Сүйіктіңізді жақсы білем деп ойлайсыз ба?

Қызықты деректер /
Біздің бәріміздің де сүйіктіміз бар, оның жан дүниесін түсіне алам деп ойлайсыз ба, сол жөнінде қысқаша жазба (әдейі Абылай үшін)


Тақырыбына қарап басқаша ойлап қалмаңдар, бұл жерде сүйкімді де, сүйікті өзіміз жақсы көретін үй жануарлары туралы болмақ. Аз ғана мысықтар жан-дүниесіне үңіліп көрсек:
Мысықтар неге үнемі өздерінің үсті-басын жалайды да жүреді?
Мысықтар үшін бұлай істеу тек қана тазалық үшін болмаса керек, өз дерінің психикасын қалыпта ұстау, туындаған агрессияны басу үшін керек екен (мысалы мысықтарды ондай әрекетінен айырса, неврозға шалдығып, тіпті кейде өліп кетеді екен)
Мысықтар кейде неге еденді немесе мебельдерді тырналап тастайды?
Жоқ бұл ешқандай тырнақтарын күту үшін емес, мысықтың тырнақтарының арасынан тек қана өзіне тән сұйықтық бөлінеді, барлық жануарлар сияқты өзінің территориясын белгілеп жүргені деп ұғыңыз. (бір кеңес бере кетейін, қатты бүлінетін жерлерге апельсин немесе лимон жаға салыңыз, бұл иістерге мысықтар ешқашан жоламайды)
Мысықтар неге әр жерге сүйкенеді де жүреді?
Алдында айтылған сияқты тап ол да сол себептен, оның құйрықтарында, денелерін де де тап жаңағы сияқты сұйықтық болады. (сіздің аяғыңызға келіп сүйкеніп кетті ме: «Мынау менікі басқа ешкім жоламаңдар» дегені)
Мысықтар неге мен сипағаннан кейін дереу жалана бастайды?
Жоқ ол сіз ойлағандай исіңізден құтылу үшін емес, керісінше сізді жақсы көргендіктен исіңіздің дәмі татып қарап кайфын жалғастыру үстінде.
Мысықтар неге кейде адамның бет аузын жалағысы келеді?
Бұл енді мысықтың анасынан көрген ең алғашқы сезімі (анасы ең бірінші жалап тазалайды), инстинкті түрде аналық сезіммен сізге күтім жасап жатырғаны деп ұғыңыз.
Мысықтар неге тәттіні ұнатпайды?
Себебі олар тәтті дәмді ажырата алмайды екен, олар тәтті жегенде ешқандай дәм сезіліп тұрмағасын жемейтін көрінеді. (біздің қыздарға берсе ғой сондайды (дискриминациядан аулақпын, жәй қалыптасқан пікірге қарап айтып жатқаным ғой)
Мысықтар неге аулаған тышқанын Сізге әкеліп береді немесе сіз көретін жерге қояды?
Мысығыңыз сізді өз-өзін асырай алмайтын, түкке қабілетсіз жануар ретінде сезініп, тамақтандырып, сізді аштықтан құтқару үшін (ойын емес, ғылыми дәлелденген факт, өзінің балалары үшін жасағаны тәрізді)
Соңғы мәлімет:
Мысықтар кейде неге ешкімге көрінбеуге тырысады?
Өз-өзін онша сезінбей тұрғаны (яғни бір жер ауырып) ол табиғатында жыртқыш аң ретінде инстинкті түрде оңай олжа болам деп жасырынатын көрінеді (жалғастырып бірдеңе жазайын деп отыр едім ұмытып қаппын, а ия ондай жағдайды байқасаңыз ветеринарға барғаныңыз дұрыс)
Р.S. Мына ақпараттарды қайдан алдың деп жүрмеңіздер танитын бір дос мысығым бар (өзі сөйлейді)

