Уфологиялық жобалар

Қызықты деректер /
Бүгін біз азуын айға білеген АҚШ-тың көптеген құпия уфологиялық жобаларымен танысамыз.

1. Aquarius («Суқұйғыш») — беймәлім ұшқыш нысандарға қатысты барлық зерттеулерді реттейтін басты ұйым.
2. Blue Book («Көгілдір кітап») — жат планеталықтарға қатысты өткізілген кез-келген операциялар туралы ақпаратты жоққа шығару үшін құрылған қосымша жоба.
3. Cia/Nsc (ОББ/ҰҚК) — Жер бетінде пайда болған келімсектер, яғни жат планеталықтарға қатысты мәселелермен айналысу. Орталық Барлау Басқармасы бастапқыда Президент Жарлығымен тек қана осы мақсатта құрылған-ды. Ұлттық қауіпсіздік кеңесі — құпия қызметтердің жұмысын бақылау мақсатында құрылған.
4. Delta Forces (Дельта отрядтары) — жобаларды қорғау үшін арнайы дайындалған ерекше бөлімше.
5. Garnet («Гранат») — жат планеталықтардың адамзат эволюциясына әсерін анықтауға арналған зерттеу.
6. Groom Range (Грум Рэйнч) — Невада шөл даласында, шамамен Лас-Вегастың солтүстік-батыс бөлігінен жүз километр қашықтықта орналасқан ұшатын аппараттарды сынақтан өткізетін аудан. Бұл жерде сондай-ақ гравитациялық двигательдерге сынақтар жүргізіліп, өзге планеталық ұшатын аппараттар зерттеледі.
7. Guests («Қонақтар») — үш жат планеталықтан құралған топтың құпия атауы. Құпия топтың екінші атауы «ALFs» — өмірдің өзге түрі деп аталады. Бұлар 1949 жылдан бастап АҚШ үкіметінде «қонақта». Сол үштіктің біреуі әлі күнге дейін Лос-Аламостың тоңазытқыш камерасында сақтаулы деген де ақпар бар. Алғашында «қонақтар» үшеу емес, он алты болған. Кезінде он алты жат планеталықты АҚШ-қа он алты американдық офицердің орнына ауыстыру арқылы әкелген. Нәтижесінде он бес жат планеталық көз жұмған. Қонақтардың сөзіне қарағанда, жер бетіндегі барлық діндерді олар эволюцияны реттеу үшін ойлап шығарған.
8. Jason Scholars («Джейсонның оқушылары») — 1954 жылы президент Эйзенхауэрдің тікелей қолдауымен құрылған құпия қоғам. 1972 жылы бұл қоғамды сол кезде Орталық Барлау Басқармасының директоры қызметін атқарған А. У. Даллес, докторлар Збигнев Бжезинский мен Генри Киссинджер басқарған. Бұл ұйым MJ12-ге бағынады.
9. Luna (Ай) — «Аполло» астронавтары көзбен көріп кинопленкаға түсіріп алған келімсектердің Айдағы базасының құпия атауы. Бұл құпия базада тау жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, мұнда келімсектердің шылым тектес алып кемелері орналасқан. «Аполло», астронавтары түсірген суреттерде ай бетінде түрлі іздер қалдыратын Т әрпі тектес тау машиналарын, үлкен дөңгелек құрылыстарын, куполаларды көруге болады.
10. MJ12 — жедел басшылық құрамындағы құпия бақылау тобы. 1954 жылы президент Эйзенхауердің қолдауымен құрылған бұл құпия ұйым 32 адамнан тұрады. Ұйымды MJ12 деп аталатын он екі адамнан тұратын Кеңес басқарады. MJ12 жат планеталықтарға қатысты кез-келген жобаларға бағыт берумен айналысады. Бұл құпия бақылау топтың құрамы негізінен үкімет басында отырған жоғары шенді шенеуніктер мен ғалымдардан тұрады. Бақылаушы топты ОББ-ның директоры басқарады.
11. Majority — Жерде «қонақта» болған жат планеталықтарға қатысты барлық жобалар, арнаулы операциялар және олардың нәтижелерінің жалпы атауы.
12. Redlight («Қызыл түс») — жат планеталықтардан қалған кемелерді қайта қалпына келтіріп немесе қолға түскен ғарыштық кемелерді сынақтан өткізіп, ұшырумен айналысады. Кезінде бұл жоба Невада штатының Грум Лэйк базасындағы 51 аумақта жүзеге асырылған.
13. Sigma — жат планеталықтармен арадағы электронды байланысқа жауап береді. Бұл — жат планеталықтармен арада байланыс орнатуға жол ашқан тұла бойы тұңғыш жоба.
14. Sign («Белгі») — 1947 жылдың желтоқсанында құрамына ең таңдаулы ғалымдар енген арнаулы бөлім құрылды. «Белгі» деген құпия атауға ие болған бұл бөлім тікелей АҚШ-тың Әскери Әуе Күштерінің Барлау қызметінің басшысына бағынды. Бөлімнің басты міндеті беймәлім ұшқыш нысанның феноменін зерттеу болды. 1948 жылы «Белгі» жобасы «Grudge» болып қайта құрылды.
15. Snowbird («Ұшқыш құс») — бұл жатпланеталықтардың ғарыштық ұшу технологияларын жасап шығаратын жұмыстардың құпия атауы. Кезінде Лас-Вегастың солтүстік-батыс бөлігінен 100 км қашықтықта орналасқан асқан қырағылықпен қорғалатын Невада шөл даласындағы Грум Рейнч полигонында ең жаңа ұшқыш аппараттарды сынақтан өткізген. Сондай-ақ, бұл жерде өзге планеталық гравитациялы двигательдер мен ұшатын аппараттар да сынақтан өткізілген. Бұл жоба сондай-ақ, қоғам назарын беймәлім ұшқыш аппараттардан аударып әкетуге де пайдаланылды. Жобаның сәтті жүзеге асырылғаны сонша, көп жыл өтпестен «беймәлім ұшқыш аппараттарды көрдім» деген мәліметтер айтарлықтай азайып кетті.
16. «Джошуа» — бұл екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістерден басып алынған қару. Қарудың қуаты 2 км. қашықтықта тұрып, қалыңдығы 10 см қорғанды бұзуға жетеді. Джошуаны кезінде жат планеталықтардың ұшатын аппараттары мен сәулелік қаруларына қарсы қолдану жоспарланған.
Ақпарат мына сайттан алынды: ***

5 пікір

qyrmyzy
мына посттағы мәліметтерді маған білу міндет емес шығар, иа?
Azamat
ешкімде міндетті емес.
Nurzhan97
Осыны оқып алып, қара киімділерді күтіп отырмын ;)
followme_alik
Тоқылдатты ма есігіңді?
Azamat
Тоқылдатсада есінде жоқ болар…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.