Махаббат па, машақат па? 11 жастағы ғашық бала ұнатқан қызының есімін қолына тіліп жазыпты ...

Қызықты деректер /

Мынау жаңалықтан хабардарсыздар ма? Қызық оқып көрініздер…

Ақмола облысында жұмбақ қылмыс орын алды. Белгісіз біреулер 11 жасар балаға шабуыл жасап, оның қолына ұстараның жүзімен «Аружан» деген есімді жазған. Іске полицейлер араласқанда, оқиға күтпеген бағытқа өзгерді, деп хабарлайды 1tv.kz сайты.

Целиноград аудандық прокуратурасына баласының шабуылға ұшырағаны туралы ата-анасы шағымданған. Бұл жөнінде«Экспресс К» жазады. Олар «Континент» балалар лагерінен оралғанда ұлының қолына қыз есімінінің жазылғанын байқайды.

Бала түнде бетіне бетперде киген белгісіз біреулердің оған шабуыл жасап, қолына қыз есімін күштеп жазып кеткендігін айтып берген. Жасөспірім бұл оқиғаны шындыққа жанасатындай етіп баяндағаны соншалықты, оған тіпті полицейлер де сеніп қалған. «Қылмыстың» бетін жасөспірімдер ісі бойынша инспектор, педагог Ғазиз Аманжолов ашты. «Лагерьде бала бір қызды ұнатып қалыпты. Өзінің сезімін ол осы әдіспен білдірген, бөтелке сынығымен қолына қыздың атын жазған», — дейді Ғ.Аманжолов.

Үйге келгеннен кейін әкесінің ашуынан қорыққан бала түнгі шабуыл туралы оқиғаны ойлап тапқан. «Аружан» деген жазудың шын мәнінде қалай пайда болғанын білген ата-ана жас Ромеоны жазаламапты.

23 пікір

Ais_97
Бұл да бір қызықты деректердің бірі, бірақ қыздың есімін ұстараның жүзімен жазуы дұрыс емес енді!
mairosh
Бұл не чо бірде бір қызды яғни таныс қыз ғой көрдім. Ғашығының атың күйдіріп денесіне жазған. Сұмдық қой я?
AKA
Бұл енді жаңалықтардан алынған мәлімет болса керек. Бізге өзіңіз жазған, салған, пісірген, жасаған т.с.с дүниелер қажет және қызықты болар еді.
Ak123
Заман қайда кетіп барады....©
Korkem
Заман емес, бұрыннан бар нарсе…
Ak123
бірақ 11 жасар бала істегені сұмдық қой?!
Ak123
сіз де айтасыз…
abatai
жас баланы не деп жазғырасыңдар? жастықпенен істегені да. 11 жастағы бала емес, 21 жастағы жасөспірім жазса сұмдық болар еді…
rauan
Қарақшылар баланы қинап, күштеп қолына Аружан дегенді жазып кеткенге полицейлер сеніп қалған ба?
мухахахаха
qyrmyzy
Аружан қарамай қойса, сосын Аяулымдікін де жазу керек болады ғой. Сосын Аружан деген жазуды көрген Аяулым ашуланады, ық ық
maulen_fire
11 жас тым кіші сияқты… цц…
zhurttyn_balasy
11 жасымда тек қана бір махаббатым болды
Aidana90
Сұмдық па, сериалға деген құлдық па?
Бұл әлі сұрақ!!!
Көрген мен естігенді балайтын шындыққа,
Жастардың санасы бөлінген мыңдыққа
Ойнаған ойыны өлтіру, карсы шығу бәріне
Сондақтан Кыз атын жазуы түк емес тәніне

Кіп кішкентай жас ғашық!!! Сезім білдірудің қәте жолын таңдапсың-ау, сезімді сыймен, төзіммен, тұрақтылыпен дәлелдеп көрсету керек!!!
zhurttyn_balasy
жъіләдім
Aidana90
((((
Осындай әңгімелерді естісем не жыларымды, не балалыққа күлерімді білмей қаламын
didi0393
қазіргі балалар пысыққой. жалмаңдап ә десең мә дейтінненде асып түседі. ал полицей мырзалар тіптен кулкіңңді келтіреді екен ахахх
Manas
жалмаңдап ә десең мә дейтінненде
1 көзін қысып тісін ақситып тұрған смайликтің братшкасі
didi0393
нууууууууууууууу
didi0393
мхм несібар жақсы идеяяяяя
didi0393
идея айтканыныз жөн екен, біраққққққққққ ішетініңіз жаман боп тұрғаны
Manas
қолға жасбасақта енді-http://aitaber.kz/blog/counter-strike/2380.html
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.