Назарбаевтың Басты жетістігі бүгінгі Қазақстанның Қалыптасуы

Қызықты деректер /
Джонатан Айткен «Назарбаев және Қазақстан жасампаздығы» кітабының авторы.

Жорнал беттеріне берген сұхбаты.

Назарбаевтың өмірбаянын жазуға қызығушылық неден туындады?
Мен үнемі өзім көшбасшылық жанрында жазуға болатын тарихи тұлғаларды іздеп жүремін. Достарымның бірі маған Қазақстан президентіне көңіл бөлуді ұсынды. Ақпарат жинап бастағанда, Н.Назарбаевтың өмірбаяны бұрын бірде бір батыс тарихшысы назар салмаған қым қуыт драматизм мен тарихи оқиғаларға толы екенін ұқтым. Оның өмірі туралы білуге құлшына кірістім.

Дере көздерімен танысу мүмкіндігі қалай болды? Өзімен сөйлесе алдыңыз ба?
Онымен жалпы 23 сағат көлемінде бірнеше сұхбат жүргіздім. Президенттің өміріндегі оқиғаларға куә болған 70 астам замандастарымен әңгіме құрдым. Шамалған кентіндегі сыныптас достарынан бастап, М.Горбачев және Николай Рыжков сияқты КСРО Саяси Бюросының мүшелер әріптестерімен, К.Мәсімов, Қ.Тоқаев сынды мемлекеттік қайраткерлері бар. Олардың көмектерімен бейнесін сомдадым.

Қазақстан мен Назарбаевқа қатысты жобамен кіріскнде, ойыңызда стереотиптер болды ма, болса, кейін олар қалай өзгерді?
Қазақстан мен оның президенті жайлы ештеңе білмейтін едім. Әрине «Бораттың» ойдан шығарылған сандырақ екенін білдім. «Бұл әлі жас, тәжірибесіз және қарапайым ел» деп ойлағаным рас. Осы елдің бай мәдени мұрасын, жоғары білімді жастарын, қонақжайлығын және Астананың экзотикалық сәулетін көргенде таң қалдым. Ол қай жерде дүниеге келсе де, бәрібір ірі саяси көшбасшыға айналар еді. Өйткені ол таң қаларлық дарынға ие.

Маргарет Тэтчер мен Джон Мэйджордың үкіметтерінде жұмыс істегенсіз. Басқару стильін Назарбаевтың стильмен салыстыра аласыз ба?
М.Тэтчер мен Назарбаев өзіне сендіре алатын саясаткерлер, екеуі де көзқарастарын еркін жеткізеді. Дж.Мэйджор керісінше, жұмсақ, ырымшыл, ұсақ түйекке дейін қалт жібермейтін еңбекқор қайраткер еді. Қасиеттері Назарбаевқа да тән.

Назарбаев өзін экономикалық президентпін деп жиі айтады.Пікірмен келісесіз бе?
ОЛ жақсы экономикалық стратег. 2030ж дейін даму стратегиясы өте көреген және ақиқат іс шара. Ол Қазақстан 1992-93ж6 1998-99ж, 2008-09ж кезіккен қиын экономикалық дағдарыстан шығудың машықтарын көрсетті. Ол теңіз дауылы кезіндегі кемені басқара білетін көпті көрген штурман. Экономикалық президент екеніне келісемін.

Қазақстанның аймақтағы стратегиялық жағдайын ескеріп, Назарбаевтың халықаралық аренадағы қызметін қалай сипаттар едіңіз?
Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанның Ресеймен, Қытаймен келісілген мемлекеттік шекаралары болған жоқ, Каспийде мұнай өндіруге қатысты құқықтары айқындалмаған. Көрші елдердің көпшілігімен қарым қатынасы онша мұнша емес еді. Батыс елдері дербес мемлекет ретінде дамуына қатты күмәндады. Назарбаевтың дипломатиялық шеберлігінің арқасында қазір проблемалардың бәрін шешті.

Бірнеше жыл бұрын сіз Ричард Никсонның өмірбаянын жаздыңыз. Осы екі кітапты жазудың айырмашылығы бар ма?
Никсон мен Назарбаевтың ұқсастықтары бар,әсіресе халықаралық мәселелерді стратегиялық тұрғыдан көре білу дарыны ғажап. Екеуі де тамаша шешен, сирек кездесетін ойшылдар. Назарбаев кез келген жағдайда өзін ұстай біледі. Көпшіл жайдары адам. Никсон болса халықаралық дәрежедегі мемлекеттік қайраткер ретінде үлкен жетістіктерге жетсе де, ұстамды, тұйық. НАЗАРБАЕВТЫҢ БАСТЫ ЖЕТІСТІГІ БҮГІНГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.

Қазақстанмен қарым қатынасты қала жалғастыру ойыңызда бар?
Мен Қазақстанға ғашық болдым. Әлі талай келетініме сенімдімін. Құрылған халықаралық медициналық компаниялар үшін қызметтер көрсетемін. Ойым «20 жылдық тәуелсіздіктен кейін Қазақстанды ұғыну» деп аталатын екінші кітапты жазу. Жақында оны жазып бітіремін.

TENGRI ЖОРНАЛЫНАН

5 пікір

Abylai
Унсиз гана минустап кеткен сегиз колданушынын арасында мен де бармын. Лишьбыпикирлеу.
AKA
Мен де бармын!
m170785
Абеке бұғанда рахмет. Лишь бы пікірлеуге бола жазғаным жоқ, дұрыс түсінем
Jako
Менде минус қойдым, Мақсаттың постына емес,жазбаның мәніне.Маған шет елдіктер емес өз халқы мақтайтын президент ұнайды, неғұрлым шетелдіктер мақтаған сайын президент соғұрлым халқына нашар болып көрінеді.Шет елдіктер бостан — бос Колаларын да мақтамайды.Мына мақалды сәл өзгерткім келіп отыр, "Өзге елге жағынып сұлтан болып көрінгенше,өз халқыңа жақсылық жасап ұлтан болып көрінген дұрыс"-деп.
m170785
өте дұрыс аға
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.