32 пікір

alikona
танитын бір дос мысығым бар (өзі сөйлейді)
мынаны түсінбедім? мысық сөйлейді ма?
Korkem
танитын бір дос мысығым бар (өзі сөйлейді)
муахахах
alikona
«Мынау менікі басқа ешкім жоламаңдар» дегені)
Менің аяғым тек қана мысығымдікі!!!)
Zhassiko
мысықтардың
курр, мурр
еткен дауыстары ұнайды, бірақ мысық асырамаймыз, оларға арнайы күтім қажет.
alikona
біздің үйде өткенде бір мысық болған, сіңлімнің айтқанын екі етпейтін, жат десе жатып тұр десе тұратын))содан не керек бір күні көршім сұрап алып кетті "үйде тышқан қаптап кетіп еді " деп,ішімнен ойлағам „бәрібір бір күн өтпей-ақ қайтып келеді“-деп,әлі жоқ(((
Ais_97
Абылай үшін арнайы дайындапсыз жарайсыз, Абылайдың өз мысығын жақсы көретінін білеміз, алдында қоянмен төбелестіріп қойып еді, көзі жанады екен мысығының қорқамын ))))
VVVWWW
Олардың көзі жанатыны біздің көзімізден 6 есе қараңғыда жақсы көреді, тіпті тас қараңғыда өзінің көзінің жарығымен жүре береді
banzaika1990
Дос мысығыңыз өзіңіз секілді қалжыңбас па? менімен таныстырыңызшы ааа)))))
Zhassiko
атастырса бола ма?
banzaika1990
өз мысығым жоқ, маған атастырам десеңіздер мейлілеріңіз))))))))))
VVVWWW
Дос мысығыңыз өзіңіз секілді қалжыңбас па?
Менің ең серьезный жазбаларымның бірі еді, негізі
banzaika1990
бұл басқа жазбаларыңыздан, пікірлеріңізден қалыптасқан пікір еді, дәл осы серезьный жазбаңызда айтуға орайы туып тұрғаны да. меніңше "Қалжыңбас" деген жағымды характеристика))))))
VVVWWW
Әрине өте жақсы характеристика, риза болып айтып жатырғаным ғой, рахмат
pari
арасынан тек қана өзіне тән сұйықтық бөлінеді
жаңағы сияқты сұйықтық болады
не қылған сұйықтық ?Қарау керек екен… Ақпаратқа рахмет,Қосуладым
VVVWWW
не қылған сұйықтық
«железа» дегенді өзімше аударғаным ғой
pari
м, түсінікті:)
dimash
Көршінің мысығын өткенде барғанда жұлмалап сипалап құшақтап алдым. Бір мысыққа деген сағынышымды бастым ау. Анау мысық ақырында менен қашты ғо.
pana
Абылай өзі түк жазбапты ғой, оның мысығы не деп комменттеді екен?!
qyrmyzy
Не ғо, мысыққа тамақ бергенде басына бір соғып беру керек дейді мысық асырайтындар…
alikona
иә мен де естігем, басынан түртіп бермесен тамақтың қадірін білмей,қожайынды сыйламайды дей ма…
Aknyet99
Алладан кейін мысықтан қорқам…
Nursultan2002
Біздің бәріміздің де сүйіктіміз бар

Келіспеймін!
alikona
ой айналып кетейін, сүйіктіміз дегенге міндетті түрде қызынның болуы емес қой, мысалы сүйікті күшігің немесе басқа бір… сүйікті нәрсеннің болмауы мүмкін емес))
AKA
Біздің бәріміздің де сүйіктіміз бар, оның жан дүниесін түсіне алам деп ойлайсыз ба, сол жөнінде қысқаша жазба (әдейі Абылай үшін)
Офф, не ойламадым десиш, Абылай?! Мысықтар жайлы болғаны ғана қуантты.
AKA
Мысықтар неге аулаған тышқанын Сізге әкеліп береді немесе сіз көретін жерге қояды?
Мұнысы қызық екен, мысық ұстап көрмеппіз, бірақ мысықтан қорқам. Өткенде түнде сәкіде ұйықтаватқанбыз, түн ортасында мысықтың "ұлыған" даусы естілді. Ешкім естімей-ақ қойсын, бірақ сондай жаман дауыс, ешқашан естімеп ем. Әрең дегенде ұйықтадым сол түні.
pana
кошачий концерт((( сұмдық қорқам содан
m170785
мысық атаулыны суқаным сүймейді
Abylai
Жалған, провокация, мынау мисық тұқымдыларға деген нағыз дискриминация ұжс
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.