Саусақтарымыз не үшін тырсылдайды?

Қызықты деректер /
Саусақтарымызда екі сүйектің қосылған жерінде байланыс капсуласы бар. Бұл капсуланың ішінде сүйектердің әрекет етуі барысында сол жерлерді майлайтын бір сұйықтық бар. Бұл сұйықтықтың оттегі, азот және көміртегі газдарынан құралған.

Денеміздің ең оңай тырсылдайтын буындары саусақтарымыз болып табылады. Саусақтарымыз керілген кезде буындар түзеліп, капсула да керіледі. Капсуланың ішіндегі сұйықтықтың қысымы азайып, газ көпіршіктері жарылады. Біздің құлағымызға естілетін міне осы дыбыстар. Жарылған көпіршіктер нәтижесінде газдар бұл сұйықтықтан бөлініп шығады және сұйықтық тағы да кеңейіп буындардың әрекет ету қабілетін арттырады.

Бір саусағыңызды бірнеше рет тырсылдата алмайсыз. Біраз уақыт күтуіңіз керек. Өйткені газ көпіршіктері сұйықтықтың ішінде тағы да түзілуі үшін біраз уақыт қажет болады.

15 пікір

pari
Бір қызығы.Мен бес саусағымның бас бармағын келесі қолымның бас бармағы және бас бармақтан кейінгі саусақ арқылы кезек-кезек тырсылдатамын:)))
alikona
ал мен қолымдікін де аяғымдікін де екіншіқолдың көмегінсіз сытырлата беремін))
pari
ондай жағдай менде де болады.әсіресе аяғымның 90 градус жасайтын жері арқылы сытырлатамын:)))
alikona
Бұл менің күнделікті әдетім, сонда бұл денсаулыққа пайдалы дегіңіз келіп тұр ма?мен аяғымдағы башпайларымды да сытырлатам...
pari
буындардың әрекет ету қабілетін арттырады.
иә пайдалы.Буын әрекеті, буын еттеріңіз мықты болып қалыптасады.
maulen_fire
Қолдарыңды қазірден сықырлатсаңдар, кемпір-шал болғанда қолдарың дір-дір етеді.))))))))))
Kinostrov
Істемеңдер қауіпті сарысу жиналып қалад
Sabions
менің саусақтарым көп тырсылдамайды, есесіне жауырыным тырсылдайд ")
mairosh
Сықырлатуды пайдал демес едім…
Ayala
қосылам, еш пайдасы жоқ тарізді...
qyrmyzy
ондай әдетім жоқ екен ше
AL-ASTER
Менің сол қолымның бас бармағы кішкентай кезімде сынған, сол саусақ қайтып қалыпты орнына келген. Бірақ дамылсы тапрсылдата беруге болад, бірақ мен оны тарсылдата бермеймін, зиян болуы мумкін ғой.
torpedaip
Есітуім бойынша тырсылдата берсе арасына сарысу жиналады екен, ол адамға зияндымыш!!!
Safi
Қызық екен. Бұрын білмеппін.
Ayala
казір тырсылдата берсе,үлкейгенде қолың дірілдеп жүреді дегенді естігем....
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.