Басы жоқ тауық Майк 1,5 жыл өмір сүрген.

Қызықты деректер /

Сәлем сайт қолданушылары. Біраз уақыт ойланып не жазарымды білмей, ақыры бір басынан айырылған тауық туралы жазуға шешім қабылдадым.
Бәріміз тауықтың басын кесіп тастасаңыз, бірден өліп қалмайтынын білетін шығармыз. Біраз уақыт жүреді, жүгіреді, содан кейін бірнеше минут немесе сағаттан соң барып өледі.
Бірақ Американың Колорадо штатынан шыққан, тарихта Майк деген есіммен қалған қораз басынан айырылған соң бір жарым жыл өмір сүрген. Таң қалудың қажеті жоқ. Бұл былай болған екен.
Күндердің бір күні, дәлірек айтсақ 1945 жылдың 10 қыркүйегінде Ллойд Олсен деген фермер өзінің өгей анасын түскі асқа шақырады. Асқа тауық қоймақшы болады. Сөйтіп таңдау Майк есімді қоразға түсіпті. Бұл тауықтардың арасындағы ең жасы және ең «свежийі» екен. Небәрі бес жарым айлық. Әлгі әйел бәрінен гөрі тауықтың мойнын жақсы көрсе керек, Ллойд тауықтың басын жақсылап кесіп, мойнын, миының түбірі мен бір құлағын қалдырады.

Содан біраз уақыт өтеді. Әлгі Майк өлгісі келмей ме, жүгіріп жүреді, басының жоқтығына қарамастан жем жеуге ұмтылады. Бәрі бәрібір өледі деп ойлайды. Бірақ тауық өлмейді. Фермер бұл тағдырдың маған берген сыйы шығар деп, Майкты асырап алады.
Оған өңеші арқылы тамақ, су береді. Жұта алмаса өзі тығады. Тамағын пипеткамен тазалап тұрады.
Осылай уақыт өте береді. Майк құлап қалмай жүгіріп үйренеді, тіпті айқайлап көрмекші болады.

Бұл керемет тауық туралы жаңалық көптеген штаттарға тарап кетеді. Бәрі бұл рас па, өтірік пе білгісі келеді. Көбісі тәжірибе жасап тексеріп көрмекші болады. Бірақ олардың сойған тауықтары 2 күннен артық өмір сүрмейді. Болмаған соң олар Ллойдқа барып оны өтірікші деп айтады.
Осылай көп уақыт өтеді. Бұны растау үшін Ллойд Солт Лейк Ситидегі Ютаның университетіне Майкты алып барады. Ғалымдар оны жақсылап зерттейді. Сөйтсе пышақ тауықтың мойнындағы ең үлкен вена тамырына тимеген екен. Және де миының бөлігі мен құлағы қалғандықтан ол өлмеген. Осының өзі тауықтың өмір сүруіне жағдай жасаған.
Осының бәрі өтірік емес екені анықталғанда Майк атақты болып кетеді. Барлығы оны көргісі келеді. Сондықтан Ллойд өзіндік турне ұйымдастырып, көптеген жерге барып Майктың қабілеттерін көрсетеді. Және сол үшін 25 центтен алады. Майк тіпті Гиннестің рекордтар кітабына кіреді. Оның өмірі 10000 долларға сақтандырылады. Өкінішке орай әлгі оқиғадан тура бір жарым жыл өткеннен кейін, яғни 1947 жылдың наурызында Финикстегі мотельде ауа жетпей қайтыс болады. Ллойд дәл уақытында Майктың тамағын тазалау үшін пипеткасын таппай қалады.

Майктың өлімінен кейін оған ескерткіш орнатылды және Фруита қаласында жыл сайын оған арналған фестиваль өтеді.

6 пікір

Korkem
Қызық екен))
beko
Иә, қызық екен!
Kinostrov
Менің өлмейтін Терминатор итім сияқты (5 атты,2 рет иттер талап тастад, ақыры машинаға қағылып өлді).
pana
1,5 жыл бассыз тауықпен ел аралап жүру… тауықта алиби бар тым болмаса, жоқ, түсіне алмаймын
Kuanysh
Мүмкін емес жағдай?
Safi
Хех, бұл болған оқиға ғой.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.