"Пастерленген сүт" жайлы аз-маз

Қызықты деректер /

Ауылдағы Әдебиет сабағынан берген Орынкүл апай түсіме соңғы кезде көп кіріп кеткен соң ұятты деп қолыма қара рүшкемді алдым бүгін. Әрі Садық деген жігіт те агентте менің Химия факультетінде оқитынымды естіген кезде «тұрмыстық химияға қызығам мен» деп «ДӘӘӘУ» намег тастады. Не керек, Орынкүл апайымның бір тоқсан берген білімі мен екі жыл бойы химияның өзім иіскеп үлгерген мұрнымдағы иісін ұштастырайын деп шештім…
Қазіргі мал дегенді тек кітап пен теледидардан арасында ғана көріп қоятын заманда оның сүті де таптыра бермейтінін бәріміз білеміз. Сол табиғи сүттің орнын қорапшалардағы «пастерленген» (Пастер ата тапқан ғой) сүт ауыстырғалы бері де біраз уақыт болды. Ауылдағы АПМДАР сол «пастерленген» сүтті жақтырмаса да, өзіме ұнайды дәмі. Мен енді сіздерге оның зияны жайлы емес, жасалуы мен кішкене артықшылықтары жайлы сөз қозғап кетейін.
Кәдімгі малдан сауып алынған сүтті пайдаланар алдында құрамындағы зиянды бактерияларды жою үшін міндетті түрде бір қайнатып алады. Бірақ сол сүт жылы жерде қап кетсе жылдам ашып кетеді. Себебі, оның құрамында бір қайнағанда жойыла қоймайтын «Стрептококкус лактис» сияқты бактериялар болады. Ол +30-35 градус температурада өсіп, жетіледі (айранда не үшін жылы жерде ұйытатынын түсінген боларсыздар). Ал, мына біз «жасанды» деп ойлайтын сүттің жасалу технологиясы өзгеше. Бұл сүтті жаңадан сауылған бойда 60-70 градус ыстықтықта 15-20 минут бойы қайнатады. Ол ұзақ қайнағаннан кейін дереу 5 градусқа дейін салқындатады. Сол кезде оның бір қайнағанда жойыла қоймайтын «Стрептококкус лактис», «алтын стафиллококк», "ішек туберкулезін қоздырушылар" сияқты кейбір термотөзгіш бактериялары температураның күрт өсіп, кенеттен төмендеуіне шыдамай өліп кетеді, өйткені осы процесс кезінде қысымның өзгеруі сүт құрамына айтарлықтай әсер етеді (таудың басындағы қардың еріген суы сол себепті таза болады, ол қыста өте төмен температурада қатып, жазда өте ыстықта ериді). Сүтті артық бактериялардан арылтқаннан кейін оны қорапқа құяды. Ал сүттің аузын ашқаннан кейін оған ауадан бактериялар енеді де сүттің бұзылуына әкеледі. Дегенмен, ол беті жабық күйінде қандай температурада болмасын ұзақ сақталуға қабілетті. Әрі оны өңдеген кезде қосымша денсаулыққа қажетті витаминдерді пайдаланады.
… Бұл мәліметтер гидрогазодинамика деген сабақтан берген ағайдың айтқандары мен өзімнің «Айналайын» сүтін шығаратын жерден практикадан өтпей қалған тәжірибемнің арқасында жинақталып отыр. Айтпақшы, мен оның зиянын білмеймін деп ескерткем. Жамандап жазбағаным үшін ренжімеңіздер.

3 пікір

pana
өте қызық екен! алғашқы жазбаңмен, жаным!
AKA
Біліп жүретін болдым, біз де осы пастерленген сүтті пайдаланамыз. Қолдың сүтін сатып алсаң сылдыр су сынды (су қосады), шәй шықпай қалады сосын.
makpal
«Айналайын» сүт зауыты менің мына жазбамды көрсе жұмысқа шақыратын шығар!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.