Ең қымбат ЖАРНАМА

Қызықты деректер /
Әлемдегі ең қымбат жарнама ролигі, біле білсеңіздер Голливудтағы орташа блокбастердің бюджетімен бірдей екен. Толықтыра айта кетейін

Николь Кидманды барлығыңыз танитынына күмәнім жоқ. Сол Николь Кидман иіссу туралы жарнамалық роликке түскен болатын, жарнаманың толық аты – Chanel №5. The Film. Режиссері кино саласында табысқа жеткен Бэз Лурманн.



Міне осы жарнамалық ролик, осы уақыттқа дейін, жарнама индустриясында ең қымбатқа түсірілген ролик болып есептеледі.

Ролик Австралиядағы Сидней қаласында түсірілген, бар-жоғы 5 күнге созылған түсіру жұмыстары.


11 миллион АҚШ доллары- бұл тек роликтің 1 минуттық құны. Ал ондағы минут бақандай 4 минут. Бұл деген сөз роликтің түсіру бюджеті 44 миллион АҚШ доллар. Николь Кидманда оз сыбағасын жақсылап алды, ол алғын қаржы бұл бизнестегі ең үлкен гонорар болып саналады.


Николь Кидман съемкаға түскені үшін 1 минутқа 1 000 000 $, жалпы гонорар 4 000 000 $.


жарнама


0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.