ТИТАНИКТІҢ ТҮБІНЕ ЖЕТКЕН КҮПІРЛІК!

Қызықты деректер /
«Батпайтын кеме» деп айдар тағып, шашасына шаң жуытпаған Титаниктің ғұмыры бар болғаны бір ғана сапармен аяқталуы сыры неде? Өз ортасының озығы болған инженер ғалымдар неден қателесті? Оны айтпастан бұрын, кереметтігіне көз жүгіртсеңіздер.
Ұзындығы 269,1 биіктігі астыңғы бөренесінен мұржасының ұшар басына дейін 53,4, ені 28,19 метрге болатын кеменің бұрын көз көріп, құлақ естімегендей алып болды. Сапарға шыққан кезде суда кеме емес, бір, аумағы екі жарым футбол алаңын қамтыған 18 қабатты үй жүзіп бара жатқандай әсер болды. Қысқы бақ, кітапхана, мейрамхана, кішігірім барлар, бассейн, шаштараз, театр, Кішкене ғана шіркеу, теннис пен гольф алаңы, түрік моншасы жолаушыларға қызмет етті. Физикалық қасиеті де таңдай қақтырарлық еді. Қауттылығы 55 мың аттың күшіне тең болатын. Минутына 75 рет айналатын 3 қалақтың жылдамдықты 24 немесе 25 узелге жеткізетін болды. Жүк сыйымдылығы 46.328 тонна. Үш класты каюталар. 908 экипаэж мүшелерінің орындары. Кемені 29 қазандық пен 159 көмір ошақтары жұмыс істеді.
Кеме иесі «Уайт Стар Лайн» компаниясы Титаникті «батпайтын және ең қауіпсіз кеме» деп жарнамалады. Кемені баспасөз маслихаттарында аталмыш компания өкілдерінің бірі!«Мұны енді Құдайдың өзі де батыра алмайды» деп шаттанды. Күпір сөз көпшіліктің көңіліне келіп, әйтседе сапарға ешкім бөгет бола қойған жоқ. 1912ж 10 сәуірде кеме Ұлыбританияджан АҚШты бетке алып алғашқы әрі соңғы сапарына аттанды.
Кемеде 1316 жолаушы болса, оның 700 бостандық елінен бақыт іздеген кедейлер. Кеменің төменгі бөлігінде орналастырылды. Кемеде 981 экипаж мүшесі болды.
Төрт күн өткенде жолдың үштен екісін жүріп өтті. 14 сәуір күні сағат 9 Ньюфаундленд бағытында жүзіп бара жатқан Карония кемесінен алда мұз құрсауы бары жөнінде хабар келді. Артынша Балтик, Америка, Калифорниэн, Месаба, кемелеріде жіберіп, ескерту айтты.Жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан кеме ешқандай қауіпсіздік шараларын жасамай, бағытын өзгертпей, жүре берді.
Сағат түнгі 23:00де Калифорниэн кемесінен мұзтау құрсауында қалып қойғанын, алда мұзтаулар көп екендігін хабарламалар бірінен соң бірі келіп жатты. Бұған да құлақ аспаған кеме ажалына асыққандай алға ұмтылып кете берді. Титаник бұрынғысынша мұхит төсін тілгілеп, қаратүнекке жұтылып, жүйткіп отырды. Тура кеменің бағытында мұзтау (айсберг) пайда болғаны жөнінде бәріне дабыл қағылды. Қашықтық шамамен 450 метр болды. Кеме құрамы қауіпсіздік шарасын қолға алып, кеме бағытын өзгертуге тиіс болды. Кеш еді. Дабылдан кейін 39 секунд өткенде кеменің суасты бөлігі мұзға соқтығысып, ауыр дірілді бәрі сезді. Су өткізбейтін 16 бөліктің алтауы зақымданып, кеменің бүйіріне 100 метрге жуық жырық болды. «Батпайтын кеменің» 2 не 3 сағат өмірі қалды. Капитан Дж.Смит; "Қандайда апат болса 3 күн бойы жүзуін жалғастырады" деген кеменің 3 сағаты қалғанын сенгісі келмеді. Күні бойы ескертулерге құлақ аспағандығы осы болды. Томас Эндрюс кеменің құрылысын жүргізген, кеменің аман қалуы мүмкін еместігін ескерткен. Құтқару қайықтары да жеткіліксіз еді. Бұл кемшілік еді. Олар; Бұл ешқашан апатқа ұшырамайды, оған құтқару қайықтары қажеті шамалы деп атүсті қараған.
15 сәуір. Түн. Су толып, бата бастады. Аласапыран. Қайыққа талас. Алдымен әйелдер мен балалар құтқарылса, өз жанын ойлаған байларда таласып жатты. Кейбірі суға жа секіріп жатты. Су салқын еді кейбірі қатып, өліп жатты.
Сағат түнгі 02;05те құтқару соңғы қайығы жіберілді. 5 минуттан кейін соңғы радиотелеграфтан дабыл қағылды. Жауап болмады. Ол кезде екіге бөлініп, суға тұңғиықтың түбіне кеткен болатын. Алып кеме әлем тарихының бір бөлшегіне айналды. Алып кеменің алғашқы сапарларынан ақ апатқа ұшырауы кездейсоқ емес. "Құдайдың өзі батыра алмайды" деген кеменің бір ақ сәтте күлін көкке ұшырған Алла тағаланың адамзатқа жасаған кезекті ескертуі. Қанша жерден керемет болса да, орын алған бір ғана кемшілік кеменің күйруіне алып келді. Ол адамнан шыққан дүние.

7 пікір

Korkem
Ол адамнан шыққан дүние.
mairosh
Жүректі ауыртар бір оқиға ғой. Болмайтын бір бай адамның күпір сөзінен қаншама күнәсіз адамдар өмірден кетті. Олардың бар жазығы сол адамға сенуі шығар
m170785
өте аянышты
SteVen_S_Sanzhar
Керемет рахмет постыңаа
kozy
кәсіпқойлар титаникті жасаған. әуесқойлар Нұх кемесін жасаған.

иәәә, дұрыс айтасыз)))
konvict
Негізі ше, тура осыған байланысты басқа да версия бар. Суға батқан Титаник болмауы да мүмкін. Оны тура соған ұқсас басқа кемемен ауыстырған. Очм, аңызы көп оқиға ғой
m170785
мен де тура осыны естігем, Титаниктің екінші көшірмесі болған, әлде сол. Деректі фильм көргенмін
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.