Қалтаға сиып кететін тігін машинасы

Қызықты деректер /
Бүгінде Қытай соңғы технологиялардың отаны сияқты. Ол жақтан бүгінде аккумулятормен көрсететін теледидардың да, 100 долларлық компьютердің де, диспле­йіне қаламсаппен жазуға болатын қалта телефонының да түр-түрі әкелініп жатыр.

Енді Қытайдағы «Golden sfіke» аталатын фирма қалтаға салып жүруге болатын тігін машинасын шығарыпты. Оның көлемі кәдімгі қағаздарды бір-біріне қыстыратын степлерден сәл-ақ үлкен. Тү­рі де степлерге қатты ұқсайды. Шағын тігін машинасымен көшеде кетіп бара жатып та киіміңіздің жыртылған жерін тігіп ала аласыз. Сондай-ақ бұл тігін машинасымен екі-үш қабат маталарды, көрпешелер­дің ұзын тігістерін де зырылдатып тігіп тастауға болады. Әрі оған 40-шы жіпті қолданасыз.

Бұл тігін машинасының та­ғы бір артықшылығы, оның жіп салатын шөрнегі біреу-ақ. Инесі де өзге тігін машиналарының инесіндей қолға кіріп кететіндей қауіпті емес. Ол ісіңізді тігіп болғанда тігістегі жіпті өзі-ақ қиып тастайды.

Мінеки, көрші елде шыққан шағын ғана тігін машинасы осындай. Бізді елде де тұрмысқа ыңғайлы, артықшылықтары мол осындай заттар шығарылып жатса ғой, шіркін!

ЕСКЕРТУ: автор мен емес, авторы: С. БАЙБОСЫНОВ. ЗАМАНА газетінен алынды.

36 пікір

alikona
әәә мынаны өткен жылы көшеде отырып бір-екі жастар сатқан еді..500теңгеден,қап, дәл сол кезде ақшам болмай қалғаны-ай,құрбым сол жерде сатып алып еді,әлі жұмыс істеп тұр дит!
Korkem
Қайда сатылады, қандай жерлерде? Қайдан аламынииии
alikona
әлі де сатылатын болса бұлай өкініп отырмас ем, білмедім, бір-екі жас қыз бен жігіт сатып тұрды,«месныйлар» емес екені анық енд, басқа қаладан келген… пойыздан түсірген кезде ұрлап сататындар ма құдай білсін...әйтеуір заңсыз сатты
Korkem
Вай, тақырыбын көре сап елең еттім ғой, қай жерде бар?
Korkem
Түүү аптыр-ай, «жақсылық қылсаң бүтін қыл" деген, жазшиш, елге қашан келеді мына дзәт?
zhurttyn_balasy
Тойыңа қандай сыйлық алып апаратынымды таптым.
Korkem
Жұрттың баласын? Тойыма? О ноу!
maulen_fire
Білмеймін ғой...Өкініп тұрмын білмегенім үшін, кешіріңізші. -1 қоя көрмеңіз өтінем…
Korkem
пілустадым вайымдама. Не ғой, сенің жауабыңды мен көру үшін, яғни маған жауап жазылды деп хабарлама келу үшін, мен жазған пікірдің үстінде тұрган «жауап беру» батырмасын басып жаз. Сонда мен көретін боламын.
maulen_fire
ммм… РАхмет.Келесіде есімде болады…
Korkem
міне, енді тамаша болды!))))
followme_alik
"Әй, Епсіз Жігіт, үйіңнен қашық мекенде шпагаттық әрекетіңнен шалбарыңның ауын жыртып алдың ба?… ендеше, қалта тігін машинасы көмекке ©"

Сол үшін ғана арналған ғой дейм. Жалпы, тігетініне күмәнім бар… қалай бұл :/
alikona
рекламаңыз ӨРТейді
pari
керемет.Мынаны теледидарға жарнамаға шығарып жіверуге болады.Сөздеріне өщтім.Ауылдың балдарына айтылған-ау шамасы:) 0jcekflsv
Zhassiko
Мынау Епсіз жігіттерге жақсы болД..)) Дыырррр етіп тігіле ме екен, кім даусын естіген, немес степлер сияқты тыцк-тыцк ете ме??!!!
dimash
степлер сияқты ғой, жақсы тігеді. «Барлығы 500-ден» деген жерден көргенмін. Алған жоқпын бірақ, тек қызықтан көрдім де қойдым
ardak1996
неғой жамандағаным емес, маған мама алып берген сол куні сынып қалды. Онша емес сапасы Даусы шықпайды степлер сияқты
Zhassiko
Мына зат Шымкенттің базарына әлі келмеген сиякқты…
Araika
күшті екен, қолданып көргім келеді)
Chimaq
Lan Zhou dyng Koshelerinde 5 yuan gha satamyz dep aighailap jatatdy…
monti_1990
ия бұл қытайдың тігін машинасын мен алып көргем. қытайдың аты қытай емес пе? тіпті алуға кеңес бермес едім.дұрыс тікпейді. тіккен жерін сөгітіліп қала береді. өзіміздің машинкаға жетпейді. ал қатты алғыларыңыз келсе Алматыда тұратындарға айтарым барахолканың сыртында толып тұр.бағасы 500 тенге
ardak1996
Сапасыз. Сол күні-ақ бұзылды, сынды, қирады
davidoff
Я, осы аппараттың сапалысы болғанда, қыздарға жалынбай ақ қояр едік )))
Safi
Бұл өзі керемет құрал екен. Үйге алып келді, жіпті салып қойып тіге береді екенсің. Алдын үлкен тігін машинасын қолданатын едік қой, мынау алақаннан кішкентай нәрсе ғой. Бірақ бір жағынан екінші жағына бұрыла алмайсың матаны тігіп жатқанда.
pari
Түрі де степлерге қатты ұқсайды.
иә шыныменде қатты ұқсайды екен.Қыздарға жақсы дүние екен.
banzaika1990
бұл тігін мәшинесі өте икемді қыздарымызға болмаса, не нәрсені қиратып үйренген мендей «көсеу қолдар» бір басып опырып алар))))))) қолым үлкеееен екен деп ойлап қалмаңыздар, просто икемі жоқ саусақтырмның, кезінде биге бару керек па еді.........
AKA
Мен сыйға алғанмын негізі, 2 жыл боп қалды-ау шамасы. Үйде сол түртілмеген күйі тұр ғой. Ыңғайсыз, бірақ қалай пайдалану керектігі бәрі жазылған.
davidoff
сыйлап жібермедіңіз бе біреуге. Кәдеіне жарасын! 2 жылда біраз пайда көріп қалар еді, сіз де сауап ))
Korkem
ух, рас па?
AKA
Рас, рас, жоғарыдағы пікірді жазып отырғанымда қасымда еді, енді қайда екенін табу керек. Оншамес, рекомендемеймін.
Korkem
Қалтаға сиып кететін тігін машинасы
тақырыбы ӨРТ екен, енді байқадым
Соңғы өңделген уақыты:
Abylai
Жарты жыл дегенде енді жетті ма :))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.