р-р…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.